«Шаңды жорық»
Екi ғасырдан астам созылған қалмақ-қазақ
соғысының ең соңғы кезеңi тарихта «Шаңды
жорық» деп аталып қалды. 1771 жылдың
қаңтарынан басталып, осы жылдың кҥзгi айларына
дейiн созылған бҧл соғыс қалмақтармен болған ең
соңғы соғыс болатын. Мiне, осы соғыстың бас
батырларының бiрi Баян батыр болды. Әзiрше,
бiзге анық-қанығы батыр бабамыздың осы ең соңғы
соғысқа қатынасқаны ғана. Бҧны жыраулардың
толғаулары, Шоқан Уалихановтың зерттеулерi,
Мағжан Жҧмабаевтың «Баян батыр» дастаны,
2000ж. «Атамҧра» баспасынан М.К.Қозыбаевтың
редакторлығымен шыққан «Қазақстан тарихы»
тағы басқа тарихи әдебиеттер анықтай алады.
140
Тҥсiнiктi болу ҥшiн тарихқа шегiнiс жасап,
қазақ-қалмақ соғысының «Шаңды жорық» кезеңiне
кеңiрек тоқталайық.
Бҧл соғыс қалмақтарымен соғыс тарихындағы
ең соңғы және ең iрi, сансыз жан қҧрбан болып,
қандары судай аққан соғыс болды.
ХҤII ғасырдың орта кезiнде шығыстағы
Жоңғария жерiнен жақсы да кең қоныс iздеген
қалмақтардың бiр тайпасы Едiл бойында Қалмақ
хандығын қҧрғандығын қазақ тарихынан жақсы
бiлемiз.
Бҧл
хандық
Ресей
мемлекетiнiң
қолшоқпары
болып,
бҥкiл
мҧсылман
қауымдастығына
жаулық
саясат
жҥргiздi.
Ноғайларды, башқҧрттарды ӛз жерiнен қуды.
Шығыстағы кӛршiсi қазақ жерiне де дҥркiн-дҥркiн
шабуылдап отырды. 1635 жылы Салқам Жәңгiрдiң
тҧсында Қожаберген жыраудың (1663-1763) бабасы
Дәулен батыр басқарған қазақ жасақтары қолынан
оңбай жеңiлгесiн қазақ жерiне шабуылды қойған
болатын. ХҤIII ғасырда Жоңғария хандығының
қазақ жерiндегi сәттi соғыстарына масаттанып,
қайтадан жаулығын кӛрсете бастаған. Бҧл
жаулығын 1755 жылы Жоңғария хандығы
жойылғасын мҥлдем қойған болатын.
1770 жылдары Ресейден де қағажу кӛрген Едiл
қалмақтары Убачи және Церен тайшылардың
азғыруымен шығыстағы ата қонысы Жоңғария
жерiне қоныс аударуды армандай бастады.
141
Ресейден жасырын Жоңғария жерiне кӛшу
1771 жылдың қаңтарынан басталды. Жоңғария
жерiне қашуға ықылас бiлдiрген 180 мыңдай
қалмақ жақсы қаруланған 40 мың жауынгердiң
қорғауымен Едiл бойынан қашып шығады. Әрине,
қалмақтардың кӛшi тек қазақ жерi арқылы ғана
ӛтуге тиiстi, басқа жол жоқ. Орыс мемлекетi
қуғыншылар ҧйымдастырғанша, қалмақ кӛшi қазақ
жерiне тереңдеп енiп кетедi.
Қалмақ кӛшi Ырғыз арқылы Сарыарқаны
бойлай жҥре отырып, Жетiсу арқылы Балқашты
бойлай Жоңғария шекарасына шықпақ едi. Қазақ
шекарасына кiрген қалмақ кӛшi алғашқы кҥннен
бастап қазақтардың бақылауында болды.
Қалмақ кӛшiнiң бiразын Кiшi жҥз ханы
Нҧралы қанға бӛктiрдi. Қазақ жерiне тереңдей
қашқан қалмақ кӛшi Мҧғаджарды айналып ӛтiп,
қазақтар аз мекендеген жерлерiмен жҥруге
тырысты.
Торғай
ӛзенiнен
ӛтерде
бiраз
адамдарынан
айрылды.
Iлгерлеген
сайын
жағдайлары қиындай тҥстi. Кӛштiң жҥрiсiн қырағы
қадағалап отырған қазақ жасақтары тҧтқиылдан
тиiсiп, адамдарын ӛлтiрiп, малдарын айдап әкетiп
отырды. Алайда, қалмақ кӛшiн қҧртып жiберуге
қазақтардың шамасы келмейтiн. Қалмақ қолы
жеткiлiктi дәрежеде әлi де қуатты болатын. Қырым
мен Кавказдағы ҧрыстарда шыныққан далалық
жерде ҧрыс қимылдарын жҥргiзуге бай тәжiрибесi
бар едi. Сондықтан қазақ қолы Абылай ханның
142
тапсырысы бойынша кӛштiң қанатынан тиiсiп,
Мойынты және Iле ӛзендерiне дейiн кӛштi
әлсiретуге тиiстi болды.
Қашқын қалмақтардың кӛшiн жiтi бақылауда
ҧстап отырған Абылай бҧларды Мойынты, Iле
бойында тосып алып соққы берудi жоспарлады.
Сол ҥшiн 1771 жылдың кӛктемiнде бҥкiл қазақ
жасақтарын Бурабай жерiне жинап ҥлкен соғысқа
дайындық жҥргiздi.
Мағжан Жҧмабаев «Батыр Баян» дастанында
осы туралы былай деп жазды.
Кӛкшенiң бауырында ӛңшең кӛкжал
Кҥңiренiп кҥтiп жатты кҥндер талай.
«Жау» десе жатпайтҧғын батыр Баян,
Апырым-ай, келмеуiнiң мәнi қалай?
1771 жылдың маусым айында Мойынты
ӛзенiнде аялдаған қалмақ қолын жалпы саны 50
мыңнан астам Абылай бастаған қазақ жасақтары
қамауға алды.
Қамауда қалып, ӛлiм қатерiн сезген қалмақ
басшылары Абылайға елшiлерiн жiбередi. Бҧл
жӛнiнде «Қазақстан тарихында»
(2000ж. 3 том. 265
бет)
былай деп жазады.
«Қалмақ елшiлерi ежелгi дәстҥр бойынша хан
ордасынан белгiленген қашықтықта аттан тҥсiп,
Абылайға жаяу келдi. «Алдияр! – дедi олар ханға. –
Бiз Сiзге Убачи мен Цереннiң сәлемiн жеткiзiп
тҧрмыз. Қазақтар мен қалмақтар ежелден туыстас
халықтар, бiздiң бҧдан әрi соғысуымыздың
143
мағынасы жоқ. Бiтiмге келудi ҧсынамыз. Сiзге
арнап ақ ҥй тiгемiз, лайықты тарту әкелемiз және
Сiздiң бодандығыңызды қабылдаймыз. Бiздiң басқа
барар жерiмiз жоқ, бiзге кӛшiп жҥретiн жер берiңiз,
сӛйтiп бҥкiл қалмақ халқы Сiздiң билiгiңiздегi
Сiздердiң ҧлыстарыңыздың бiрi болады. Ежелгi
туыстық
әдеп-ғҧрыпты
қалпына
келтiрудi
ҧсынамыз».
Қазақстан тарихында одан әрi: «Жоңғарлар
мен Қытайға қарсы кҥрестiң бiр батыры ӛзiнiң
сӛзiнде: «Убачи мен Церен орыстарды да,
қытайларды да жер соқтырып кеттi, сенi де алдап
кетедi, менiң ханым», - деп жазылған.
Шоқан Уалиханов «Исторические предания о
батырах ХҤIII века» атты еңбегiнде жоғарыда
жазылған қалмақ елшiлерiнiң сӛзiн келтiрiп,
жоғарыдағы сӛздi айтқан Баян батыр деп жазған.
«Баян отвечал: «Нет! Не берите белых юрт, не
старайтесь обманывать: Уса и Серен обманули
верхний и нижний Китай, обманут и тебя». Хан два
раза повторял свое, он два раза отвечал свое. Хан
остался на своем» - деп жазды.
Жоғарыда жазылғандай «Қазақстан тарихы»
кiтабында Баян батырдың есiмi тҥсiп қалып,
«Қытайға қарсы кҥрескен бiр батыр» деп жазған.
Кiтапта Шоқан Уалиханов жазған елшiлердiң
ӛтiнiштерi мен Баян батырдың сӛзi ӛзгертiлмей
жазылып, Баян батырдың есiмi аталмайды.
144
Осы «Шаңды жорық» уақиғасы (1771 жыл)
мен ҧлы ғалымның арасын 70-80 жыл ғана бӛлiп
тҧрса, бҧл уақиға мен бiздiң ара қашықтығымыз екi
жарым ғасырға жақындаған екен. Ендеше уақыт
жағынан да шындық Шоқан Уалихановқа жақын
тҧр.
Ендi «Шаңды жорық» соғысын одан әрi
жалғастырайық. Убачи мен Церен қулық жасап
тыныс алғаннан кейiн қазақтардың бiтiмге
келмейтiнiн сезгесiн ҥшiншi тәулiкте бiрi қалмай
тҥн ортасында шабуылға шығып, қазақ шебiн
бҧзып ӛтедi. Ертеңiне жауынгерлiк қатарын
қайтадан тәртiпке келтiрген қазақ қолы жауды
ӛкшелей қуады. Қалмақ қолын кҥндiз-тҥнi қуып
әскери кҥштерiн әлсiрете бередi. Қалмақтар
Балқашты тҧщы сулы батыс жағынан айналып
ӛтудi және Iле ӛзенiнiң бойымен жоғары барып,
ӛздерiнiң армандап келген Жоңғарияға ӛтiп кетудi
жоспарлады. Бҧны сезген қазақтар суға ӛткiзбедi.
«Шӛлден қаталап, сансыз кӛп шайқастарда алынған
жарақаттан
қалмақтар
азапты
ажал тауып
қырылды, кҥн сайын жҥздеп, мыңдап тҧтқынға
тҥстi: тек ең табанды, жақсы қаруланған ат
тӛбелiндей адамдар ғана Жоңғарияға жеттi.
Едiлден, Ресей жерiнен қашып шыққан 180 мыңдай
қалмақтың 15-20 мыңдайы ғана аңсаған ата
қонысына жеттi. Бҧларды Қытайлар жекелеген
ауылдарға бӛлiп жiберiп, боданы қылып ҧстады.
Едiлден ӛте алмай қалған 50-60 мың қалмақ қана
145
тiрi қалды. Қазiр бҧл қалмақ халқының саны 140
мыңға жетiп, Ресей жерiнде қалмақ автономиялы
республикасын қҧрып отыр.
«Шаңды жорық» деп аталып, бiр жылға
созылған қалмақтармен болған ең соңғы соғыс
осылай аяқталды.
Ойрат – қалмақтармен сегiз-тоғыз ҧрпақ бойы
жҥргiзiлген ӛткендегi соғыстар ғана емес, сонымен
қатар «Шаңды жорық» барысындағы жеңiстi
шайқастардың ӛзi де қазақ халқына сансыз кӛп
қасiрет әкелiп, шығындарға ҧшыратты. «Қазақстан
тарихы» кiтабында (3 том. 267 бет) осы соғыс
туралы
былай
деп
жазылды.
«Мыңдаған
жауынгерлер ерлiкпен қаза тапты, олардың
арасынан орны толмас екi қҧрбанды ерекше атап
ӛткен
жӛн.
Мәселен,
«Шаңды
жорық»
шайқастарының бiрiнде ХҤIII ғасырдағы аса
кӛрнектi қазақ қолбасшыларының бiрi, қазақ-
жоңғар
соғысында
кӛптеген
жеңiстерiнiң
ҧйымдастырушысы,
Маньчжур-қытайларға
да
қарсы жанқиярлықпен кҥрескен Жанатай батыр
қаза тапты… Жоңғарлардың қалдықтарын қазақ
жерiнiң шегiнен асыра қуып тастап, тағы бiр
даңқты батыр – Баян жеңiспен қайтып келе жатты,
бiрақ тура жол ҥстiнде ол кенеттеп келген аурудан
қайтыс болды».
Қазақ тарихында «Шаңды жорық» деп аталып
қалған осы соғыстың бас батырларының бiрi Батыр
Баян едi.
146
Баспа беттерiнде Баян батыр туралы жазған
авторлар Балқашқа таяу Мойынты ӛзенi бойында
қоршауға алынған қалмақтарды қҧртып жiберуге
Абылай хан қарсы болып, қазақ жасақтарын кейiн
қайтарды. Баян батыр Абылайды тыңдамай, ӛзiнiң
жҥз қолымен қашып бара жатқан қалмақтардың
мыңнан аса қолымен қарсы соғысып, ерлiкпен қаза
тапты деп жазады. Әрине, бҧл деректер Мағжан
Жҧмабаевтың «Баян батыр» дастанынан алынып
жазылған.
Қоршауда тұрған Едiл қалмақтарын құртып
жiберуге Абылай хан неге қарсы болды
Жоғарыда жазылғандай қазақ жасақтарының
қоршауында тҧрған қалмақтардың бiтiм сҧрай
келген елшiлердiң ҧсыныстарын талдау ҥшiн
Абылай әскери кеңес шақырады. Қазақ жасақтары
мен батырлардың кӛбi қоршаудағы Убашы мен
Церен басқарған Едiл қалмақтарын тегiс қырып
тастайық, бҧлар ата жауымыз, кҥшейiп алып
қайтадан қазақ елiне шабуыл жасайды деген
ҧсыныстарын айтады. Бiрақ Абылай кӛнбейдi,
қазақ жасақтарына кейiн қайту туралы бҧйрық
бередi.
Неге кӛнбедi? Бiрiншiден, iрi саясаткер
Абылай қҧдiреттi Қытай мемлекетi мен қазақ
хандығының арасында тәуелсiз дербес Жоңғар
мемлекетiнiң болуын қалады, Қытаймен кӛршi
147
болғысы келмедi. Екiншiден, Жоңғар мемлекетiн
бодандығында ҧстап, алым алып отыруды ойлады.
Ҥшiншiден, қалмақтардың соңғы тобын қҧртып
жiберуге қытайлардан қорықты. Ӛйткенi, Қытай
мемлекетi Убашы мен Церенге Едiлден шықпай
тҧрып 1755 жылы талқандалып қалған Жоңғария
мемлекетiнiң жерiн беремiз деп сендiрген және
бҧларды қазақ жерiнен ӛткiзiп жiберудi Абылайдан
ӛтiнген болатын. Абылайға Қытайдың бҧл ӛтiнiшiн
орындамауға болмайтын едi, себебi осы кезде қазақ
пен қытай арасы ҧшығып тҧрған, және де 1771
жылы хан сайланған Абылайды Ресей мемлекетi
орта жҥздiң ханы деп қана таныса, Қытай
мемлекетi Абылайды бҥкiл қазақ мемлекетiнiң
ханы екенiн мойындады.
Ендi осыны анықтайтын Омбы мҧрағатынан
алынған қҧжаттардан деректер келтiрейiк.
Князь Урусовтың Астрахан губернаторы
Н.А.Бекетовке жазған хатынан. (16.04.1771 жыл)
«…Тек қана менiң естiгенiм, қалмақ билеушiлерi
Шерең мен Бамбар Абылай ханға хат жазыпты:
«Едiл бойынан шығысқа, қытайға қарай ауып бара
жатқан қалмақтарды қазақ жерi арқылы аман ӛткiз,
қалмақтың жҥз жақсы қызын беремiз», - дептi.
Шерең мен Бамбар ӛзiнiң аймақтарын бастап,
Убашының алдында 20 шақырымдай озып кетiп
барады.
Қазақтардың ӛзара әңгiмесiнен естiгенiм,
Қытайдың ханы Абылай сҧлтанға хат жазып,
148
«Астрахандағы қалмақтар бiзге келе жатыр,
олардың жҥретiн жолын ашып қой», - деп талап
етiптi. Оған Абылайдың не деп жауап бергенiн
бiлмеймiз, бiрақ осы естiгенiмiз шындыққа
ҧқсайды».
(Омбы облысының мемлекеттiк мҧрағаты. 1-қор, 1-тiзбе,
173-iс, 213-бет – «Абылай хан» Зарқын Тайшыбай)
.
Қытай
мемлекетiнiң
Едiл
қалмақтарын
қорғағанын анықтайтын тағы бiр қҧжаттан ҥзiндi
келтiрейiк.
Қазақ тҧтқынынан қашып шыққан Едiл қалмағы
Даразы Шарытовтың айтқандарынан
. (26.02.1773ж.).
«Балқаш кӛлiне жеткенiмiзде атымыздың аяғы
сынып, қазақтардың қолына тҥстiк. Менi Керей
болысының қазағы Сегiзбай алып кеттi.
…Қазақтардан естiгенiм: Абылайға қытайдың
ханы елшi жiберiп, қолындағы қалмақтарды
босатып, қытай жағына берудi сҧрапты. Оған
Абылай: «Менiң қолымда бiраз Едiл қалмақтары
бар екенi рас. Олардың кӛбi кәрi, ауру, бала-шаға,
әлi кеткен қуатсыз адамдар. Басқаларын қазақтар
бӛлiп-бӛлiп алып кеткен. Және де бҧрынғы кезде
қалмақтар қазақтарға кӛп жаулық кӛрсетiп
қазақтарды қырған, талап-тонаған. Сондықтан,
қазақтар бҧл қалмақтарды оңайлықпен бермейдi», -
деп жауап берiптi».
(Омбы облысының мемлекеттiк мҧрағаты.
1-қор, 1-тiзбе, 184-iс, 235-бет – «Абылай хан» Зарқын Тайшыбай)
.
Ресей мемлекетi де Едiл қалмақтары бiздiң
елдiң азаматтығын алған адамдар, қытай елiнiң
149
азғыруымен кеткен, ӛзiмiзге тiрiдей қайтарыңдар
деп Абылайға талап қойды. Осындай себептермен
Абылай 1755 жылдары Жоңғар қалмақтарын
талқандауға
бар
кҥшiн
салса,
ендi
Едiл
қалмақтарына кӛмектесуге тырысты. Қалмақтарды
қырып тастау ӛздерi қыспағында отырған Ресей
мен Қытайдың мҥддесiне қайшы келетiн болды.
Iрi саясаткер Абылайды халық және Баян
сияқты батырлар тҥсiнбедi. 200 жылдай соғысып
қазақ
халқын
қанға
бӛктiрген
ата
жауы
қалмақтарды бiрiн қалтырмай қыру керек, әйтпесе
кҥшейiп алып қазақ жерiне қайтадан шабуыл
жасайды дестi. Абылай бҧған кӛнбедi. Бҧған
халықтың наразылығын Баян батырдың жасағында
қатардағы жауынгер болып қатысқан Уақ Тәттiқара
ақынның мына ӛлең шумақтарынан байқауға
болады.
Ҥш жҥздiң баласы
Ақылдасып, жолдасып,
Хан кӛтерiп едi.
Ҥш жҥздiң баласын
Бiр баласындай кӛрмедi.
Ат қҧйрығын сҥзiңдер,
Аллалап атқа мiнiңдер,
Хан-талау қылып алыңдар.
Абылай саясатына қазақ жасақтарының бәрi
бiрдей қарсы болмағандығын Мағжан Жҧмабаев-
150
тың «Батыр Баян» дастанының мына шумақтары-
нан байқауға болады.
Ерлерiн жиып Абылай ел ағасы,
Сҧрайды: «Мынау iстiң не шарасы?»
Қырандар әрi-берi толқысқан соң,
Қанайы Қарауылдың, топтың басы.
Саңқылдап суырылып сӛйлей бердi.
«Қытайдың қол ҧсыным шекарасы,
Қалмақты Қытай кiрген зерттер болсақ,
Қазақтың бiрi қалмай мерт боласы!..»
Тҧнжырай қалса-дағы хан Абылай:
«Қайту!» – деп, сӛздiң болды бiтуанасы».
Баян батыр туралы зерттеу мақалаларда
Абылайдың қоршауда тҧрған қалмақ қолын қырып
тастауға қарсы болу себептерi айтылмай, Абылай
«қайтайық», Баян батыр «шабайық» деп жазылып,
Баян батырдың ӛз халқына деген патриоттық
сезiмiн Абылайдан жоғары қойып алып жҥр. Олжас
Сҥлейменов айтқандай, даланы биiктетемiн деп,
тауларды
аласартып
алғандаймыз.
Мағжан
Жҧмабаевтың «Батыр Баян» дастанын жазған кезде
хандарды мадақтау бастарын ӛлiмге тiккенмен
бiрдей және дастанның басты кейiпкерi Баян батыр,
басты тақырыбы махаббат жайлы болғандықтан
Баян батырдың патриоттық сезiмiн жоғары
қойғанын ескеруiмiз керек.
151
Ноян кiм?
Ел аузындағы аңыздарда, тарихи әдебиеттерде
Сары мен Баян батырлар қатар аталып, бiрге туған
ағалы-iнiлi адамдар делiнiп жҥр. Расында,
ағайынды адамдар, бiрақ бiрге тумаған. Шежiресiн
тарқатайық. Уақ руының Шоға атасынан –
Бәйiмбет, Бәйiмбеттен 2 бала – Қырғызәлi және
Қозымерек туады. Қырғызәлiден – Есқара,
Есқарадан – Қарабас, Қарабастан – Баян батырдың
әкесi Қасаболат туады. Баян батырдан 6 бала –
Бҧлан, Қҧлжан, Тасыбай, Қарықбол, Қҧлтерек,
Бәйтерек. Алтауынан да ҧрпақтар бар, бәрi де
Мағжан Жҧмабаев ауданында және Петропавл
қаласында тҧрады.
Қозымеректен Қарағой, Қарағойдан - Ӛтемiс,
Ӛтемiстен – Сары батыр туады. Сары батырдан 3
бала туады – Сексенбай, Қыстаубай (Ноян), Итiке.
Сексенбай мен Қыстаубайдан ҧрпақтар бар,
Петропавл қаласында, Шал ақын, Тимирязев,
Жамбыл аудандарында тҧрып жатыр.
Мағжан
Жҧмабаевтың
«Батыр
Баян»
дастанындағы Ноян – Сары батырдың баласы
Қыстаубай. Автор мҧны бiлмегендiктен емес, Ноян
бейнесiн шығарманың кӛркемдiк қуатын арттыру
мақсатында бҧрмалауға барған.
«Қыстаубай, расында да ауылдағы қалмақтың
Лағда деген қызын алып қашса керек. Баласының
қылығына Сары батыр қатты ашуланады.
152
«-Қыстаубайды қуып жетiп ӛлтiр. Киiмi мен
қару-жарағын кӛзiмше кӛм, - деп Баянды
жҧмсайды. Баян Қыстаубайды қуып жетiп, бiр
қабат киiмiн алып, қозының қанына малып Сары
батырға алып келедi. Қыстаубайдың нағашысы
Кiшi жҥзде екен. Сол жаққа бар деп кеңес бередi.
Кейiн алты алаш дҥр кӛтерiлген бiр соғыста Кiшi
жҥз әскерiмен келген ҧлын кӛрiп, Сары батыр
жiбудiң орнына Баян батырға қатты ренжiптi
деседi. 1986 жылы 82 жасында қайтыс болған
марқҧм әкем Хафиз Асқарҧлының маған арнап
жазып кеткен дәптерлерiнiң бiрiнде Баян атамызға
қатысты осы бiр әңгiме де бар»,- деп жазған екен
марқҧм Ерiк Асқаров. 1991 жылы «Дауа» газетiнде
басылған «Сӛз басы – «Батыр Баян» атты
мақаласында.
Дастандағы Ноян бейнесiне орай тағы бiр
айтайын дегенiмiз, дастанды толықтай тарихи
дерек ретiнде қабылдаған Баян батыр туралы
жазған кейбiр авторлар Жолдыӛзек жерiнен Ноян
мен қалмақ қызы Қҧралайдың бейiтiн iздестiрудi
ҧсынған. Кейбiр авторлар Баян батырдың Абылай
ханды тыңдамай жауға ӛзiнiң жҥз шақты қолымен
қарсы
соғысқанын
Ноянның
ӛлiмiмен
байланыстырып, жаңсақ пiкiр айтуға барып жҥр.
Ахмет Байтҧрсынов айтқандай: «Батырлар
ошақ басы, ӛз қамы сияқты ӛмiрдiң ҧсақ мақсат
жағымен есептеспей ҧлы мақсат, ҧлы мҧратпен
болып, жҧрты ҥшiн қҧрбандыққа барады. Ата-
153
анадан, туысқаннан, сҥйген жардан батырларға
қымбат нәрсе – халық қамы».
«Жiбектi тҥте алмаған жҥн қылады» дегендей,
Баян батырды биiктетемiн деп, аласартып алып
жҥрген авторлар да жоқ емес.
Баян батыр қай жылы қайтыс болды.
Белгiсiздi бiлу ҥшiн белгiлiден бастап iздеу
заңдылығын ескере отырып, Баян батырдың туған
жылынан бҧрын қайтыс болған жылын анықтап
алайық.
Жоғарыда жазғанымыздай, баспа беттерiнде
Баян батыр туралы осы уақытқа дейiн отыздан
астам мақалалар жарық кӛрген екен. Осы
мақалалар авторларының бәрi дерлiк «Баян батыр
1756-1757, 1759 жылдары Қытаймен болған
соғыста қайтыс болыпты», - деп жазады.
Авторлардың батыр бабамыз туралы мақала жазар
алдында Манаш Қозыбаевтың редакциялауымен
2000 жылы шыққан «Қазақстан тарихын»
оқымағандықтары ӛкiнiштi-ақ.
Баян батырдың 1771 жылдың қаңтарынан
бастап осы жылдың кҥзiне дейiн созылған Едiл
қалмақтарымен болған, тарихта «Шаңды жорық»
деп аталып қалған соғысқа қатысқаны анық. Олай
болса 1756-1757 жылдары қайтыс болды деуге
ешқандай негiз жоқ. Батыр бабамыздың «Шаңды
154
жорық» соғысынан кейiн қайтыс болғанын Омбы
мҧрағатынан алынған қҧжаттар да анықтайды.
Қазақ тҧтқынынан қашып шыққан Едiл
қалмағының әйелi Жарға Бардазамаеваның сержант
Иван
Шаринге
берген
жауабынан
ҥзiндi.
(26.02.1773 жыл).
Менiң
атым
Жарға
Бардазамаева,
40
жастамын, бҧрын Едiл бойында, Енатьев бекiнiсiне
қарсы
мекенде, Дотбир
Дундуков княздiң
қарауындағы елде тҧрғанмын. Жайлауда 15 жасар
қызым ауырып, оны емдету ҥшiн Убашы ханның
елiне баруға мәжбҥр болдым. Ол ел шығысқа,
бҧрынғы жоңғар жерiне жаппай ауып бара жатыр
екен. Мен солармен бiрге кеттiм. Балқаш (Балхасы)
кӛлiнiң жағасына келгенде атымыз ӛлдi, 30 шақты
адам жаяу қалдық.
Бiздi қазақтар ҧстап алды да, ауыл-ауылға
таратып бӛлiп жiбердi. Мен Абылай сҧлтанға
қарайтын Уақ болысының ел ағасы Баян батырдың
иелiгiнде болдым. Баян батыр қайтыс болардың
алдында менi ӛзiнiң iнiсi Хабин Тулту Булуковқа
(Бӛлек?) бердi. Осы уақытқа дейiн сонда болдым.
Ол елде жағдайым қиын болды. Басқа
қалмақтар сияқты мен де бҧрын Ресейдiң
қоластында болғандығымнан қашып шықтым. Тҥн
iшiнде бiр тҥйенi ҧстап алып қаштым. Приозерный
станицасына бiр шақырым қалғанда тҥйенi далаға
тастап, ӛзiм Баянауылға жаяу келдiм…
(Омбы облыстық
мемлекеттiк мҧрағаты 1-қор, 1-тiзбе, 184-iс, 216 бет – «Абылай хан»
Зарқын Тайшыбай)
.
155
Қалмақ әйелi берген жауаптың шындығын
анықтау ҥшiн картадан атанған селоларды
iздестiрдiк. Әйел атаған Енатьев бекiнiсi Едiл
ӛзенiнiң оңтҥстiк жағасында орналасқан Астрахан
облысына қарасты Енотаев ауданының орталығы
екен, Астрахан қаласынан 172 шақырым. Әйел
атаған екiншi Приозерный селосы Шығыс
Қазақстан облысының
Тарбағатай
ауданына
қарасты Зайсан кӛлiнiң оңтҥстiк-шығысында
орналасқан село екен. Баян iнiсi деп аталған
есiмнiң қазақ есiмiне ҧқсамайтынына қарағанда,
жаугершiлiкте қолға тҥсiп, кейiн туысындай болып
кеткен басқа ҧлттың ӛкiлi болуы, не болмаса
қалмақ әйелiнiң, не жауап алушының қате
жазуынан болуы мҥмкiн. Ӛйткенi, шежiресi
бойынша бҧндай есiмдi iнiсi жоқ.
Қалмақ әйелiнiң: «Мен Абылай сҧлтанға
қарайтын Уақ болысының ел ағасы Баян батырдың
иелiгiнде болуым», - деуiне қарағанда әңгiме Баян
батыр туралы екенiне ешкiм кҥдiктенбес деп
ойлаймыз. Қалмақ әйелiнiң 26.02.1773 жылы «Баян
батыр қайтыс болардың алдында менi ӛзiнiң iнiсi
Хабин Тулту Булуковқа бердi. Осы уақытқа дейiн
сонда болдым», - деп жауап бергенiне қарағанда
Баян батыр 1772 жылы қайтыс болды деуге толық
негiз бар, «Қазақстан тарихы» кiтабы да осы
уақытты шамалап жазған.
Қазақ тҧтқынынан жоғарыда айтылған қалмақ
әйелiмен бiр мезгiлде қашқан болу керек, тағы бiр
156
қалмақ әйелiнiң жауабы (21.01.1773ж.): «Балқаш
кӛлiне жеткенiмiзде атымыздың аяғы сынып,
қазақтардың қолына тҥстiк. Менi Сыйбан Керей
болысының қазағы Қожаназар Сәттiбай иеленедi.
Жағдайым жаман болды. Қожаназардың әйелi
кҥйеуiнен менi қызғанып, ҧрып-соқты, қорлық
кӛрсеттi. Содан соң ерiксiз қашып шығып, орыс
бекiнiсiне келдiм. Мен де бҧрын Ресейдiң азаматы
болғанмын».
(Омбы облыстық мемлекеттiк мҧрағаты 1-қор, 1-
тiзбе, 184-iс, 235 бет – «Абылай хан» Зарқын Тайшыбай)
.
Қазақ тҧтқынынан қашқан екi қалмақ
әйелдерiнiң
жауаптары
тағы
бiр
тарихи
шындықтың бетiн ашып отыр. Әйелдердiң айтуы
бойынша, Қызылжар ӛңiрiнен жасақталған қол
Балқаш кӛлiнiң шығыс жақ бетiне қоныстанған.
Ӛйткенi, бiрге қашқан екi әйелдiң бiреуi Уақ Баян
батырдың иелiгiнде болса, бiреуi Сыйбан Керей
Қожаназар Сәттiбай иелiгiнде болған. Баян батыр
Едiл қалмағына қарсы соғысқа қазiргi Мағжан
Жҧмабаев атындағы ауданның Аралағаш ауылынан
(бҧл ауыл тарап кеткен) аттанса, Сыйбан Керейлер
ол уақытта қазiргi Бескӛл қаласы жерiн мекен
еткен, қалмақ әйелi айтқан Қожаназар осы Бескӛл
жерiнен болуы әбден мҥмкiн.
Қожаназар Сәттiбайҧлының ҧрпақтары қазiр
Жамбыл ауданының Жаңажол аулында тҧрады.
Қожаназар
Сыйбанның
Андарбай
атасынан
тарайды. Андарбайдан 3 бала: - Асанай, Мәмбет,
Сәттiбай туады. Асанайдан тараған ҧрпақтар
157
Жамбыл ауданының Жаңажол аулында және
Петропавл қаласында тҧрып жатыр.
Сәбит Мҧқанов Сыйбан атасын Қылды
батырдан, яғни Уақ руынан таратады. Бҧл жағынан
алғанда да қалмақ әйелдерiнiң айтуы бойынша
Сыйбан Қожаназар мен Уақ Баянның қатар
қоныстануы шындықпен ҥйлеседi.
158
ШЕЖIРЕ
159
Достарыңызбен бөлісу: |