Пәні:Философия Тақырыбы: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу»
Орындаған:Жолшиева Қ.Е Тексерген: Джанкадыров С. С.
Алматы қаласы 2022ж
«Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» Жоспар: 1)Үңгір аллегориясы туралы жалпы түсінік 2) Платонның үңгір аллегориясы туралы пікірі 3) Сыни тұрғысынан ойлау Кіріспе Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу, яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру. Аллегория оқырманның не көременнің санасына,қиялына ерекше әсер ететіндей,образ жасаудың бейнелеуіш құралы,көркемдік тәсіл.
Ежелгі Грекия. Философия әлеміне саяхатқа аттанбас бұрын ежелгі Грекияға, үш ұлы философ өмір сүрген дәуірге көз жіберіп көрейік. Бұл - биік таулар қоршаған, құнарлы жазирасы да бар, аумағы шағын, табиғаты қатал аймақ еді. Бұл жерлерді тәуелсіз, ержүрек және денсаулығы мығым адамдар мекендеді. Саяхаттың ең қарапайым тәсілі - теңіз жолы еді. Қалалар бір-біріне өте жақын орналасқанымен, араларын күрделі рельефтер бөліп тұрды. Гректер көкөніс пен жемістің бірнеше түрін ғана өсірді. Балық қоры солтүстік аймақтардағыдай мол болған жоқ. Ешкі еті негізгі тағам ретінде көп пайдаланылды. Барлық жерде зәйтүн ағаштары жайқалып өсіп тұратын, зәйтүн майы, шарап мол болды. Ауа райы ыстық, жазы өте құрғақ, ылғалы аз еді. Аптап ыстық адамды қалжырататын. Осындай аймақты «мықты, іскер, алғыр және зерек» деп си патта лған адамдар мекендеді. Ежелгі Грекия қазіргі мемлекеттердей біртұтас болған жоқ. Әр қала тәуелсіз құрылым еді. Афина қаласы шамамен 240 000 адам мекендеген мемлекет болды. Тұрғындарының басым бөлігі құлдар еді. Қаланы тәуелсіз азаматтардың халықтық жиналысы басқарды. Афина сәулет өнерімен, музыкасымен, әдебиетімен және философиясымен танылды. Ал Спарта мүлде басқа ел еді, ол қатаң әскери мемлекет болатын. Мұнда сәбилерді ата-ана құшағынан алып кетіп, әскери ортада тәрбиеледі. Спарта әдебиетті, сәулет Сократ пен Платон: от пен кун 15 өнерін немесе өнердің басқа да түрлерін бағалаған жоқ. Экономикасы құлдар еңбегін пайдалануға негізделді. Ал барша ер-азамат тек әскери істі ғана меңгерді.