Смағұл елубай “Мінәжат”



Дата27.11.2023
өлшемі378,12 Kb.
#130117
түріСценарий

Смағұл елубай “Мінәжат”

Ең алғашқы өлеңі "Ойсыл-Қара" (1972)

Ең алғашқы фильм сценарийі "Қызыл отау" (1982);

Смағұл Елубай «Ақ боз үй» роман –трилогия I. «Ақ боз үй» II . «Мінәжат» III. «Жалған дүние» деп аталатын үш бөліктен тұратын роман желісі 

Идея: Халыққа төнген қиын шақ,Сталиндік қуғын-сүргін жылдарын, әділетсіздікті суреттейді.

Авторлық ұстаным: халықты ояту

Көңіл-күй: наздану,күйіну,сағыну

ПЕЙЗАЖ

1. Бесінге еңкейген қиғаш күн сәулесі сынаптай жылтылдап, ұзарып солған алтын шашақ қуалап, тынымсыз сырғанайды. Толқынды толқын қуалап тегіс алқап бетінде күміс ағын жүгіреді. Ақ көде,боз бидайық ақ жайқын теңіз бетіндей толықсиды.

2. Дала кең. Мезгіл сәске түс. Қалай қарасаң да жай созылған сахара. Ауа шыныдай мөлдір,таза. Аспан жайқын,зеңгір биік. Күн ашық,жалтыр. Ыстық емес. Жұмсақ, жайлы қоңыр күз.

3. Сырт тастай қараңғы.Аспанды қымтаған бұлт. Жұлдыз көрінбейді. Жаңбыр иісі бар.Болмашы дымқыл бүркіп тұр. Көктем иісі, бүр жарған қышқылтым жусан иісі танауды жарады.

ПОРТЕТ

  • 1.Хансұлудың портреті.
  • Ұстінде ұзын етек ескілеу қызыл көйлек. Ескі қырмызы қамзол.Басында да көнетоз,кірсіз, кестелі ақ жаулық.Сопақша ашаң жүзді,сұлу сұрша кескіні.

    2. Сұрша жүзді, сұңғыла сұлу. Қарлығаштың қанатындай дірілдеген қиғаш қас.Тұнық,қара нәркез көз.Қайы-қы кірпік,алма мойын,омырауы толық,құмырсқа бел

    3. Сүржекейдің портреті.

    Бет-аузы көнектей ісік, басы қалтылдаған, кембағал жан.

    4. Хансұлу портреті.

    Сопақша келген әсем кескіні. Арық, сылыңғыр қараторы, үлбіреген келіншек.

    5.Шалдың портреті.

    Үстінде ескі боз шапаны бар, ақ бурыл сақалды, басын ақ шүберекпен таңып алған орта бойлы шал кісі.Қолында ақ таяғы.Сұлу өңді,тақуа кейіпті.

    6.Шегенің портреті.

    Жүдеу,арық.Сақал-шашы өсіп кеткен.Үстінде-көнетоз пиджак,шалбар. Аяғында-сірісі жырық, қисық табан етік.Басында біреуден қалған ескі кепкі.

АСҚАҚТЫҚ

Тұщыбұлақты асқақтатып тұр

Жан-жағын көк шөп көмкерген қазан шұңқырда көздің жасындай мөлдіреп тұнған бастау. Тіс жарғандай салқын екен. Бұндай ғажайып суды, Тұщыбұлақ суындай ғажайып суды еш жерде, ешқашан ішпеген екен Шеге.

ҚҰЛДЫРАУ

  • 1. Өзін-өзі аяды. Дүниедегі ең бақытсыз жан екеніне көзі жетті. Көзінен пора-пора жасы ақты. Жас балаша жылады. Ес білгелі бұндай әлсіздік көрсеткен емес еді..Бұндай күйрек күйге түспеп еді.
  • Ждақайдың өмірінің құлдырауы

    2. Шегенің әкесі Шәріп аштан бұралып жатыр екен.Шыбықтай боп жүдеген. Құр қаңқасы қалған. Жылады,әлсіздіктен сөйлей алмады.

    3. Шегенің Сібірге айдалып, өмірінің құлдырауы

трагедия

  • Гүлжанның майданда өлімі
  • Шалдың Хансұлу үйінде әскерилердің мылтығынан мерт болуы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет