СөЖ жоспары «Кәсіпкерлік» пәні



бет1/6
Дата07.02.2023
өлшемі94 Kb.
#65920
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


«Экономика және бизнес» жоғары мектебі


«Экономика» кафедрасы

СӨЖ жоспары
«Кәсіпкерлік» пәні
«6B05305 - Физика и нанотехнология», «6B05302 – Киберфизика», «6B07107 – Электроэнергетика»
білім беру бағдарламасы

Алматы, 2023 ж.

Студенттің өзіндік жұмысы студенттер білімінің тереңдігін, дағдылары мен біліктілігін, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.


СӨЖ студенттердің таным қызметінің бір тармағы болып табылады. Ол студенттерге белгілі бір тақырып шеңберінде білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Студент СӨЖ тақырыптары, тапсырмалары, оны орындау уақытымен танысып, белгіленген кестеге сәйкес орындаған жағдайда тиісті балл жинай алады.
Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы керек. Сондай-ақ өз қалауы бойынша статистикалық мәліметтер, мерзімдік басылым, интернет сайттары, электронды оқулықтар материалдарын пайдалана алады. Бұл материалдар экономикалық құбылыстарды салыстыру, талдау әдісін қолдануда қажет болады.
Студенттердің білімдері жеке жазбаша жұмыстар, эссе жазу, ауызша жауап беру, презентация жасау, дөңгелек үстел ұйымдастыру, аналитикалық анықтама жазу, сондай-ақ пән ерекшелігін ескере отырып материалдарды кесте, диаграмма, график түрінде ұсынуы негізінде бағаланады.
Мысалы, аналитикалық анықтама жазу үшін:

  • талдау қажет категорияның мәнін ашып, оны құраушы элементтерді анықтау;

  • экономикалық құбылыстың өткен және қазіргі кезеңдегі жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді таңдау;

  • осы құбылыс өзгерісінің динамикасы мен беталысы көрсету;

  • әсер ететін факторларды талдау;

  • мүмкін болатын перспективаларды анықтау.

Әрбір студенттің өзіндік жұмысының соңғы кезеңінде СӨЖ арналған тапсырмаларды бағалау келесі жағдайларды ескеру арқылы жүзеге асырылады:

  1. теориялық және тәжірибелік білім көлемі;

  2. мәселені зерттеу тереңдігі;

  3. ғылыми әдебиеттерді пайдалану негізділігі;

  4. тақырыпты зерттеу кезіндегі дербестігі және шығармашылық көзқарасы;

  5. командада жұмыс жасай білу;

  6. креативтілік;

  7. нақты мәселелерді шешу үшін өзінің білімін қолдана білу;

  8. шешендік қабілеттер;

  9. рәсімдеудің дұрыстығы;

  10. қорғау кезінде өз ойын еркін, толық және дәлелді түрдед жеткізе алуы;

  11. баяндамасын немесе презентациясын қисынды жасай білу.

«Кәсіпкерлік» пәні бойынша 3 СӨЖ қарастырылған.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 1 – Жоба «Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын талдау (ҚР нақты кәсіпорын мысалында)» (жеке жұмыс)
Жеке жасалатын өзіндік жұмысыңызда төменде көрсетілген факторларды нақты кәсіпорын мысалында көрсетіп, талдау жасаңыздар



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет