СөЖ 5 Әдебиеттанушы ғалым Ю. Борев эстетика жайында айтйлған ойларын талдау, әдеби сын мақала жазу Орындаған: Әлден Гүлназ



Дата05.05.2023
өлшемі121,8 Kb.
#90040


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы




СӨЖ 5
Әдебиеттанушы ғалым Ю.Борев эстетика жайында айтйлған ойларын талдау, әдеби сын мақала жазу

Орындаған: Әлден Гүлназ
Қабылдаған: Қабатай Б


Ю.Боревтің "Эстетикасынан" дәйексөз келтірейік. Эстетика бастапқы кезде философия мен космогонияның бір бөлігі болып,ал кейін әлемнің тұтас бейнесін жасауға қызмет етті.Эстетиканың философиядан бөлінуінің үдерісі Сократтан бастау алған. Аристотель пайымында эстетика – поэтика проблемалары мен табиғат, сұлулықтың жалпыфилософиялық проблемалары болып, ал Гегель үшін эстетика пәні – «әсемдіктің кең байтақ патшалығына», «өнерге һжәне оның кез келген түріне емес, әсем өнерге» бағытталды дей келе, " Эстетика – 1) жалпыадамзаттық құндылықтардың, олардың дүниеге келуінің, болмысының қабылдауы мен баға беруінің, 2) кез келген адамның, ең алдымен, өнердегі қызметі үдерісінде әлемді эстетикалық игерудің мейлінше жалпы қағидаларының мәні туралы, 3) эстетикалықтың табиғаты мен оның болмыстағы әрі өнердегі алуантүрлілігі, шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары,4) өнердің қабылдануы, қызмет етуі мен дамуы туралы философиялық ғылым.", - деп тұжырымдайды. Менің ойымша, осылай эстетиканы толықтай аша білді.Эстетика – жалпы адамзаттық құндылықтардың , олардың дүниеге келуінің , болмысының қабылдауы мен баға беруінің , кез келген адамның , ең алдымен , өнердегі қызметі үдерісінде әлемді эстетикалық игерудің мейлінше жалпы қағидаларының мәні туралы , эстетикалықтың табиғаты мен оның болмыстағы әрі өнердегі алуантүрлілігі , шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары , өнердің қабылдануы, қызмет етуі мен дамуы туралы философиялық ғылым. Борев эстетиканың әр дәуірде жанрға, бағыт пен ағымға байланысты өзгеріп, қоғам өміріне қарай бейімделгенің айтып, әр кезеңдегі эстетиканы талдап көрсетеді. Соның ішінде постмодернизм дәуірі. Адам қоршаған ортадағы қысымға шыдамай, пост дәуірлік адамға айналады дейді. Ол бүкіл мәдениетті жаулап, адамдар өз ерекшеліктері мен тұлғасына қарай жан-жақты өнер туығызады делінген. "Поп-арт – бүлікшіл өнер түрі. Ешнәрсені мойындамау, жаңа эстетика туғызу. Театр бұл кезде мүлде ұмыт қалып, адамдарға поэзияны әкелуден бас тартады." Әрине, әр түрлі эстетикалық көзқарастардағы топтарда қақтығыстар болады.
Ю.Борев эстетика бізге не үшін қажет деген сауалға жауап іздейді. Борев өнерді түсінуге көмектесетін эстетика, және ол күнделікті тұрмыста, еңбекке де қажет деп түсінеді. Бір жағынан сондай портреттер ілінген музейде жүретін немесе киімді сәнді етіп үйлестіретін сәнқойлар туралы сияқты. Меніңше , өнерді қабылдауға тәрбиелейтін де – эстетика.Өнер – ең жоғарғы рухани әсерлердің бірі және ол адамды эстетикалық ляззатқа бөлейді.Өмірді игеру эстетикалық формада жүзеге асады.Адамның қызметі белгілі бір эстетикалық идеялар , түсініктер, мақсаттар негізінде өтеді.Адам бойында жасампаздық бастау мен әсемдікті қабыладай білу қабілетін қалыптастыра отырып,эстетика еңбекке,тұрмысқа,өнеркәсіптік өндіріске енді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет