Шаттық ордасы Школа радости



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата24.03.2017
өлшемі5,84 Mb.
#10192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шаттық ордасы
Шаттық ордасы
Школа радости
Школа радости
2015

Шаттық ордасы
2
Кітапты құрастырушылардан
Қымбатты достар!
Əр нəрсенің өз бастамасы болатыны сияқты, біздің лицей де осыдан 
дəл 20 жыл бұрын білімге жаны құмар, өмірден өз орнын табуға ынтық  
бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Сынаптай сырғыған уақыт бір орнында 
тұрмайды екен, міне, 2015 жылмен бірге сүйікті лицейіміздің ашылғанына 
да 20 жыл толыпты. Аз ба, көп пе, оны уақыт таразысына қалдырып, асқан 
мақтанышпен: «Иə,  біз 20 жастамыз!» - деп  айтуға  толық  хақымыз  бар. 
Жылдармен  адам  өмірлік  тəжірибе  жинақтап,  ақыл  тоқтататын  кемел 
жасқа келетіні рас. Сол кемелдік бүгінде оқушы мен ата-ананың мектепке, 
ұстаз біліктілігіне  деген сенімін нығайтып, жыл сайын өз қабырғасына   
шəкірттерін жинауда.
Жылдар  өтіп,  заман  ағымы  өзгергенімен,  лицейіміздің  тыныс-
тіршілігі тоқтаған емес. 20 жылдың ішінде жинақталған оқиғалар бүгінде 
лицей  өмірінің  тарихына  айналды.  Өзінің  қысқа  ғұмырында  білім  са-
ласына  жаңа  өзгерістер  енгізіп,  ауылдық  жағдайда  дарында  балаларға 
арнап  жаңа  үлгідегі  мектеп  ашқан  ғалым  С.З.  Тайбоғаровтың  жарқын 
бейнесі, алғашқы ұстаздар - бəрі де жұртшылықтың жадында. Лицейден 
ұшқан  түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде білім алып, еңбек етіп, Отан 
алдындағы  азаматтық  борыштарын  адал  атқаруда.  Ұстаздар  легі  білікті 
мамандармен толығуда.
Бұл кітаптың əрбір парағы қызыққа толы мектеп өмірінің өткені мен 
бүгініне шолу іспетті. 20 жыл - біздің жастығымыздың, үкілеген үмітіміздің 
жылдары.  Келесі  мерейтойға  дейін  лицей  ұжымының  тағы  да  көптеген 
асқар асулардан асып, жаңа шыңдарды бағындыруына тілектеспіз.
Дорогие друзья!
Как известно, у всего на свете имеется начало,  исток…  Так и наш ли-
цей ровно 20 лет назад открыл свои двери для ребят, желающих получать 
знания, развиваться и найти свое место в этой жизни.  Время пролетело 
незаметно, и вот сегодня для  Большенарымского лицея  2015  год особен-
ный. 20 лет любимой школе! И пусть лицей существует пока не так уж 
долго, но мы имеем полное право говорить: «Да, нам – двадцать». Много 
это или мало? Одно можно сказать точно: с годами появляются главные 
слагаемые успеха - мудрость и опыт. Именно опыт общения, сотрудниче-
ства с детьми, наработанный  несколькими поколениями преподавателей 
лицея, является той «мудростью», которая привлекает в наши стены новых 
учеников. 
Годы пронеслись, а лицей  живёт, дышит, учит. Много событий про-
изошло со дня  его основания . Что-то забылось, но многое осталось в на-
шей памяти и стало историей. Остались в памяти и люди, которые стояли у 
истоков создания лицея. Это прежде всего  основатель  школы нового типа 

3
Школа радости
Тайбогаров Серик Зайтанович, талантливый ученый,  успевший за свою 
короткую жизнь реализовать смелую идею модернизации казахстанского 
образования: открыть в сельской глубинке школу для одаренных детей. За 
20 лет лицей окончили сотни способных выпускников, достойных граж-
дан нашей страны, сформировался слаженный учительский коллектив.
Каждая страница  этой книги посвящена разнообразной  жизни лицея: 
это и его история, и учителя, и ученики, и выпускники, и родители,  и со-
временные лицейские будни.
20 - время нашей молодости, надежд, стремлений и новых свершений. 
Хочется пожелать лицею, чтобы годы, оставшиеся до следующей круглой 
даты, пролетели незаметно и принесли с собой много новых достижений 
и побед.
Қуанып кіремін күнде мен,
Лицейден білім ап түлегем.
Ұстазым - ақылшым, тірегім,
Қол созып, сүйейді ол білемін.
Лицей - білімнің  бұлағы,
Лицей - өмірдің шырағы,
Лицей - бүлдіршін тұрағы,
Біздерді қарсы алып тұрады.

Шаттық ордасы
4
Қ. Байғонусов,
Катонқарағай  ауданының əкімі 
Республикамыздың  ең  шығыс  нүктесі 
болып  саналатын  Катонқарағай  ауданы  өз 
топырағынан көптеген білікті де білімді аза-
маттарды тəрбиелеп ұшырған. Бұл өлкеден 
əйгілі  жазушылар,  ақындар,  ғалымдар, 
атақты қоғам қайраткерлері шыққаны көпке 
мəлім.
Заман  да,  адам  да  өзгереді.  Уақыт 
өте  келе  жаңарған  ой-пікірлер  шынайы 
тұжырымдарға  орын  береді.  Осыған  орай, 
білім беру нысандарына қойылатын талап та 
биіктеп, жас ұрпақты өмір сұранысына сай 
оқытып, тəрбие беруге байланысты қыруар 
міндеттерді  шешу  бағдары  айқындала 
түседі. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.  Ə.  Назарбаев  ел  келе-
шегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты тəрбиелеу мен білім беру сапа-
сын жоғары дəрежеге көтеру мақсатында қыруар шараларды жүзеге асыру 
міндетін  қойып  отыр.  Ол  дегеніміз - сəулетті,  балаларға  жайлы  мектеп-
тер, бүлдіршіндерге арналған бала бақшалар, т.б. Осы ретте ұстаздардың 
əлеуметтік  дəрежесін  жəне  əдістемелік  деңгейін  көтеруге  де  көп  көңіл 
бөлініп отыр.
Үлкен Нарын ауылдық лицейін алғаш ашар кезде ауылдық жағдайда 
білім алып жатқан балалардың бойындағы дарынын ашу, оларға терең де 
сапалы білім, саналы тəрбие беру мақсаттары көзделген болатын. Еліміз 
тəуелсіздігін енді-енді алып, дербес мемлекет болып жатқан уақытта ашы-
лып, тік тұрып, тəй-тəй басқан қадамы нығайып, өзі құрылғаннан бергі 20 
жыл ішінде лицей ұжымы сол талаптарды абыроймен атқарып отыр.
Шалғайдағы  ауыл  балаларының  білімге  құштарлығын  арттырып, 
табиғи дарынын ашуды нысанаға  алған ұстаздар оқыту мен тəрбиелеудің 
жаңашыл технологияларын қолдана отыра, өз түлектерінің өмір жолына 
дұрыс  бағыт-бағдар  беріп  келеді.  Мектепте  тұлғаның  қоғам  өзгерісіне 
сай өзін-өзі тəрбиелеуі, оның қажеттілігіне қарай əлеуметтік бейімделуін 
қалыптастыруға байланысты қыруар істер атқарылуда.
Лицей ашылған кездері іріктеліп алынған тəжірибелі ұстаздар легінің 
тобын  кейіннен  келген  білікті    мамандар  жалғастыруда.  Бүгінгі  күні 
ұстаздар қауымы білім берудің инновациялық əдіс-тəсілдерін меңгеру, өз 
іс-тəжірибелерін тарату мақсатында республикалық фестиваль, конферен-
циялар,  семинарлар,  педагогикалық  оқуларға    белсене  қатысып,  айтулы 
жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

5
Школа радости
Ауылдық лицей 2004 жылы Бірыңғай Ұлттық Тестілеу қорытындысы 
бойынша облыстағы 10 үздік, Қазақстан Республикасындағы 100 алдыңғы 
қатарлы  мектептер  қатарына  кірсе, 2008 жылы  «Облыстық  мұғалімдер 
біліктілігін  арттыру  институтының  үздік  тірек  мектебі»  номинациясы 
бойынша арнайы марапатқа ие болды. Ал 2009 жылы Шығыс Қазақстан 
облысы əкімі Б.Сапарбаевтың «Ауылдық үздік орта мектеп» сыйлығының 
лауреаты атанды. Сондай-ақ 2014 жылы «Сала көшбасшысы» ұлттық сер-
тификаты мен күміс медаліне ие болды.
Лицейді  бітрушілердің 100%-ға  дерлігі  жоғарғы  жəне  орта  арнаулы 
оқу  орындарына  түсіп, 40% -ға  жуығы  оларды  үздік  дипломмен  аяқтап 
отыр.  Қазір  олар  республикамыздың  түкпір-түкпірінде  ел  экономика-
сын  нығайтуға  қомақты  үлес  қосуда.  Мысалы,  А.Сарсембина  статисти-
ка  Министрлігінде  басқарма  басшысы,  Е.Жыкбаев  Шығыс  Қазақстан 
облыстық  ревизия  комитетінің  бөлім  басшысы,   Р.Нұрлыбеков  кеден 
бақылау  басқармасының  басшысы,  Ж.  Бакыжанов  ШҚОІІД  криминал-
ды  полиция  бөлімінің  басшысының  орынбасары,  А.Миябаев-  Мəскеу 
қаласында «Примула-1» бағалау компаниясы директоры,  С. Базашева Ал-
маты қаласындағы əділет департаментінде,  С.Ахметжанова БҰҰ халықты 
қоныстандыру фондында, А.Ағажаева Қазақстанда БҰҰ экологиялық жо-
басы  бағдарламасы  бойынша  қызмет  атқаруда.  Д.Қалиқан- «Үш  бұлақ» 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры, Ж.Рамазанова- «Мүлікті 
бағалау» жеке кəсіпкерлігі жетекшісі, А.Тоқтыбаева ШҚМУ-дың филоло-
гия жəне журналистика факультеті деканының орынбасары, Б.Үмітчинова, 
Р.Отчегарова,  Ə.Жамалиева  КАСУ,  ШҚМТУ-дың  оқытушылары,  т.б. 
О.Касенев  «Болашақ»  бағдарламасының  гранты  бойынша  Лондон 
қаласында, А.Омарбеков Сеул қаласында медицина университетінің гран-
тын жеңіп алса,  А. Скаков Томск қаласында, А.Сапақов Мəскеуде маги-
стратурада білімдерін жалғастыруда. 
Шəкірттердің    жетістігі – ұстаз  еңбегінің  жемісі.  Лицейдегі 
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, білікті ұстаздар қатарында 
Л.Қажаева, 
Н.Танарыкова, 
Л.Раханова, 
Г.Садықова, 
Н.Нечаева, 
Б.Қожықова,  А.Зарипованың  есімін  мақтанышпен  айтуға  болады.  Педа-
гогтар  үнемі  ізденіс  үстінде,  қоғам  дамуымен  бірге  көшке  ілесіп  келеді. 
Қазіргі  қайшылықтарға  толы  аумалы-төкпелі  заманда  дүниедегі  болып 
жатқан  келеңсіз  құбылыстарды  өз  ой  елегінен  өткізіп,  адами  тұрғыдан 
баға беретін, ұлттық бірлікті сақтау мен өз ұстанымына берік отансүйгіш 
азаматтарды оқытып жəне тəрбиелеп, өмірге дұрыс бағдар беру ісін лицей 
ұжымы абыроймен атқаруда.
Ел ертеңін бүгін ойласақ, ұтатынымыз көпке мəлім. Осы міндеттерді 
шешуге лицей ұжымының күш-жігерінің жетеріне кəміл сенімдемін.

Шаттық ордасы
6
Л. Тоқсанова,
Катонқарағай  аудандық білім беру бөлімінің  басшысы
Елбасымыз  Н.  Назарбаев  Республика 
ұстаздары  алдына  жас  ұрпақты  оқыту  мен 
тəрбиелеуге  байланысты  үлкен  міндеттер 
қойып 
отыр.Сол 
жолда 
атқарылатын 
шаралардың ауқымы өте көлемді.
Үлкен  Нарын  ауылдық  лицейі  бірнеше 
жыл  көлемінде  «Жеке  басқа  бағыттап  білім 
беру  жағдайында  ұстамды  адамгершілік 
мінез-құлық  қалыптастыра  отыра  оқыту 
жəне  тəрбиелеу»  атты  өзекті  тақырыппен 
жұмыс  істеп  келеді.  Ұжым  оқытушылары 
оқушылардың 
шығармашылық 
жұмы-
сына  жағдай  жасау,  оқыту  үрдісінде 
ынтымақтастықты 
жүзеге 
асыруға, 
тəрбиеленушілердің өзін-өзі қалыптастыруға 
негізделген  тəрбие  жүйесін  жасауға  жете  көңіл  бөліп  отыр.  Оқытудың 
жаңа  тиімді  педагогикалық  технологияларын  іс-тəжірибеге  енгізуді 
нысана  тұтқан  ұжымның 8 мұғалімі  Кембридж  оқыту  бағдарламасы 
бойынша  деңгейлік  курстан  өтіп,  білімге  қызығушылық  туғызу  жəне  өз 
бетінше  білім  алуға  талпыныс  дағдыларын  қалыптастыру  бағытында 
жұмыс  істеуде.  Олар  өз  іс-тəжірибелерін  тарату  мақсатында  облыс, 
аудан  көлемінде  арнайы  семинарлар  өткізіп  тұрады.  Оқушылардың 
білім  саласындағы  жетістіктері  үшін  «Дарынды  балалар-Қазақстанның 
болашағы» жəне «Қазақстанның үміт артарлары» атты энциклопедиялық 
жинаққа бірқатар оқушылары енгізілді. Лицейде ауданда алғашқы болып 
ашылған «Мəңгілік ел» орталығы өз жұмысын табысты жалғастыруда.
Лицей  оқушылары  облыстық,  республикалық,  халықаралық 
олимпиадаларға  қатысып,  жүлделі  орындар  иеленіп  келеді.  Лицейлік 
Ə.Шабданов, А.Құнанбаев, Е.Үтемжаров - халықаралық, республикалық 
пəндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Осы бағыттағы 
«Лицейдің  дарынды  оқушыларымен  жұмыс  істеу»  бағдарламасының 
балалардың  икемділігі  мен  қызығушылығын  анықтау  мақсатындағы 
ғылыми негіздегі жұмысының рөлі өте жоғары. Тəрбие ісін жүзеге асыруда 
«Лицей Республикасы», «Жас ұлан» ұйымдарының ықпалы зор.
Лицей ұжымы аудан, облыс көлеміндегі  өтетін тəрбиелік шараларға 
белсене  қатысып  отырады.  Спорттық  жарыстарда  да  жоғарғы  нəтижеге 
жетуде.  Шаңғы  тебудегі  жетістіктеріне  сай 10-сынып  оқушылары 
Е.Қамбаров,  А.Малахов  Риддер  қаласындағы  олимпиадалық  резервтер 
дайындығы мектебіне қабылданды.
Лицей  ұжымы  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқыту  мен  тəрбиелеудің 
ұстанымдарын  жүзеге  асыру  үшін  қажырлы  еңбек  етіп  келеді. 

7
Школа радости
Оқушылардың білім сапасын көтеруді басты нысанаға алып отыр. Соның 
айғағы-мектеп түлектері жыл сайын толығымен ҰБТ-ға қатысып, жақсы 
нəтиже көрсетуде. Аудандағы  тірек мектебі негізінде лицей мұғалімдері 
басқа мектептерге əдістемелік көмек көрсетіп отырады.
Жас жеткіншектердің ел тəуелсіздігінің бүгінгі жеңісін, жемісін дұрыс 
қабылдап,  бағалай  білуіне  қол  жеткізу-қиын  да  қызықты  іс.  Болашақта 
ел  тізгінін  берік  ұстайтын  ұрпақ  тəрбиелеуде  лицей  ұжымының  тынбай 
еңбектене беретініне сеніміміз мол. Сол жолда үлкен табыс тілейміз.
Л. Раханова,
лицей директоры
Үлкен Нарын ауылдық 
лицейі
Заманауи əлемде елдің қуаты 
ең алдымен азаматтарының 
білімімен өлшенеді. 
Н. Назарбаев
Үлкен Нарын ауылдық лицейі  1995 
жылы 25 мамырда  аудан əкімінің №553  
өкімі  бойынша  сол  кездегі  Аудандық 
білім беру бөлімінің меңгерушісі, іскер 
əрі жаңашыл басшы С.З.Тайбогаровтың 
ұйымдастырумен Өскемендегі №34 мектеп - лицейінің филиалы ретінде 
ашылды.  Дарынды басшы Серік Зайтанұлы аталған мектепті ашу кезінде 
шалғайда жатқан ауыл балаларының білімге деген құштарлығын арттыру, 
олардың бойындағы дарынын ашу, білім беру мен тəрбиелеудегі жаңаша 
көзқарасты  дамытуды  көздеген  еді.  Тұңғыш  рет  ашылған    лицейге 15 
оқытушы  іріктелініп алынды жəне 8, 9, 10 -  сыныптарға гуманитарлық 
жəне  математикалық  бағытта  оқытылатын 90  оқушы қабылданды.  Олар 
математика жəне əдебиет  пəнін тереңдетіп оқыды.  
Лицейдің  тұңғыш  директоры 
болып 
С.З.Тайбогаровтың 
өзі 
тағайындалды. Ал 1997  жылы лицей 
«Үлкен  Нарын  ауылдық    лицейі»  
статусын алды.   
1996-1997  оқу  жылында  оқу 
орнында 5–сыныптан лицейге дейінгі  
оқушылар дайындауға бағыт алынды. 
1997  жылы  лицейдің 24 түлегі 
мемлекеттік емтихандарды ойдағыдай 

Шаттық ордасы
8
тапсырып, 
Ресей 
жəне 
Қазақстан Республикасының 
жоғарғы    оқу  орындарының 
студенттері  қатарын  толық-
тырды. 1998-1999 оқу 
жылында    қазақ  тілінде 
оқитын 5-6-сыныптарға  оқу-
шылар  қабылданды.  Бүгінгі 
таңда  лицейде  қазақ  жəне 
орыс  тілінде 157 оқушы 
оқиды.  6-7 - сыныптарда  
лицейге  дейінгі    дайындық  жұмыстары  жүргізіледі. 8-11-сыныптар 
математиканы  тереңдетіп оқиды.
Мектептің  кең көлемді өзекті мəселесі: «Жеке басқа бағыттап білім 
беру  жағдайында    ұстамды  адамгершілік  мінез-құлық  қалыптастыра 
отырып оқыту жəне  тəрбиелеу»
Мақсаты:Əр 
түр-
лі    оқыту  пəндері  айма-
ғында    оқытушылар    мен 
оқушылардың  шығармашы-
лық  жұмысына    жағдай 
жасау, 
оқыту 
үрдісінде  
ынтымақтастық 
жəне  
д е м о к р а т и я л а н д ы р уд ы 
жүзеге 
асыруға, 
адам-
гершілік 
тұрғысында 
тəрбиеленушілердің өзін-өзі қалыптастыратын жеке дамуына негізделген 
тəрбие жүйесін жасау
Алғашқы күннен бастап педагогикалық ұжым жеке тұлғаға бағыттап 
оқыту 
мен 
тəрбиелеудің 
ұстанымдарын 
 
жүзеге 
асыру  үшін  қажырлы  еңбек 
етіп  келеді.  Сондықтан 
да  болар,  лицейдің  жұмыс 
жасау  жүйесі    тұлғаның 
қоғам  өзгерісіне  сай  өзін-өзі 
тануы,  оның  қажеттілігіне 
қарай  əлеуметтік-бейімделуін 
қалыптастыруына  ықпал  ету 
мақсаттарын  жүзеге  асыруға 
негізделген.
Үлкен  Нарын  ауылдық  лицейінде  шығармашылық  ізденіс  үстіндегі 
жаңашыл, білікті, жас ұрпақты оқыту мен тəрбиелеудің қазіргі күн талабына 

9
Школа радости
сай  əдіс-тəсілдерін  меңгерген  алдыңғы  қатарлы    ұстаздар  қызмет  етеді.  
Мұнда дəріс беретін 26 мұғалімнің 11-і жоғары санатты, 11 -і бірінші, 2-еуі 
екінші санатқа ие, 2-еуінің санаты жоқ. Лицей педагогтары «Ұстаз деген 
ұғымның өзі мұғалімнен тек мамандығының шебері ғана емес,сарқылмас 
білім  мен  тəрбиенің  кеніші,жан-жақты  дамыған  дара  тұлға»  деген 
қағиданы    өз  жұмыстарында  басты  мақсат  етіп  қойған.  Өз  білімдерін 
жетілдіруге көп көңіл бөле отырып, аудан, облыс ,республика көлемінде 
конферецияларға, фестивальдарға, семинарларға, педагогикалық оқуларға   
қатысып,өз  еңбектерінің  жемісін  көріп  отыр.  Сонымен  бірге    баланың 
өмірлік  көзқарасын  сарапқа  салып,  ішкі  жан  дүниесіне  бойлап,  бағыт-
бағдар  беріп,сабырлылыққа 
баулып,  адаспайтын  ақыл 
дариясына  жетелейтін  ұста-
нымы  жоғары  оқушыларды 
тəрбиелеу 
үшін 
аянбай 
еңбек  етіп  жүрген  де- 
осы    ұстаздар.  Ұстаздар 
қауымы  оқушыларға  орта 
буында бейін алды, жоғарғы 
сыныптарда бейінді, сондай-
ақ қолданбалы жəне арнайы 
оқу  курстарын  жүргізеді. 
Мектеп  ұжымы  бірнеше 
жылдар  бойы  «Оқушылар 
білімін  бақылаудың  модульдік-рейтингтік  жүйесі»  мəселесі  шеңберінде 
эксперименттік жұмысын жүргізіп, жемісті еңбек етті. «Лицейдің  дарынды 
оқушылары» бағдарламасы бойынша оқушылардың икемділігін анықтау 
мақсатында  ғылыми  негізде  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  отырылады.  
Солардың  нəтижелері  бойынша  жеке  шығармашылық  жоспарлары  
жасалып,  оқытушы-лардың    жетекшілігімен  жоғарғы  деңгейдегі  оқыту 
мен дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.  
Педагогтар - үнемі  ізденіс  үстінде,  қоғам  дамуымен  қатар  көшке 
ілесіп  келеді. Педагогикалық ұжым өз оқушыларының жетістіктері мен 
табыстарын  мақтан  тұтады.  Олар 
7 «Алтын  Белгі»  жəне 5 «үздік» 
аттестат 
иегерлері, 
облыстық, 
республикалық, 
халықаралық  
деңгейде  өтетін  олимпиадалардың, 
сайыстардың      жеңімпаздарын 
дайындады. 2013-2015 жылдар 
аралығындағы 
қысқа 
мерзімде 
ғана  облыстық      «Жас  математик»,   
«Жас 
физик» 
сайыстарының 

Шаттық ордасы
10
жеңімпаздары  жəне  жүлдегерлері  А.Жамбурбаева, 
А.Азирбаева,  Ж.Мухаметуалиев,  Ф.Жанкулова, 
Ж.Эльнарова,  С.Татаринцевті,   қазақ  тілі  жəне 
əдебиеті 
пəндерінен 
республикалық 
пəндік 
олимпиада  мен    «Жарқын  болашақ», «Ақберен» 
сайыстарының  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері 
Г.Бекенова,  М.Қрықпаева, 
А. 
Тоқтарбаеваны, 
биология 
пəнінен 
Д.Елюбаеваны,  сондай-
ақ  Қарағанды қаласында 
физика  пəнінен    өткен  
республикалық 
ашық 
олимпиада 
жеңімпазы 
Е . Ү т е м ж а р о в т ы , 
Ресейдің Омск қаласында 
өткен 
 
 
«Бизнес-Акула» 
халықаралық 
турнирінің 
жеңімпазы 
А.Шабдановты 
жəне 
Үнді 
мемлекетінің 
Нью-Дели  қаласында  өткен 
физика 
жəне 
математика 
пəндері 
олимпиадасына 
қатысушы 
сертификатының 
иегері 
А.Құнанбаевтарды 
мақтанышпен атауға болады. 
Лицейде 8 педагог 
Кембридж  оқыту  бағдарламасы 
бойынша  деңгейлік  курстан 
өтіп,  оқу  үдерісінде  жаңа  технологияларды  енгізуде  жəне  облыс,  аудан 
көлемінде іс –тəжірибелерін таратуда. 
Лицейдің  тəрбие  жұмысының 
негізгі  бағыттары:  саламатты  өмір 
салтын қалыптастыру, адамгершілікті-
құқықтық тəрбие, дарынды оқушымен 
жұмыс,  патриоттық  тəрбиемен  қатар,      
оқушының        өзін-өзі  жетілдіруіне 
қолайлы  жағдай  жасау.   Тəрбие 
жұмысын  жүзеге  асыруда    «Лицей  
Республикасы»  мен  «Жас  ұлан» 
ұйымдарының ықпалы зор. 

11
Школа радости
Əр  баланың  өзін  көрсетуіне 
мүмкіндік 
беретін, 
танымдық 
қызығушылықтарын 
оятатын, 
өз 
қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген 
сенімділіктерін  арттыру  мақсатында 
жүргізілетін  дəстүрлі  шаралардың 
маңызы зор.    «Лицейліктер қатарына  
қабылдау»,  «Оқушы күні», ата-аналар 
мен  лицейге  түсушілерге    арналған   
«Ашық  есік    күндері»,   «Ақылдылар 
сайысы», «Бизнес-ойыны»,  «Денсаулық күні», спорттық -əскери   «Алау» 
ойыны,  «Өзін-өзі  басқару  күні», 
қонақжайлылық  сабақтары    сияқты   
мерекелері бар. 
  Сынып  жетекшілері      саналы 
да  парасатты  ұрпақ  өсіруді,  іскер 
маман  даярлауды,  адами  қасиеті  мен 
имандылығы  мол  азаматты  тəрбиелеуді 
сыныптағы  тəрбие  жұмысының    басты 
мақсаты  етіп  қойған.  Сондықтан  да 
болар,  лицей  оқушылары  аудан,  облыс    көлемінде    өтетін  тəрбиелік 
шараларға белсене қатысып, жоғары нəтижелерге жетуде. 
Семей қаласында өткен ІІ республикалық «Жас Ұлан» əскери-спорттық 
ойынының қатысушылары Е.Үтемжаров, А.Алтаев,Е.Оженов, Е.Сайлабек, 
Д.Жаманбалинова,   Т.Смолянин  облыс  əкімі  Б.М.Сапарбаевтың  арнайы 
Алғыс хатына ие болды.   
10 - сынып оқушысы Қ.Оралғазина облыстық «Мамандықтар əлеміне 
жол ашамыз» форумының ІІІ дəрежелі дипломымен марапатталды.
10 - сынып  жетекшісі  Н.Нұрғалиева  облыстық      «Ең  үздік  сынып 
сағаты»  байқауының      «Еңбекке  баулу  жəне  кəсіби  тəрбие»  бағыты 
бойынша  жүлдегер атанды. 
2004  жылы  басталған  мектеп  түлектерінің  Бірыңғай  ұлттық 
тестілеуінің    қорытындысы  бойынша  ауылдық  лицейі    облыстағы 10 
үздік,  Қазақстан  Республикасындағы  100 алдыңғы  қатарлы  мектептер 
қатарына енгізілді. Жыл сайын  лицей түлектерінің  75%-ы  жоғарғы оқу 
орындарының  арнайы  гранттарына  ие  болуда.  Бұл  көрсеткіш  жылдан - 
жылға  өсу үстінде. 
Лицейдің бұдан басқа да жетістіктері аз емес.
Үлкен Нарын ауылдық лицейі облыстық мұғалімдердің біліктіліктерін 
арттырудағы  институттың  негізгі  тірек  мектебі  болып  табылады  жəне 
қазіргі таңда аталған институт қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста  
жұмыс атқаруда.  
2008  жылы    ол ««БАИ»  үздік  тірек  мектебі» 
номинациясы бойынша арнайы  марапатқа ие болды. 

Шаттық ордасы
12
2009 жыл Үлкен Нарын ауылдық лицейі облыс мектептері арасында 
өткізілген сайыста Шығыс Қазақстан облысының əкімі Б. Сапарбаевтың 
«Ауылдық үздік орта мектеп» сыйлығының лауреаты атанды.  Ауылдық 
лицей  ұжымы  білім  беру  мен  тəрбиелеуде  тиімді  педагогикалық 
технологияларды  оңтайлы  қолданады  əрі  ауданымызда  жəне  облыс 
көлемінде  өз  іс-тəжірибесін  тарату  мақсатында  арнайы  семинарлар 
өткізіп тұрады. 2011 жылы Үлкен Нарын ауылдық лицейінің мұғалімдері 
мен  оқушылары  білім  саласындағы  жетістіктері  үшін  «Дарынды 
балалар-Қазақстанның    болашағы»  энциклопедиясына,  ал 2013 жылы   
«Қазақстанның үміт артарлары» атты жинаққа енді. 
ҚР Ұлтттық бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша ауылдық лицей   
«Сала  көшбасшысы 2014» күміс  медалі  мен  ұлттық  сертификатына  ие 
болды. 1 мұғалімге   «Жыл басшысы», 2 бірдей мұғалімге   «Жыл маманы» 
ұлттық сертификаты берілді. 
Олар қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі С.Байжуминова, химия 
пəнінің мұғалімі  С.Петухова, лицей директорының оқу ісінің меңгерушісі  
Г.Садыкова. Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Даулетханова  
«Еңбектегі тиімді қызметі үшін» медалі, лицей  директоры Л.Рахановаға  
«Қазақстан даңқы» ордені тапсырылды. 
Үлкен  Нарын  ауылдық  лицейінің  ұжымы  облысымыздағы  жоғарғы 
оқу орындары, қазақ-түрік лицейімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 
Лицей түлектері аталған оқу орындарында оқуда жоғары жетістіктерге 
жетіп,  шамамен 40%-ы  Қызыл  диплом  иегері.  Ауылдық  лицей  ұжымы 
облыстық ШҚМУ ректорының А.Қуандықовтың арнайы Алғыс хаттарына 
ие болды.     
2012-2013 оқу жылынан бастап өскелең ұрпақты тұлғаландыру жəне  
əлеуметтік  тұрғыда өзін-өзі игертуін қамтамасыз ететін  оқыту мен тəрбие 
берудің    жаңа  əдістемелерін  енгізу  мақсатында  ауданымызда  алғаш  рет 
ашылған «Мəңгілік ел» орталығы өз жұмысын жүргізуде.  Педагогикалық 
ұжым өз оқушыларының жетістіктері мен табыстарын мақтан тұтады.
Кешегі  лицей түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының түкпір 
түкпірінде  ғана  емес,  шет  мемлекеттерде  де  қызмет  етіп    жатқан  əр 
саладағы  маман  иелері.  Үлкен  Нарын  ауылдық  лицейінің  ұжымы  жаңа 
заман  көшінен  қалмай,  бар    мүмкіндіктерді  пайдаланып  аянбай  еңбек 
етуде.  Лицей  ұжымы  С.З.  Тойбағаровтың  салып  берген  сара  жолынан 
таймай, адал əрі үздіксіз жұмыс істеуде.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет