Сондықтан да баланың жан-жақты дамып тұлға болып өсуі маңызды



Дата27.11.2023
өлшемі15,07 Kb.
#130084
Байланысты:
Педагогика


  1. Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру адамның – ең басты мақсаты мен міндеті. Шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек. Сондықтан да баланың жан-жақты дамып тұлға болып өсуі маңызды.

Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:
Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
Бұл тәсілдерді сабақтарда қолданудың және дамытудың тәсілдері: тыныштық сәті, музыка немесе ән тыңдау, топтық шығармашылық жұмыс болып табылады.
Тыныштық сәті - үлгі аларлық оқиғаларды, нақыл сөздерді, жырларды, ертегілерді тыңдау және талқылау. Оқытушы оқиғаларды, әңгімені, ертегіні кітаптан оқымай, ауызша әсерлі етіп баяндап бергені жөн. Мұндайда оқытушы оқушылармен тікелей байланыста болып, олардың алған әсеріне бақылау жасау мүмкіндігі туады.
Ән және музыка тыңдау. Ежелгі грек дәуірінен Пифогордың ізбасарлары әуеннің шипагерлік күшіне сенген. Оқушылар әуенге қызығушылығы артып, олар әуенді түсіне бастайды және сабақ барысында ән айту топтық рухты көтеру, біртұтастықты сезіну болып табылады.
Шығармашылық жұмыс балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді.
Екінші бағыт - ақыл ой тәрбиесі. Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді,заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Бұл жерде жаратылыстану ғылымдары арқылы ойлау қабілетін арттырып, нақты және абстракт логикалық, жинақтай, алгоритмдік, дедуктивтік сияқты т.б. ойлау түрлерін дамытады.
Білім алушыларды еңбекке баулуда басшылыққа алатын негізгі міндеттерінің бірі - еңбекке тәрбиелеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, білім алушылардың еңбекке деген образдық, кеңістік көзқарастарын, қиялын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Сонымен қатар, баланың ой-өрісінің дамуына, түсініктерінің кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімінің қалыптасуына әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиені мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар оқу үрдісінде, оқудан тыс іс-әрекеттерде, отбасында белгілі бір жүйеде жүргізіп отырады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің біріккен іс-әрекеті нәтижесінде эстетикалық мәдениеті қалыптасады. Эстетикалық тәрбиенің сипаты өзгеше - ол тек адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, дене дамуымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асып, оқушылардың қоршаған дүниеге деген сезімін оятады. Халықтың этикалық дәстүрлері ұлтымыздың қағазға түспеген өмір заңы. Жасы үлкенге инабаттылық, құрмет, сый көрсету - жас адамды нұрландыра, сұлуландыра түсетін қасиет, сирек кездесетін қазына. Мәдениетті адамның көңілінің түбіне түйген мейірім нұрын шашпай тұрмайды. Сонымен бірге эстетикалық тәрбие, өнеге, тәрбиенің барлық саласымен тығыз байланысты. Ол өмір бойы қалыптасып, дамып отырады.
Орта білім беру жүйесінде дене тәрбиесі оқушыға жалпы білім беру мен тәрбиенің негізгі бір бағыты болып келеді. Дене тәрбиесі - оқушынық денсаулығын қалыптастырумен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі болып табылады. Болашақ жұмысшы-мамандарды еңбекке баулуда өзіндік рөл атқарады. «Қозғалыс - өмір» демекші, бастауыш сыныптан бастап мектеп есіктерін жапқанша үзілмей болып тұратын тәрбие түрі.
Бұл бағыттарды беске бөліп маңыздылығын дәлелдегенмен, іс жүзінде бесеуі бірге жүріп, бір-бірімен үйлесімді болып келеді. Оларды комплексті түрде қолдана жан-жақты тұлға өсіруге болады деп сенемін.

  1. Проблемалық оқыту - мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасадынады.

Миға шабуыл әдісі (ми шабуылы, ми шабуылы Ағылшынша мида шабуыл) - шығармашылық белсенділікті ынталандыруға негізделген мәселені шешудің жедел әдісі, онда пікірталасқа қатысушыларға мүмкіндігінше көптеген шешімдерді, соның ішінде ең фантастикалық шешімдерді білдіруге шақырылады.
Зерттеу әдістері - бұл біздің жұмысымыздың мақсатына бағытталған қадамдар. Бұл міндеттерді шешуге көмектесетін тәсілдер. Жіктеуі бойынша сан алуан болғандықтан толықтай қатып қалған түрі жоқ, бастылары эмперикалық және сандық зерттеу әдістері болып саналады.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады.
Эвристикалық әдіс. Бұл оңтайлы немесе қанағаттанарлық шешім табу қиын болған жағдайда мәселені табу және шешу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Осы себепті ғылыми пәндерде эвристикалық әдіс әдетте белгілі бір проблема кезінде ең жақсы нәтижеге жету үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет