СөЖ №3 Тақырып. Көне түркі жазба ескерткіштері және олардың туған өлке тарихын зерттеулері



бет1/3
Дата02.12.2022
өлшемі56,68 Kb.
#54350
түріПрактикум
  1   2   3

СӨЖ №3
Тақырып. Көне түркі жазба ескерткіштері және олардың туған өлке тарихын зерттеулері.
Тапсырмалар:



  1. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихи маңызы» атты презентация жасау

  2. Грек, қытай, араб жазба деректері туралы реферат жазу.



Негізгі әдебиеттер тізімі

  1. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі, А., 2000

  2. Этносы Казахстана: историко-демографический справочник Астана, 2001

  3. Нұрғалымова Г.С. Қазақстан топонимикасы. А., 1998.

  4. Ахметжанова Ф.Р., Әлимхан А.Ә Қазақ шығысының жер-су атаулары . Өскемен, 2000

  5. Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (2 половина 19 – начало 20 в.) А., 1995

  6. Практикум по древней и средневековой истории Казахстана А., 2000

  7. Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

  8. Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

  9. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. А., 1982.

  10. Внеклассная работа по истории краеведения. М., 1975.

  11. Громов Г. Методика этнографических исследований. М., 1966.

  12. Кацюба Д.В. Краеведение в воспитании учащихся. М., 1965.

  13. Матюшин Г.Н. Археология в школе. М., 1964.

  14. Матюшин Г.Н. У истоков человечества М., 1982

  15. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана, А. 1979

  16. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана, А., 1993

  17. Строев К.Ф. Краеведение. М., 1974.

  18. Ивлев Н.П. Находки краеведа. А., 1977.

  19. Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971.

  20. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. А., 1966.

  21. Мурзаев Э.Н. География в названиях. М., 1979.

  22. Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. А., 1993.

ҚР Білім және ғылым министрлігі


Еуразия гуманитарлық институты


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Грек, қытай, араб жазба деректері


Орындаған: Ақжігіт Н. ДБОЖ-21-01


Нұр-Сұлтан қ. 2022 ж


Жоспары:




  1. Грек жазба деректері

  2. Қытай жазба деректері

  3. Араб жазба деректері



Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", — деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған.
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.


Қытай саяхатшылары мен тарихшыларының жазбалары б.з.б. ІІ ғ. бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай деректері айтарлықтай рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда Қазақстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытай экспансиясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттігін туғызды. Бұл орайда халықтар мен тайпалардың мінез-құлқы мен өмір салты, саяси құрылысы туралы материал мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат елшілердің, саудагерлердің, саяхатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне жасаған сапарларының нәтижесінде, қытай әскерлерінің жорықтары кезінде алынып, жеткізіліп отыратын.
Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (б.з.б. 140-86 жж.) батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батысқа» б.з.б. 138 ж. және б.з.б. 115 ж. екі саяхат жасады. Олардың көздеген бір мақсаты сюннуларға (ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары юэчжилермен және Жетісу усундерімен одақтасуға қол жеткізу еді. Чжан Цянь өз миссиясы барысында жат жерліктердің шаруашылығының жай-күйіне, олардың әскерлері санына, қару-жарақтарына ерекше назар аударды, сондай-ақ олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерін жазып алып отырды.
Әулеттік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б. 145-86 жж.) 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет