Термин дегеніміз – ғылым мен техника, өндіріс пен шаруашылық, саясат пен дипломатия, мәдениет пен өнер салаларындағы немесе тұрмыстың белгілі бір саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін арнаулы мәнде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері



Дата28.04.2022
өлшемі13,8 Kb.
#32708
түріДиплом
Байланысты:
Термин сөз семинар


Термин дегеніміз – ғылым мен техника, өндіріс пен шаруашылық, саясат пен дипломатия, мәдениет пен өнер салаларындағы немесе тұрмыстың белгілі бір саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін арнаулы мәнде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері.

термин жасаушыларға мынадай талап қойылады.

  1. Термин дәл болуға тиіс. Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. Ғылыми ой-пікір қашанда өзінің анықтығымен, дәлдігімен, нақтылығымен ерекшеленеді. Бұл үшін термин білдіретін тиісті ұғымның басты-басты белгілері дәл саралануы керек.

  2. Термин қысқа болуға тиіс. Оның игерілуі қиындап отырған жағдайда терминнің қысқа болуының практикалық мәні бар. Термин қысқалығы оны есте сақтау үшін де, уақыт үнемдеу үшін де қажет.

3.Термин жүйелі болуға тиіс. Бұл термин құрайтын элементтерді және терминдік белгілерді дұрыс іріктей білу керек деген сөз.

Термин жасаудың жолдары мен тәсілдері көп. Солардың ішінде ең өнімділері мыналар. 1. Семантикалық тәсіл. Ұлттық тіліміздің өз мүмкіндігін толық пайдалану негізінен семантикалық тәсіл арқылы жүзеге асады. Бұл үшін қазақ тілінің байырғы сөздері мен ертеде енген араб-парсы сөздері арнайы жаңа терминологиялық мәнде жұмасалады. Мысалдар.



Отан деген сөздің о бастағы мағынасы «біреудің туған үйі», «шаңырағы» немесе әрі кеткенде «туған ауылы» дегенді ғана білдіретін. Бұл сөз қазір «өскен жер», «атамекен», «туған ел» деген ұғымдарды білдіреді 2. Морфологиялық тәсіл. Бұл ретте терминнің дәл болуы түбір мен қосымшаның үйлесуіне тікелей байланысты. Осы екеуі жымдаса келе терминдік мәнге ие болады. Термин жасауда жиі пайдаланылатын жұрнақтар мыналар:

-шы/-ші: тілші, үгітші, тәрбиеші, жазушы, әнші, жасақшы, дүкенші

-лық/-лік: мамандық, сенбілік, орталық, республикалық, оқулық т.б.

-ма/-ме: қондырма, үйірме, мінездеме, балама, жазба, баспа, мінбе т.б.

-ым/-ім,-м: қырқым, ашылым, басылым, жызылым, қойылым т.б.



-ыс/-іс,-с: сұраныс, көрініс, ұғыныс, тексеріс, отырыс, ұсыныс, табыс

-қы/-кі,-к: құрылғы, жылытқы, ашытқы, қондырғы, сүлгі т.б.

-қыш/-кіш: тоңазтқыш, мұздатқыш, айықтырғыш, дән тазалағыш т.

-кер/-гер: жауынгер, майдангер, баспагер, ғарышкер т.б.



-дама/-деме: аялдама, дәйектеме, жолдама, түсініктеме, жүктеме т.б.

3. Калькалау тәсілі. Калька дегеніміз – бір тілден екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы жасалған тілдік бірлік (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеологизмдер). Оған алғышарт (предпосылка), аялдама (остоновка), басылым (издание), қондырғы (установка), жарты арал (полуостров) мысал бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет