1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз



бет1/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз.

Сапалы білім беруде мұғалім міндеті – білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына прблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті.

Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.

Білім сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану.

Білім сапасын арттырудың басты шарты олар: оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту программасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.

Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет