Сөож 3 Тақырыбы: Желдің және иондаушы сәулелердің организмдерге әсері



бет1/3
Дата05.11.2022
өлшемі15,73 Kb.
#47665
  1   2   3

СӨОЖ - 3
Тақырыбы: Желдің және иондаушы сәулелердің организмдерге әсері
Жоспары:

1.Желдің жануарлар үшін экологиялық маңызы


2.Ауа қозғалыстарының өсімдіктер үшін маңызы
3.Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің тірі организмдерге әсері
4.Радиоактивті элементтердің топтары және олардың тірі организмдерге әсері
Иондаушы сәуле ғарыштың қысқа толқынды және жердің табиғи радиоактивті сәулелілік шоғырынан құралады. Олар тірі ағзаларға бүлдіргіш әрекет жасайды және ағзаларды мутациялық өзгеріске ұшыратады. Ағзаға иондаушы сәулелердің тигізетін эсері оның мөлшеріне (дозасына) байланысты. Аз мөлшердегі иондаушы сәулелер ағзаға зиян тигізбейді, керісінше, кейбір қажетті заттардың түзілуіне демеу беріп жәрдемдеседі.
1.Желдің жануарлар үшін экологиялық маңызы
Жел жануарлардың тіршілігіне күшті әсер етеді. Көптеген жәндіктер желге қарсылық жасай алмайтындықтан күшті жел тұрған кезде ұша алмайды. Мысалы бал арасы 7-9 м/сек желде, ал үнсіз масалар 3,6 м/сек желде ұша алмайды. Желдің әсерінен жануарлардың денесіндегі ылғал тез буланып, ылғалдың тапшылығына ұшырайды және желді кезде жануарлар жылуын сақтай алмайды. Желді кезде жануарлардың ыстыққа төзімділігі артады, ал суыққа төзімділігі бәсеңдейді. Жер бетіндегі ауаның құрамында оттегінің мол (таза ауада - 21%) болуы ондағы жануарлардың зат алмасуының қарқынды жүріліп, жасушаларда тотығу процесі пәрменді жүрілуіне мүмкіндік мол. Ғалымдардың жорамалдауынша гомойотермді жануарлардың алғаш жер бетіндегі ауалы ортада пайда болуы да ондағы оттегінің молдығына байланысты деп көреді. Суда жануарлардың таралуына ондағы оттегінің аздығы шектеуші фактор болатыны белгілі. Ал жер бетінің қай бөлігінде де оттегі жеткілікті болғандықтан, жануарлардың тіршілік етуі оттегінің мөлшерімен шектелмейді. Жер бетіндегі ауалы ортаның негізгі бір ерекшелігі — ондағы ылғалдың тапшылығы және оның өте құбылмалылығы. Сондықтан жер бетілік жануарлар денесінің ылғалын сақтауға және үнемдеуге әртүрлі жолмен бейімделген. Су жануарларының тыныс алу мүшелері (желбезек) денесінің сыртында орналасатыны бәрімізге мәлім. Ал жер бетіндегі жануарларда тыныс мүшелері (өкпе, трахея) денесінің ішінде орналасуының өзі демімен бірге ылғал сыртқа бөлінуін азайтуға бағытталған эволюциялық бейімделу. Үрығы қағанақ (амнион) сұйығының ішінде даму тек құрлықта дамитын омыртқалы жануарларға тэн. Бүл да ұрығын кеуіп кетуден қорғаған эволюциялық құбылыс. Сонымен қатар буынаяқтылардың денесінің сырты хитинді кутикуламен қапталуы, бауырымен жорғалаушылардың терісінің сырты мүйізденген қабыршақпен қапталуы, т.с.с. терісі арқылы денесіндегі ылғалдың булануын шектеп денесіндегі суды үнемдейтін морфологиялық бейімделулер дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет