Экономика және бизнес факультеті
Қаржы және аудит кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы:Құндылықтарға бағдарлану психологиясы және құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресрусы ретінде
Оқытушы:Муса Құндыз
Студент:Жұмағали Ақбота Мамандығы:Есеп және аудит-1 курс
Алматы, 2023
Жоспар: 1.КІРІСПЕ 2.ҚҰНДЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ 3.Құндылықтарға бағдарлану ресурстары 4. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ 5.МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ НҰСҚАУЛАР 6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ Тұлға –өз өмірінің иесі ол сыртқы ортамен өзге адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы көртеген даму сатыларын бастан кешетін өз өміріне жауапкершілікті сезінетін адам. Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
ҚҰНДЫЛЫҚ Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді. Ол адамға ғана емес, оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты. Құндылық - әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті. Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес. Әр адамның таным-түсінігіне, көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Қоғамда "рухани құндылықтар", "материалдық құндылықтар", "мәңгілік құндылықтар" сынды ұғымдар қалыптасқан. Иә, бұл жеке-дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен, жалпы құндылық түгелдей жалқы адамға тән бола бермейді. Мысалы, рухани құндылықты құрайтын махаббат, иман, адамгершілік,т.б. сынды жеке-жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы мүмкін. Біреулерге махаббат құндылық болғанымен, иманның не екенін білмей, оған пысқырып та қарамайтын жандар бар. Ақылды құндылық деп санайтындар махаббаттың, жанашырлықтың, адамгершіліктің не екенін ұмытып жатады. Филососфияда құндылық белгілі бір заттың не құбылыстың мәдени-әлеуметік маңыздылығы ретінде сипат алады. Ал психология бойынша құндылық дегеніміз - өзін қоршаған ортада жеке тұлғаның бағалайтын заттары не құбылысы. Ол ынталандыру ұғымымен тығыз байланҒылыми дереккөздерінде «құндылық» сөзі философия, әлеуметтану, педагогика және психология ғылымдарындағы негізгі тұжырымдамалардың бірі. Бірқатар психологиялық еңбектерде құндылықтың пәнаралық сипаты ерекеше атап өтіледі, дегенмен «құндылық» сөзінің нақты анықтамасы жоқ, сондықтан оған бірнеше анықтама беріледі. Осы тұрғыда Д.А. Леонтьев былай деді: «құндылық» сөзінің нақты анықтамасы жоқ»... Әртүрлі авторлар түрліше, бір-біріне тән емес және бір-біріне сәйкес келмейтін мағыналарда пайдаланады. Сондықтан әр ғылымда әр ғалым әртүрлі анықтама берген «Құндылық» феноменіне қызығушылық сонау антикалық дәуірден бастау алған. Диоген Лаэртский алғаш рет «құндылық» сөзіне анықтама берген, оның анықтамасы бойынша: «Құндылық, біріншіден кез-келген игілікке тән жәрдемдесіп, өмірге бейімделу, екіншіден, табиғатпен сәйкестендіріп, өмірмен бірге әрекет ететін пайда, үшіншіден, тәжірибеде сатушы тағайындайтын тауардың айырбас бағасы». Сонымен антикалық дәуірдегі философтардың ойынша, құндылық табиғатпен сәйкестендірілген тіршілік етуге бейімделуімен сипатталған, игілікке қол жеткізудің құралы болып саналған .Философиялық лексикада «құндылық» түсінігі 60-жылдары енгізілген. XIX ғасыр неміс философы Р.Г. Лотце («Практикалық философияның негіздері» атты өз еңбегінде) оны субьектінің «маңыздылығы» ретінде қарастырды. Бірақ оған дейін И. Кант өз еңбегінде: «Құндылық – ерік-жігерге бағытталған талап, адамның алдында тұрған мақсаты және тұлғаға әр түрлі факторлардың маңыздылығы», - деп қарастырған . Әлеуметтік психологияда құндылық ұғымына идеал, мақсат, мүдде, нанымдар кіреді, сонымен қатар әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы басқа да идеологиялық көріністер қалыптасады. Л.С. Рубинштейннің анықтамасы бойынша, құндылық адам өміріндегі бір нәрсенің маңыздылығы, тек мойындалған құндылық ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. Смелзер «құндылық» ұғымын адам жетістікке жету үшін ұмтылуы тиіс қоғамдағы ортақ мақсат деп түсіндірген Н.И. Лапин бұл түсінікке мынадай анықтама береді: «Құндылық – фундаменталды нормалардың рөлін атқаратын, жалпыланған мақсаттар мен оларды жетілдіру жолдары. Олар қоғамның интеграциялануын қамтамасыз етеді, адамдарға өмірлік жағдайдағы әлеуметтік мінез-құлықтарын таңдауға көмектеседі» В.Т. Тугариновтың ойынша, адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп анықталады. В.П. Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды: өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б. мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.); әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік); рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер). А. Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті, рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі [8]. М.Г. Казакинаның анықтамасы бойынша: «құндылық - бұл сыртқы құбылыс (зат, құбылыс, іс- әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция) құндылық - бұл, біз баға беретін объект». Ш. Шварц құндылықтың екі деңгейін қарастырады: нормативтік деңгейдегі әлеуметтік идеалдар; тұлға деңгейіндегі әлеуметтік идеалдар. Бірінші деңгей тұрақты, себебі әрекет ету туралы жалпы қабылданған пікірлерді көрсетеді. Екінші деңгей, адамның сипатына және адамның жеке тәжірибесіне байланысты оның іс-әрекеттері [9]. Әлеуметтік психологияда «құндылық бағдарлары» түсінігі екі мағынада қолданылады: «идеологиялық, саяси, моральдық, эстетикалық және шындық тақырыбын бағалаудың басқа да себептері, оған бағдар беру; объектілердің мәніне қарай дифференциациялау әдісі.Құндылық бағдар әлеуметтік тәжірибені игеру арқылы қалыптасады және жеке тұлғаның мақсат, идеалдар, наным мен мүдделерінде көрініс табады. Құндылық бағдар тұлғаның бағытының дамуымен байланысты және адамның өмірге деген, өзіне деген және тұлғалық бағытқа деген көзқарастарын сипаттайды. Психологиялық бағытта «құндылық бағдар» феноменіне көптеген анықтамалар берілген. Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына: «Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген. Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп көрсетеді, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша: «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның рухани дамуының негізі, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады. К.К. Платоновтың пікірінше: «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен адам өмірінің эмоционалды дүниесімен байланысты». В.А. Ядов бойынша «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның қарым-қатынасының неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан құрылым компоненттерін көрсетеді» ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАР Құндылық бағдар - күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады және жеке тұлғаның қарым-қатынас жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қызметін бағдарлау және қызметінің мазмұны, адамға жалпыға ортақ көзқарасты айқындайтын, өз алдына, мағынасы мен бағытын көрсете отырып, мінез-құлық сипаты, әрекеттер көрінісі. Сонымен, құндылық бағдар бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен іс- әрекетке қатынасын білдірсе, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді, қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі. Құндылық бағдар адам дамуының ең негізгі факторы болып табылады. Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады. Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады. Л.И. Иванько: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормалар мен құндылықтар арасындағы айырмашылықтарды былайша ажыратуға болады. Құндылықтар көбінесе, адамның іс-əректінің бағыттылық жақтарына сəйкес келеді, ол нормалар сол іс-əректтердің жүзеге асуының амал-жолдарына байланыты. Нормативті жүйе құндылық жүйеге қарағанда адамның іс-əрекетін ерекше айқындайды, өйткені біріншіден, ол нормаларды ұстанды, екіншіден, нормалардың нақты бір жүйесі ішкі тұтастылыққа негізделеді: адам іс-əрекетінде оны толық жəне тұтастай бір мезгілде ұстанды»-дейді . Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі əлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық мінез-құлық, өмірдің жəне мəдениеттің құндылықтарын ұғынуға жəне жаңғыртуға бағытталған. Психолог ғалымдар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, И.С. Конның пікірінше құндылық бағдарлардың дамуы сатыларын жалпы индивидуалды дамуды жас кезеңдерімен байланыстырады. Сонымен қатар құндылық бағдардың даму сатылары қатаң түрде белгілі бір жасқа байланысты емес, яғни олар өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырады. Алайда əр саты соңғы жəне жетістікке жеткен болуы мүмкін, сондықтан даму деңгейі индивидуалды типте болады. Ж. Пиаже құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы адамгершіліктік даму да прогрессивті, кезеңдік сипаттамаға ие. Ж. Пиаже басқа авторлар секілді моральдық даму сатыларының жүйесі жалпы когнитивті жасерекшеліктік өзгерістерге байланысты болады . Осылай, нарықтық жағдайлар тұлғаның қалыптасуына, оның қажеттіліктері мен құндылықтарына тікелей əсер етеді. Тұлғаның құндылықтары оның əлеуметтік ортасымен тығыз байланысты. Құндылық түсінігі адамның қатынасы əлемге сипатталғанда қолданылады. Құндылық адам жəне оны қоршаған əлем арасында бөлінген, ол тек олардың қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, адамның санасымен өзара əрекетке тиісті. Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы мінез-құлқымен жиі қарастырылады. Сонымен, оның келесідей басты сəттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, екіншіден, ол оның əлеуметтік мінез-құлқының реттеушісі ретінде қарастырылады». Қоғам тұлғаға əсер етеді, ал тұлға қоғамға нақты əлеуметтік топ арқылы ықпалын білдіреді. Қоғамдағы өзгерістерді жақтаушылар дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ экономика мен қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігін сезінген, өз сенімдеріне күш салатындықтан қарсы алған адамдар. Ал, нарықтық қоғам ең алдымен биліктің мемлекеттік органдардың қолынан жеке өндірістік иелерінің қолына өтумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада еңбек жəне тауар құны сатушымен сатып алушының өзара келісімімен анықталады. Отандық психологияда «құндылық бағдарлар» түсінігі əр түрлі қарастырылады, бірақ та, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Н. Узнадзелердің жəне басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылған, оның психологиялық тұтастылығын айқындайтын əлеуметтену мен жеке дербестік процесінде қалыптасатын тұлғаның қасиеттік жүйелік қалыптастырушы ретінде қарастырылады. Отандық психологияда, Б.Ф. Ломов «тұлға» түсінігі мағынасының əртүрлілігіне қарамастан, оның негізгі қасиетін бағыттылық деп келтіреді. С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, Д.Н. Узнадзе жəне тағы басқалардың еңбектерінде бағыттылық тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастырылады жəне оның барлық психологиялық қалыптасуын анықтайды. Б.Ф. Ломов бағыттылықты тұлғаның қоғамға беретіні жəне алатыны, оның дамуына қосатын үлесі ретінде қарастырады. В.П. Тугаринов «құндылықты бағыт» түсінігін кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған болатын. В.Н. Мясищев тұлғалық мəнін заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп анықтайды, «Билеуші қатынас» тұлғаның бағыттылығына сəйкес жəне жеке өмірінің мəні туралы сұрақпен тікелей байланысты. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар - ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне тағы басқалар өз еңбектерінде айтып өткен. Тұлғаның құндылықтарын жəне құндылық бағдарларын зерттеуге арналған ықпалдардың негізгі ғылыми-теориялық талдауы бізге оларды əртүрлі бағыт бойынша орналастыруға шартты түрде мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларға тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның бүкіл өмірін анықтайтын тұрақты бағыттар қалыптасқан. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар – ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне т.б. өз еңбектерінде айтып өткен. Публицистикалық жəне көркем əдебиет бейнелері əлеуметтік зерттеулерде ең маңызды құндылықтардың тасушысы ретінде қолданылады. Дəл осылар мінез-құлықтың идеалды əдісінің, өмір сүрудің идеалды стилінің моделін ұғыну үшін үлгіні елестету құралы болып табылады. Бұл өте терең В.Е. Семенов жүргізген жəне соның қол астында жүргізілген эмпирикалық, əлеуметтік-психологиялық зерттеулерінде қарастырылған. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын өз уақытында В. Шубкин де айтып өткен: «Адам іс-əрекетіне зейін қойып қараған адам, оның идеалды түрдегі тырысу, қалау жəне тағы сол сияқты болып көрінетінін байқамауы мүмкін емес. Осыған орай, адам іс- əрекетінде ең жақын делдалсыз себеп ретінде материалды факторларды орталайтын идеалды факторлар болып табылады. Бұл идеалды əлемді, идеалды факторларды ғылым жəне өнермен талдау – адам мінез-құлығының заңдылықтарын түсіну үшін қажетті сілтеме болып табылады. Əлеуметтік психология өздеріне назарды аудартпауға болмас еді, себебі олар алғашында осындай бір идеалды факторлардың – тырысулар, қалаулар, қызығушылықтар, қажеттіліктер - ішінде ең болмаса біреуін сипаттауға батыл қадам қойған» . Көп жағдайда құндылық бағыттарын «қажеттілік» жəне «мотив» деген ұғымдармен анықтайды. Е.И. Головахтың айтуынша, «қажеттіліктегі заттарды адам санасынан өткізе отырып, оның өмірлік құндылықтарының алғашқыларының бірі бола алады». Алайда, Д.А. Леонтьев қарама-қарсы көзқарасын ұсынды, ол «құндылықтар өзімшіл болмайды» деді. Оның айтуынша, қажеттілікке қарағанда, құндылықтар дəл сол мезетте шектеулі болмайды жəне іштей ештеңеге апармайды, тек сырттай тартады деген. Яғни, орнату мен тұлғалық құндылық бағыттарын адамның кез келген əлеуметтік жағдайында қажеттіліктерін реттеп отырады.