Соғыстан кейінгі әлемді қайта құру. Версаль-Вашингтон жүйесі



Дата09.10.2022
өлшемі26,97 Kb.
#41974

Соғыстан кейінгі әлемді қайта құру. Версаль-Вашингтон жүйесі.
Версаль-Вашингтон жүйесі Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен жеңіске жеткен елдер алдында соғыстан кейінгі дүниені қайта құру міндеті тұрды. Осы міндетті орындау үшін және бітім келісім-шарттарын дайындап, қол қою үшін Парижде бітім конференциясы шақырылды. Ол 1919 жылы 18 қаңтарда басталды. Оның жұмысына 27 елдің өкілдері қатысты. Конференция жұмыс тәртібін ұлы державалар өкілдері — Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, Англияның премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж, АҚШ президенті Вудро Вильсон анықтады. Олар мәселені оңаша шешті. Конференцияға соғыста жеңілген елдер шақырылмады. Азамат соғысы жүріп жатқан Ресей де қатыспады. Соғыстың соңына қарай капиталистік дүниенің жаңа күштерінің арасалмағы анықталды. Әрбір державаның көздеген мақсаты мен материалдық табысқа жетуінің өзіндік жоспарлары болды. Соғыстың үшінші жылында ғана шайқасқа тартылған АҚШ одақтастарына ірі несие беруші және қуатты елге айналды. Осыдан келіп АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзін қайта құру бағдарламасы қалыптасып, онда халықаралық қарым-қатынастардың жаңа принциптері белгіленді. Бұл мәселе президент В.Вильсонның 1918 жылы 18 каңтарда АҚШ конгресіне жолдаған «14 тармағында» баяндалып, халыққа жарияланды. Оларда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында отарлар мен ықпал етуші аймақтарын қайта бөлісу, Антанта елдері арасындағы барлық құпия келісімдерді жариялау, жерде, теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кеден кедергілерін жою және халықаралық деңгейде «ашық есік» пен «тең мүмкіндік» принциптерін мойындау, қару-жарақ шығаруды шектеу, келіссөздерді ашық және жария түрде жүргізу мәселелері көтерілді. АҚШ Бельгияны қалпына келтіруді, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасын құру қажет деп есептеді. В.Вильсонның бұл ұстанымдары дүниежүзілік саясаттағы жаңа пікір болатын. Ұлыбритания алға қойған міндеттерін Париж конференциясына дейін жүзеге асырды. Оның көздегені — қарсыласы Германияны әлсірету және ұлы державалар қатарынан шығару еді. Осман империясының Таяу Шығыстағы үлкен иеліктерінде Германияның ықпалы жойылып, Англия ықпалының күшеюі оның күш-қуатын барынша арттырды. Африкадағы герман отарларын Англия, Франция, Бельгия, Оңтүстік Африка Одағы бөлісуге келіскен. Соғыстың барысында Франция қатты зардап шекті. Ол несие беруші елден қарыздар елге айналды. Германияның мейлінше әлсіреуін міндет еткен Франция, оны бұрынғыдай ұсак мемлекеттерге бөлу жоспарын құрды, оларды Францияның әскери-саяси одақтастығымен байланысқан елдердің ықпалына бағындыруды көздеді. Франция үкіметі Рейнге дейін шекарасын кеңейту, Германияға барынша төлемақы төлету және Осман империясының иеліктерін өз үлесіне беру сияқты талаптарын да ұсынды. Бітім конференциясының барысында кешегі одақтастар арасында шиеленіскен алауыздықтар пайда болды. Президент Вильсонның «14 тармағы» негізіне сүйенген келіссөздер барысында жеңіске жеткен елдер өз жоспарларынан бас тартпауға, мүддесін ешкімге бергісі келмеді. Антанта Италияны өз жағына соғысқа тарту үшін оған жер беруге уәде берген еді, Италия осы жерлерді конференцияда талап етті. Ал Италияның қуатсыз соғыс күші бұл иеліктерді алуға қауқарсыз болды. Сондықтан Италияның қойған талаптары орынсыз көрінді. Румыния 1916 жылы өзіне уәде етілген Трансильвания, Буковина және Банат иеліктерін беруді талап етті. Ол 1918 жылы Бессарабияны жаулап алды. Сондықтан Париж конференциясында бұл мәселе талқыланбай қалуы мүмкін емес еді. Франция Еуропадағы Польша, Чехословакия және т.б. шағын мемлекеттерінен Германияға қарсы одақ топтастыруды көздеп, жеңілген мемлекеттер есебінен аталған елдердің жер аумақтарын кеңейту талабын қойды. Жапония соғыс кезінде Германияның Тынық мұхиттағы отарларын: Каролинг, Мариан, Маршалл аралдары, сондай-ақ Қытайдың Шаньдун түбегіндегі иеліктерін басып алған. Оған қоса Қытайда өз ықпалын күшейте түскен. Сол жағдайды халықаралық шешімдермен бекітуге бел байлаған. Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының Айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемлекеттерге өтті. Германия бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия Францияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті. Бельгия Эйпен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 1/8 бөлігі мен халқының 1/12 бөлігінен, отарларынан айырылды. Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдык әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер бір жақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы (1920 ж.) соғыс шығындарынын (репарация) жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен (27 қараша, 1919 ж.), Венгриямен, Түркиямен бітім-шартқа қол қоюмен аяқталды. Ұлттар Лигасын құру жөнінде Париж конференциясы шешім қабылдады. Оның Жарғысын әзірлеуге арнайы комиссия құрылып, оған ұлы державалардың өкілдерімен қатар ірі және ұсақ елдердің өкілдері де қатысты. Вильсонның басшылығымен қысқа мерзімде Жарғының негізі 1919 жылы 14 ақпанда дайын болды. Лиганың басты мақсаты — халықтар арасында ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету еді. Ассамблея мен Кеңес Лигасының басты органдары болды. Ассамблея отырысы (Лига өкілдерінің жиналысы) жылына бір рет шақырылды. Ассамблеяның әрбір мүшесі отырыста бір дауысқа ие болды. Ұлттар Лигасын құрудың бастаушысы АҚШ үкіметі оның қатарына кірмей қалды. АҚШ үкіметі еріксізден 1921 жылы тамызда Германиямен жеке бітімшартын жасауға мәжбүр болды. Бұл бітімшартта Ұлттар Лигасы туралы ештеңе айтылмады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропадағы алып күштердің ара-салмағын өзгертті. Аса ірі екі империя — Ресей мен Габсбург (Австро-Венгрия) империялары ыдырады. Азияда Осман империясы құлады. Қуатты империялардың ыдыраған аумақтарында тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Қазан төңкерісінің және Ресей империясының құлауы нәтижесінде көптеген ұлттық шеткі аймақтар тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңестік Ресей осы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындады. Бірақ ол елдегі оқиғалар большевиктік ұйымдар әзірлеген жоспарлар бойынша өріс алды. Жергілікті большевиктер Қызыл Армияның көмегімен осы жерлерде Кеңес өкіметін орнатты. Олар 1922 жылы желтоқсанда КСРО құрамына енді. Бұл аймақтарда кеңестік тәртіпті Қызыл армия орнатып Түркістан Республикасы, Қазақ Автономиялы Республикасы шыққан. 20-30 жылдарда аймақ аумағында Өзбек,Тәжік, Қырғыз, Түрікмен және Қазақ республикалары жарияланып, КСРО шеңберінде қалды. Кеңес одағында қабылданған конституциялар бойынша әр республиканың оның қатарынан шығып кету құқығы сақталған, тек іс жүзінде Мәскеу тоталитарлық зорлық саясатты жайлатқызып, олардың егемендігін таптап келген. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін, 1918 жылы 30 қазанда Мудрос қаласында тізе бүгу туралы келісімшартқа қол қойды. Шарт бойынша, Антанта елдерінің әскерлеріне түрік аумағындағы көптеген маңызды порттар берілді. Ұлыбританияның әскери флоты Стамбұл жанында тұрды. Француздар Киликия облысын алды. Италияндықтарға Анталья мен Кония қалалары бірлесе, гректер Кіші Азияның батыс жағалауына орналасты. Темір жолдар, пошта және телеграф жеңімпаздардың бақылауына өтті. Ұлттық рухы жоғары түрік офицерлері, зиялылары, кәсіпкерлері, саудагерлер, тұрғын халықты басқыншылардың талан-таражынан қорғауға әрекет жасау үшін «Құқық қорғау қоғамын» құра бастады. 1919 жылы мамыр айында гректер Азияның Батыс жағалауындағы өте маңызды порт Измирді алды. Сұлтан үкіметі соғыс жариялағанымен талқандалған армияның соғысуға шамасы келмеді. Осындай жағдайда елдің қорғанысын 40 жастағы генерал Мұстафа Кемал патша (1881-1938 жж.) басқарды. Ол елдің барлық тұрғын халқын тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. Ол Кұқық қорғау қоғамының дербес үкіметін, ұсыныс комитетін сайлаушы «Құқық қорғау қоғамының» съезін өткізді. Түрік халқының ұлт-азаттык қозғалысы, яғни Кемал революциясы түрік халқының халық бұқарасы тұрған Анадолының бүкіл аумағын қамтыды. 1920 жылы сәуір айында Анкарада парламент — Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) шақырылды. М.Кемал дамудың республикалық жолын мақұлдады. Бұл сұлтан айналасындағылар мен монархистердің қызу қарсылығын туғызды. Одақтастар революцияны гректердің көмегімен басып-жаныштауды көздеді. Грек әскері шабуылға шықты. Осындай ауыр сәтте М.Кемал Кеңестік Ресейден көмек сұрады. Кеңестік Ресей Анкараға қару-жарақ, оқ-дәрі және ақшалай қаражат жіберді. Осы көмек М.Кемал тобының сұлтан жақтастарын түпкілікті талқандауына мүмкіндік берді. 1921 жылы 20 күндік Сакарья ұрысында М.Кемал қолбасшылық еткен революциялық армия грек басқыншыларын талқандады. Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы 1922 жылы қарашада сұлтанатты жою жөнінде заң қабылдады. М.Кемал көптеген ескі қалдықтардан құтылып, куатты жаңа держава болу үшін Еуропа елдерінің тәжірибесін қабылдау керек деп есептеді. 1923 жылдың шілде айында Швейцарияның Лозан қаласында өткен конференцияда Түркия халықаралык мойындауға қол жеткізді. Осыдан кейін барлық шетелдік әскерлер елді тастап шықты. 1923 жылы 29 қазанда М.Кемал Түрік Республикасының түңғыш президенті болып сайланды. Жаңа мемлекеттің астанасы — Анкара қаласы болды. 1924 жылы 3 наурызда ТҰҰЖ халифатты жою туралы заң қабылдады. Соғыстан кейінгі оқиғалардың ықпалымен арабтың шығыс елдерінде империалистік державалардың отарлық саясатына қарсы жаппай азаттық қозғалыстары басталды (1918-1923 жж.). 1918-1923 жж. Осман империясының бұрынғы иеліктері: Сирияда, Ливанда, Египетте, Мароккода, Алжирде, Бахрейнде, Оманда, Суданда ұлттық қарулы күштердің бас көтерулері болды. 1917 жылы қарашада кабылданған «Ресей халықтары құқықтарының Мәлімдемесі» және Кеңес үкіметінің «Ресей және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі араб халқының көңіл күйіне орасан зор ықпал етті. Ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы толқындарының нәтижесінде, империалистер араб елдерінен қуып шығарылмаса да олардың отарлық тұғыры мықтап шайқалды. 1923 ж. Египеттің тәуелсіздігі жарияланды. Одан кейін ағылшындар Ирак, Иордания мемлекеттерінің негізін қалауға келісті. Йемен мен Сауд Арабиясы 1920 жылдары өз тәуелсіздіктеріне жетті. Кеңес үкіметі алғашқылардың бірі болып Сауд Арабиясын мойындады. РКФСР үкіметі жаңа корольдікте өзінің өкілетті өкілі етіп қазақ халқының перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері, тамаша дипломат, журналист және педагог Нәзір Төреқұловты (1892-1937 жж.) тағайындады. Жеті жыл кеңестік дипломат қызметін атқарған Н.Төреқұлов кеңес-сауд қарым-қатынастарының тұрақтануына, Сауд Арабиясының дипломатиялық қатынастарының қалыптасуына жәрдемін тигізді. Вашингтон үкіметі Германия және оның одақтастарымен жасалған бітімшарттарында теңіз қару-жарақтарын шектеу, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша қосымша шарттармен толықтыру қажеттігін білдірді. АҚШ үкіметі осыны іске асыру үшін Вашингтонда конференция шақырды. Конференция 1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін өтті. Оның жұмысына тоғыз елдің — АҚШ, Англия, Франция, Португалия, Италия, Жапония, Бельгия, Голландия және Қытайдың өкілдері қатысты. Қытайға енудің аса тиімді жолын қамтамасыз ету үшін Америка делегациясы Қытайдың егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырып, барлық державалар Қытаймен болатын қатынастарын «ашық есік» және «тең мүмкіндік» негізінде іске асыруды ұсынды. Тоғыз державаның шартына сәйкес Жапония Қытайдағы бұрынғы артықшылықтарынан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар АҚШ пен Англия Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония басып алған Шаньдун түбегін Қытайға қайтаруды талап етті. Олар АҚШ жобасын дайындап ұсынған «Тоғыз державаның шартына» қол қойды. Вашингтон конференциясында теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы «Бес державаның шарты» деп аталған құжат қабылданды. Бұл халықаралық қатынастар тарихындағы қарулануды шектеудің тұңғыш келісімі еді.
Париж және Вашингтон конференцияларының шешімдері соғыстан кейінгі халықаралық қарым-қатынастар үлгісінің негізін қалаған Версаль-Вашингтон жүйесін қалыптастырды. Бұл жүйенің құрылуы шиеленістерді бәсендетуге мүмкіндік берді, халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларын бекітті, халықтардың өзін-өзі билеу қағидасын мойындады. Бейбітшілікті сақтаудың халықаралық ұйымы ретінде Ұлттар Лигасы құрылды. Бұл жүйенің осындай қол жеткен табыстарымен қатар, оның тиянақсыздығына негіз болған алғышарттар да тіркелген. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қарым-қатынастардың жаңа үлгісі болғанымен, жүйенің империалистік сипатын өзгерте алмады. Бұл әсіресе Кеңестік Ресейге қарсы жүргізілген күрестің барлық бағытынан көрінді. Капитализмге балама құрылыс ретінде пайда болған социалистік елге интервенция ұйымдастырды. Версаль-Вашингтон жүйесінің бітімшарттарының бірде-біреуіне Кеңестік Ресей өкілдерінің қолы койылмады. Соғыста жеңілген елдер соғыс шығынын төледі, соғыстың бүкіл ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Жеңілген Германияны әлсіретсе де, оның халқының революциялық қозғалысын тұншықтыруға АҚШ, Англия, Франция қол ұшын беруге әзір тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыста көтерілген шовинизм мен ұлтшылдық толқыны бәсеңдеді. Оның күші ұлттық келіспеушілік сезімін қолдаудан көрінді. Ұлтшылдықтың толқуына шекара мәселесін дұрыс шешпеудің де ықпалы болды. Румынияның құрамына венгрлер мен болғарлар орналасқан аумақ қосылды. Бұл жағдай Румыния, Венгрия және Болгария арасында тікелей дұшпандық қатынастардың пайда болуына әсер етті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа аумақтарының шекара мәселесін қайта қарау басқа елдер арасында өткір қайшылықтарды тудырды. Бұл қайшылықтардың әсерінен Болгария мен Югославия, Австрия мен Венгрия, Венгрия мен Чехословакия, Чехословакия мен Польша және т.б. елдер арасында сенімсіздік пайда болды. Версаль-Вашингтон жүйесі — Германия отарлары мен бұрынғы Осман империясының халықтарына тәуелсіздік әпермеді. Ұлттар Лигасы бұл халықтарды мандатпен басқаруды енгізіп, билеушілерін ғана өзгертті. Мандаттар — Англия, Франция және Жапония қолына тиді. Капиталистік мемлекеттер арасында отарларды және кішігірім жерлерді қайта бөлісу жүзеге асты, отаршылдықтың жаңа түрі пайда болды. Сондықтан отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар күресі тыйылмады. Орталық Еуропада үш империяның орнына бірнеше шағын мемлекеттердің құрылуы бұл аймақтағы саяси тұрақсыздықты біржолата жоя алмады. Өйткені осы аймақтағы мемлекеттердің бір-біріне деген көптеген шағым-талаптары сақталып қалды. Ұлы державалардың араларында шешілмеген қарама-қайшылықтар орын алды. Түптеп келгенде, осы жағдайлардың бәрі Версаль-Вашингтон жүйесінін баянсыздығын айқындады. Германия жағдайын жеңілдету. Германия мен оның одақтастарының соғыс шығынын төлеу туралы халықаралық қатынастардың Бірден-бір негізгі мәселесіне айналған шарты Париж конференциясында шешілді. 1921 жылы белгіленіп, 48 жыл ішінде қайтарылуға тиісті соғыс шығынын Германия төлеуден бас тартты. Бұл жағдай 1923 жылы қаңтарда, оның негізгі өнеркәсіпті ауданы Рурды француз және Бельгия әскерлерінің басын алуына себеп болды. «Рур дағдарысы» Германияда өндіріс өнімдерінің азаюына және құнсызданудың артуына әкеліп соқтырды. АҚШ-тың ұсынысымен Германияға халықаралык несие беру белгіленді. Бұл несие Германия экономикасын қалпына келтіруде үлкен көмек болды. Германия үшін Локарно конференциясының (5-16 қазанда 1925 ж.) шешімі маңызды болды. Франция мен Германия, Германия мен Бельгия арасындағы шекараның мызғымайтындығын қамтамасыз ететін «Рейн кепілдік пактісі» қабылданды. Бұл пакт Германияның көптен күткен саяси теңдігін өзіне қайтарды. 1926 жылы Германия Кеңестің тұрақты мүшесі ретінде Ұлттар Лигасына қабылданды. Соның негізінде оған Ұлы держава мәртебесі берілді. Аталған жағдайлардың бәрі халыкаралық карым-қатынастардың тұрақтылығын біршама нығайтты. Үкіметаралық деңгейде қарусыздану мәселесін талқыға салу тұңғыш рет 20 жылдары қойылған еді. Бірақ Версаль-Вашингтон жүйесінің қару-жарақта теңсіздік орнатуы осындай маңызды қадамның алға басуына кедергі келтірді. Соған қарамастан 1925 жылы химиялық және бактериологиялық қаруларды шығаруға тыйым салуға Женева конференциясы қол жеткізді. АҚШ-тың оқшаулануы 1920 жылы сайлауда республикашылдардың жеңіске жетуіне мүмкіндік беріп, үкімет басына президент Уоррен Гардинг бастаған жаңа әкімшілік келді. Ол бұрынғы президент Вильсон қолдаған сыртқы саясат бағытынан бас тартып, АҚШ-тың сыртқы саясатының негізін оқшаулану идеясына кешірді. АҚШ-тың оқшаулануы соғыстан әлсіреп шыққан Англия мен Францияның дүниежүзілік саясаттағы жетекші рөлін арттырды.

XX ғас. 20-30 жж. Эканомикалық дағдарыс және оны шешу жолдары.


Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикелық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыногтің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқатуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктің механизмнің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмінен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты. XX ғасырдың бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ – та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929 – 1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қауіп төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Кейншілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейн жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгенігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен «тер сығып алу» жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолмен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір – ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығыны аясын, қызметтерге, ағарту ісіне ( мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады.бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындары азайту немесе арттыру, экономикалық конктураға байланысты салықтар мен бану пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмін жасады. Жағдарыс жағдайында «сұранысты қамту», яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың «қызып кеткен» және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта – жүре бер» ұстанымы деген аталды» немесе теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғасырда аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48 – 55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын – оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезеңдерде индустриялық қоғамның техникалық және техноогиялық негізі жаңарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты – басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XYIII ғасырдың 80 жылдар мен 90 – шы жылдары басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әрқайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететің кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі ( соғыстар, революциялар, аса ірі саяси – әлеуметтік қақтығыстар) келеді. Мемелекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелістерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастардың ұшы ең басты мәселеге – мемлекет пен азаматтық қоғамның , мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктің рөліне келіп тіреледі. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында - ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындығын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол кездің басты идеялық – саяси қайшылығы – мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азқаматтық қоғам арсындағы қатынастар турасында принциптік түрде қарама – қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселелерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX ғасырда саяси тарихының арқауын құрайтын тотаритализм мен демократия арасындағы күрестің мазмұны болды. Тоталитарлық режимдердің ееркшеліктері. Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық – тоталитарлық үлгісі мен либералдық – демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда ( нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда орнатылған фашистік режимдер болды. Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыр және соғысқа дайындалу, индустрияландыруды тездету, алдын – ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тоталитарлық» ұғымы 20 – 30 жж. КСРО – да қалыптасқан әкімгершілдік - әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді. Экономика саласында фашиз мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, оны милитарландыру мен алдағы соғысқа дайындалуға бағытталды. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама – қарсы тұруларын мелекеттік - партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып таратылды. Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашистік идеялар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашистік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашистік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.
Либералдық – демократиялық режимдер. 30 жылдары дағдарыс аппаттарынан демократиялық институттарды сақтай отырып шығудың демокоратиялық жолы ежелден келе жатқан берік демократиялық дәстүрлері бар, саяси мәдениеті мен қоғамдық қозғалыстары жоғары дамыған елдерге тән болды. Мұндай елдердің қатарына Улыбритания, Франция, Скандинавия елдері, АҚШ, Канада, Мексика т.б. еледер жатты. Мемлекеттік реттеу құралдарын пайдаланып және еуропалық демократия мен дәстүрлі либерализмнің идеялық негіздерін сақтай отырып, бұл елдер әлеуметтік қызметтерін кеңейтті. Бұл ұстанымдар деп отырғанымыз экономикалық доктриналар мен экономикалық өмірге араласпау саясаты емес, заңды жалпыға бірдей және тең қолдануды, мемлекетпен салыстырғанда артықшылықпен пайдаланатын адамдардың негізгі және ажыратылмас құқықтарын, биліктердің бөліну принциптерін, сайлаушылық пен парламентаризмді танитын қоғамдық және саяси идеялар болып табылады. Мемлекет пен азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлға арақатынастарына байланысты тотарлитаризм мен демократияның арасындағы принципиалдық айырмашылықтар мында еді. Авторитарлық саяси режимдер. Екі соғыс аралығында Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропада ( Австралия, Венгрия, Болгария, Югославия, Польша т.б) орнаған авторитарлық саяси режимдер аралық сипатта болды. 1940 ж. Соңына қарай Гитлер әскерлерінің Францияға басып кіргеннен кейін бейтарап Швеция және Швейцариядан басқа Атлантикадан бастап КСРО шекарасына дейінге бүкіл құрлықтық Еуропада орналасқан елдерде фашистік немесе авторитарлық режимдер билік құрды. Еуропа мен Азияның сол кездердегі карталарына көз жүгіртер болсаңыз, XX ғасырдың 40 жылары бұл екі құрлықтағы демократия мен бостандық ошақтарын саусақпен санауға болатынын көрер едіңіз.
Коминтерннің тактиксы. Либералдық демократтардың осалдығы, қалың бұқарасының парламенттік жүйелер мен республикалық институттардан түңілуі, солшыл күштердің, әсіресе коммунистер мен социал – демократтардың, арасындағы алауыздылық Италияда фашистердің, Германияда нацистердің үкімет басына келуін және кейбір еуропа елдердің тоталитаризмге бет бұруын едәуір жеңілдетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет