Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#77382
  1   2


ҚАЗАҚ ТІЛІ
Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты 
таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.  
 
1. Oрфографиялық нормаға сай жазылған сӛз 
A) ташшарған 
B) сӛзсіз 
C) кӛзғарас 
D) кӛмбеді 
2. Kӛп мағыналы сӛз қатысқан сӛйлем 
A) Ақадырда ойын-сауық кеш басталды.
B) Дәркен жиналыстың аяғына таман сӛз алды.
C) Ақан домбырасын қағып-қағып жіберді.
D) Әли қалам мен қағазын қолына алды.
3. Eкі сӛздің бірігуінен жасалған сӛздер 
A) аң-таң, беті-қолы 
B) сәттілік, жоқшылық 
C) бірнеше, таңертең 
D) етікші, ісмер 
4. Cатылай қабысу арқылы жасалған тіркес 
A) үш қабат үй 
B) аяулы жан 
C) мӛлдір таза ауа 
D) екеуі кездесті 
5. Берілген сӛйлемдегі үтір, сызықшаның қойылуына тән нұсқа 
Yйлену оңай, – үй болу қиын.
A) автор сӛзі болғандықтан 
B) бастауыш болғандықтан 
C) диалогқа қатысушы сӛзі болғандықтан 
D) қарама-қарсы мәнде айтылғандықтан 
6. Kейінді ықпалы бар сӛз тіркесі 
A) ұлттық сана 
B) бас киім 
C) сӛнбес сезім 
D) боз құнан 
7. Әдемілік тақырыбына сай келетін мақал-мәтел 
A) Қыз ӛссе – елдің кӛркі, гүл ӛссе – жердің кӛркі.
B) Қызы бар үйдің иті жатпас.
C) Қыздың ӛзі үйде, қылығы түзде.
D) Қыздың қырық жаны бар.


8. Зат есімнен жасалған сын есім 
A) табыскер 
B) кӛшпелі 
C) жасанды 
D) қонымды 
9. Mатаса байланысқан сӛз тіркесі 
A) екі жолаушы 
B) торы жолақты 
C) дала қоңырауы 
D) жаңбыр жауды 
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сӛйлем 
A) Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық тыңайтқышсыз-ақ ӛсуге тиісті 
деп ойлайды (бұрын ӛсуші еді ғой); екеуі тағы да айқайласып қалады.
B) Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық тыңайтқышсыз-ақ ӛсуге тиісті 
деп ойлайды (бұрын ӛсуші еді ғой), екеуі тағы да айқайласып қалады.
C) Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық тыңайтқышсыз-ақ ӛсуге тиісті 
деп ойлайды (бұрын ӛсуші еді ғой): екеуі тағы да айқайласып қалады.
D) Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық тыңайтқышсыз-ақ ӛсуге тиісті 
деп ойлайды, (бұрын ӛсуші еді ғой) екеуі тағы да айқайласып қалады.
11. Oрфографиялық нормаға сай жазылған сӛз 
A) оқыйды 
B) кӛрігі 
C) қиады 
D) тоқыйды 
12. Tұрақты тіркес қатысқан сӛйлем 
A) Түнімен тұла бойы күйіп-жанып, кӛрер таңды кӛзбен атырды.
B) Жолға тӛрт қонып, шаршағанда алыстан ауылдың түтіні кӛрінді.
C) Жолдастары бір атқа мінгесіп кетті.
D) Осындай ӛжет жастарды Есеней қатты ұнататын еді.
13. Tіркесу арқылы жасалған үстеулер 
A) түлкідейін, күні кеше 
B) бұрын, бұрынырақ 
C) ауызба-ауыз, ақшалай 
D) күні ертең, таң ата 
14. Жанама толықтауыш қызметіндегі сӛйлем 
A) Мұндай қорлықты кӛрмеген қасқыр жанталасып тулап жатыр.
B) Шіріген тақтайдан жасалған есіктің жақтаулары желге тӛтеп бере 
алмады.
C) Қоянды қамыс ӛлтіреді, жігітті намыс ӛлтіреді.
D) Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын.
15. Tыныс белгісі қабаттасып қойылатын сӛйлем 
A) Осындай да ашкӛздік бола ма екен 
B) Ғайниза жеңгей, қайдасың сүйінші! Сүйінші 
C) Қандай айғақ таптыңыз 
D) Енді Қоспанды қашан кӛреміз десеңші 


16. Болашақтың бастауы бүгіннен. 
Берілген сӛйлемдегі баяндауыштың жасалу жолы 
A) Үстеу сӛзден 
B) Зат есімнен 
C) Еліктеуіш сӛзден 
D) Есімдіктен 
17. Aуыспалы мағынада қолданылған сӛйлем 
A) Бибігүл қоңыр дауысымен тыңдаушыларын баурап алды.
B) Асыққанда қоңыраудың соғылуы ұзап кеткендей.
C) Қоңыр кӛйлек киген қыз қӛз алдынан кетпей қойды.
D) Кӛлден ұшқан қоңыр қаздарға қызыға қарады.
18. Ырықсыз етісі бар сӛйлем 
A) Алғашқы жарыс ұйымдастырылды.
B) Таң атқанша тарандық.
C) Ол бәрінен жылдамырақ киінді.
D) Сыныптасы эссе жұмысын жазысты.
19. Tӛл сӛздің тыныс белгісі дұрыс қойылған сӛйлем 
A) Артықбай «Байлық – бір жұттық, батыр – бір оқтық» деген сӛз бар деп 
Есенейге қарады.
B) Артықбай: «Байлық – бір жұттық, батыр – бір оқтық» деген сӛз бар, - деп 
Есенейге қарады.
C) Артықбай: - Байлық – бір жұттық, батыр – бір оқтық, деген сӛз бар деп 
Есенейге қарады.
D) – Артықбай «Байлық – бір жұттық, батыр – бір оқтық» деген сӛз бар деп - 
Есенейге қарады.
20. Жалғаулықты ыңғайлас салалас құрмалас сӛйлем 
A) Қоңырау соғылды, Жанар мұғалім сабақты бастап кетті.
B) Салт аттылар ӛтіп кетті, бірақ Әбдірахман қарайлап ұзақ тұрды.
C) Сіздің қолыңыз босай қоймас және бұл іс қолыңыздан келмес.
D) Сен дайын ереже ұсынасың, мен оны орындаймын.


Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс 
жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті
мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. 
 
1. Ӛткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап газеттің болашағы 
журналистер қауымының алдына үлкен сұрау белгісін қойды. Газет тек қана 
жазуды тарататын құрал емес, үлкен бизнес түріне жатады. Ғаламдық 
экономикалық дағдарыс бұл кӛзқарастың шындық екенін дәлелдей түсуде. 
Ӛзін-ӛзі қаржыландырып, дамудың бірыңғай жолына түсіп алу нарықтық 
заманның заңдылығы. 
2. Мәселенің ең үлкені газеттің тиражы екені сӛзсіз. Тиражы неғұрлым 
кӛп болса – ӛмір сүруге кепілдік сол. Газеттің ӛткен тарихында ауыз толыра 
айтатын сӛз жетерлік. 
3. Халқымыздың саны артты дейміз. Солардың арасынан әдебиетке құлақ 
түріп, қызығатыны аз деп айтсақ, адам бойындағы ең асыл қасиет – 
гуманизмнің орны немен ауысып барады деген ой тумай ма? Жоғалған бос 
кеңістіктің орнын міндетті түрде басқа бір құндылық жайлайды. Жаңа дәуір 
адамдарының ӛміріндегі ол құндылық бүгінде ғаламтор желісі болып отыр. 
Ғаламтор – аты айтып тұрғандай, техникалық мүмкіндігі орасан зор әлемдік 
желі. Ғаламторда іздеген барлық ақпаратыңды таба аласың, дегенмен «ол 
рухани құндылықтың орнын баса ала ма?» деген ой туындайды. Бүкіләлемдік 
кеңістікті жаулаған ғаламтор желісін әлем халықтары бірдей пайдалануда. 
Оның адамға қаншама ғасырдан бері рухани азық беріп келе жатқан кітап, 
газет-журналдардың орнын баса алмайтынын сол желіні белсенді 
қолданушылардың ӛзі айтып жатыр емес пе? 
4. Газеттердің де сайты ашылды, бірақ оқырмандарының қайсысы қай 
бағытқа жақын, қай оқырман қандай айдарды оқығанды ұнататынын нақты 
айқындап отыратын әлеуметтік зерттеу жоқ екендігі де газет болашағына әсер 
етіп отырған түйткілді мәселелердің бірі екені даусыз. Кезінде Мұстафа Шоқай 
«Яш Түркістан» журналы арқылы түркі тілді қандастардың басын қосуға 
тырысты емес пе? Сол кезде «Яш Түркістан» редакциясына келген толассыз 
хаттарды Мұстафа Шоқайдың ӛз мақаласына арқау етіп, үлкен мақтанышпен 
жазғаны бар. 
5. Баспасӛз – халықты рухани жағынан байыта отырып, үзіліп қалған 
байланыстарды жалғайтын, ел мен елдің арасындағы достық қарым-қатынасты 
орнатудың кепілі әрі жаршысы. Оны бүгінгі дамыған ғаламтор желісімен 
салыстыра алмаймыз, себебі ғаламторда ұлттық немесе этикалық сүзгінің 
болмайтыны ақиқат.
21. Mәтінде риторикалық сұрақ қолданылған азатжолдар қатары 
A) 3,4 
B) 2,5 
C) 1,3 
D) 5,4 


22. Yшінші азатжолға сай ақпарат 
A) Барлық мәселе адамның ӛзінде 
B) Ғаламтор – мүмкіндігі зор әлемдік желі.
C) Ғаламтордың адамға әсері тӛмен.
D) Түйткілді мәселелер шешілген 
23. Газеттің таралуына кері әсер беретін фактор 
A) Сапасыз кітаптың шығуы 
B) Газеттің аз тиражы 
C) Қаржының аз бӛлінбеуі 
D) Журналдың аз шығарылуы 
24. Mәтінде автордың қолданған тілдік оралымдары 
A) Фразеологизм сӛздер 
B) Мақал-мәтелдер 
C) Тұрақты тіркестер 
D) Экспрессивті-эмоционалды сӛздер 
25. Mәтінде кӛтерілген негізгі ойды ашатын сӛйлем 
A) Газет тек қана жазуды тарататын құрал, үлкен бизнес түріне жатады, 
ғаламдық экономикалық дағдарыс бұл кӛзқарастың шындық екенін 
дәлелдей түсуде.
B) Баспасӛз – халықты рухани жағынан байыта отырып, үзіліп қалған 
байланыстарды жалғайтын, ел мен елдің арасындағы достық қарым-
қатынасты орнатудың кепілі әрі жаршысы.
C) Жоғалған бос кеңістіктің орнын міндетті түрде басқа бір құндылық 
жайлайды, жаңа дәуір адамдарының ӛміріндегі ол құндылық бүгінде 
ғаламтор желісі болып отыр.
D) Ғаламтор – аты айтып тұрғандай, техникалық мүмкіндігі орасан зор 
әлемдік желі. Ғаламторда іздеген барлық ақпаратыңды таба аласың.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет