Сызықтарды бағдарлау. Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы



бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі355,5 Kb.
#124313
  1   2

Дәріс 4


Сызықтарды бағдарлау.
Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы

Жер бетінде орналасқан заттарды, сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау. Негізгі бағыт пен сызықтың бағытының арасындағы горизонталь бұрышты бағыттау бұрышы деп атайды.


Бағдарлау кезінде тұрақты бағыт болып географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ осьтік меридиан (Х осі) немесе оған параллель сызықтар да алынады.
Жергілікті жердегі заттарды компас не буссоль арқылы да анықтауға болады. Географиялық меридианның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті жердегі немесе картадағы горизонталь бұрышты географиялық (шын, нақты) азимут деп атайды. Ал азимутты арабшадан аударғанда бағытты білдіреді.
Мысалы, егер бір зат біздің солтүстік шығыс жағымызла тұрса, онда азимут 00 -тан 900 –қа дейінгі, ал оңтүстік шығысымызда орналасса 900 –тан 1800 –қа дейінгі аралықта болады.
Магниттік меридианның солтүстік басынан сағат тілінің бағытымен берілген сызыққа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты магниттік азимут деп атайды. Магниттік азимут географиялық азимут сияқты 00 –тан 3600 –қа дейін өзгереді.
Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ, онда меридиан негізгі (географиялық), ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ магниттік меридиан болып табылады. Осыған сәйкес өлшенетін азимут та негізгі және магниттік болып бөлінеді (сурет 4.1).



Сурет 4.1

Әр нүктенің магниттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді. Олардың арасындағы бұрыш магнит стрелкасының бұрылу (магнит тілінің ауытқу) бұрышы δ деп аталады. Егер стрелканың солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, бұрылу бұрышы - δ шығыстық, батысқа қарай бұрылса, батыстық бұрылу – δ болады. Шығыстық бұрылу - оң, батыстық бұрылу - теріс болады (сурет 4.2).



Сурет 4.2

Егер δ шамасын білсек, онда магниттік азимуттан негізгі азимутқа мына формула арқылы көшуге болады:


Анақ= Амаг+ δ (4.1)


Геодезияда жер бетіндегі сызықтардың тура және кері бағытын анықтайды. Мысалы, сурет 8 К және L нүктелерін қосатын KL сызығының азимуты А-тура болады да, ал LK сызығының азимуты А-кері болады.


Жердің пішіні сфера тәрізді болғандықтан әртүрлі нүктелердің үстінен өтетін меридиандар бір-біріне параллель болмайды. Сондықтан сызықтың әр нүктесіндегі азимуттар бірдей емес. Екі нүктеден өтетін меридиандардың арасындағы бұрышты меридиандардың жақындасу бұрышы деп атайды. Оны γ әрпімен белгілейді (сурет 4.3). Суретте көрсетілген сызықтың тура және кері азимуттарының арасындағы байланыс келесі түрде болады:

Атуракері 180+ γ


* * *


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет