«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет62/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі 
балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата 
алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де 
рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10 %-ыңца 
13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез 
байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен — шығамын + ур - несеп) 
баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және 
ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі 
тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде 
қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің 
әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе 
психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар 
сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды 
қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз 
әдіс. 
Энурезі бар балаларды 4 топқа бөлуге болады: 1. Емделмейтін, тәрбиесі 
дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Олардың несебінің тоқтамау себебі, көбінесе 
баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан болады. 2. Ұзақ сырқаттылар, бірақ 
дұрыс тәрбиелеп, тамақтандырып (сусынды аз ішкізіп) емдесе, басылатын сырқат, 
бұларда энурез жыныстық жетілу кезінде гормон түзілу қызметі реттелгеннен соң 
ұйқының терендігі жөнделіп, түнде несеп тоқтамауы жиі басылып кетеді. 3. Үнемі 


емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар. 4. Өте аз, анда-санда ғана 
энурез байқалатын балалар тобы. Энурез қыздардан гөрі ер балаларда жиірек 
байқалады. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (мысалы, тері ауруының, ішек 
құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. Сол сияқты, бүл ауру 
кейде жыныс мүшелерінің жағдайына байланысты туады, сондықтан балаларды 
жыныс мүшелерін таза ұстауға әдеттендіру керек. Әсіресе қыз балалардың жыныс 
мүшелерін жылы сумен жиі жуып, тазартып отырған абзал.Түнде несептің еріксіз 
шығуына жатар алдында сүйықты көп ішу де себеп болады. Ауруды емдеу арнайы 
диетаны ұстануға негізделеді. Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін 
қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ (ет, жұмыртқа, май) 
ұсынылады немесе, керісінше, ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде 
жатарда тұзды су беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет