Сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буын-дардан ерекшеленіп, күшті айтылуын



бет1/2
Дата22.04.2023
өлшемі34,46 Kb.
#85665
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
11-дәріс


11.Екпін, оның түрлері
Сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буын-дардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді.
Әдетте қазақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соң-ғы буынында болады. Сөзге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалған-ғанда екпін соңғы қосымшаға түседі.
Лебіздегі сөз ағымында барлық буын бірдей айтылмайды, сондықтан да сөз өзінің әуенімен, белгілі бір леппен естіліп, құ-лаққа жағымды айтылады. Сөз құрамы әр түрлі: бір буынды, көп буынды. М.Қашқари мұны өз еңбегінде бір әріпті, екі әріпті, үш әріпті, төрт әріпті т.б. деп бөліп ажыратқан. Екі не одан да көп буынды сөздердің құрамындағы буындардың бірі әлсіз, солғын-дау, екіншісі айқынырақ, жоғарырақ естілетіні даусыз. Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан сәл ерекшеленіп, созы-лыңқы әуезді айтылуы – екпін немесе сөз екпіні деп аталады. Сөз ішіндегі арнаулы бір буынның оқшауланып күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін, негізінде, екі түрлі болады:

  1. Фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланыс-ты екпін; мұны лебізді (немесе динамикалық) екпін дейміз.

  2. Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мұны үнді (музыкалы немесе тоникалық) екпін дейміз.

Тілде кей уақыт квантатив (мөлшер) екпін де болуы мүмкін. Мұның ерекшелігі – бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқа да-уыстылардан созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстың созы-лыңқылығы арнаулы бір фонологиялық мәнге ие болмаған тілде басқа екпінмен барабар квантитативті екпін де бола алады.
Қазақ тілі дауыстылары созылыңқылығының фонематика-лық мәні жоқ. Сондықтан екпін түскен дауысты аздап болса да кватитативті түрде де айтылады: лебізді (динамикалық) екпін негізгі болады да, кватитатив соған қосымша болады; өйткені лебізді екпінге ие дауысты дыбыс екпін түспеген дауыстыларға қарағанда сәл созылыңқы айтылады.
Тілдердің көпшілігі лебізді екпін тобына жатады. Бұл топ-қа қазақ және басқа да түркі тілдері кіреді. Лебізді екпінді экс-пираторлық екпін деп те атайды. Бұл терминологияны жақтау-шылардың пікірінше, екпін түскен буынды айтқанда фонация-лық ауа мол шығарылуға тиісті. Соңғы кездегі зерттеулер нәти-жесінде бұл пікірдің қате екендігі анықталды.
Лебізді екпінге ие тілдер: екпіні тиянақты тілдерде екпін сөздің, көбінесе, арнаулы буынына түседі, екпіні тиянақсыз тіл-дерде екпіннің арнаулы (белгілі) буынмен байланысуы шарт болмайды.
Сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратудың бір жолы осы дауыс екпінімен тығыз байланысты. Лебізді екпін кей тіл-дерде сөздің морфологиялық мағынасын айқындайды: мука –ұн, мука – қайғы, т.б. Қазақ тілінде сөз екпінін өзгерткеннен сөз ма-ғынасына онша нұқсан келмейді. Тіліміздегі екпінді өзгерткен-нен сөздің дағдылы айтылу мәнері өзгеруі мүмкін, бірақ сөз ма-ғынасы орыс тіліндегідей бүтіндей өзгере қоймайды. Демек, орыс тіліндегі екпіннің тиянақсыз болып, қазақ тіліндегі екпін-нің тиянақты болып келуі бұл екі тілдің өздеріне тән ерекшелік-терімен байланысты.
Лебізді екпін мағына айқындаушы, сөз айқындаушы болып екіге бөлінеді.
Қазақ сөзіне тән басты ерекшеліктерінің бірі – сөз ішінде бір буынның басқа буыннан сәл ерекшеленіп, оқшауланып ай-тылуы. Ғалымдардың пайымдауынша, екпіннің мынадай түрлері бар:
* тегеурінді екпін – фонациялық ауаның күштірек қар-қынмен айтылуынан пайда болады;
* әуезді екпіндауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты айтылады;
* мөлшерлік екпін – буынның өзге буындардан созылың-қы айтылуы.
Лебізді екпіннің атқарар рөлі ерекше, әсіресе мына қыз-меттерін атау орынды болмақ: кульминативтік қызметі, делима-тивтік қызметі, сигнификативтік қызметі, экспрессивтік қызметі. Екпіннің кульминативтік қызметі сөз ішіндегі буындар мен буын құрайтын дыбыстардың басын лебіздік тұрғыдан бірікті-ріп, сөзді бүгін, біртұтас, дербес құрылыс ретінде көрсетеді. Делимативтік қызметі лебіздегі сөздер тізбегіндегі атаулардың бір-бірінен шегін, арасын ажыратып көрсетуі. Айтушы мен тың-даушы бірінің сөзін бірі дұрыс түсіну үшін, ондағы екпін дұрыс қойылуы қажет. Сөздер бірінен кейін бірі тізіліп айтылғанда, ой-дың мазмұнына байланысты арасы үзіліп, жеке сөздерге ерекше мән беріліп, мәндік, мазмұндық тұрғыдан ажыратылып айтыла-ды. Екпін арқылы сөйлемнің аяқталғаны, екінші сөйлемнің бас-талғаны аңғарылады. Сигнификативтік қызметі – сөздің құра-мындағы лексикалық мән беруші тұлға мен грамматикалық ма-ғына беретін тұлғалардың арасын жіктеп, нақтылап тұруы. Бұл, әсіресе, омонимдік тұлғаларды қолданғанда, оның дұрыс түсіні-луінің басты шарты болады. Мәселен, Біз оқушымыз – біздің оқушымыз деген тіркестердегі –мыз тұлғаларының дұрыс екпін-мен айтылуы мен сигнификаттық қызметін анықтайды. Экспрес-сивтік қызметі – айтылуда сөзге экспрессивтік мән беруі. Омо-формаларды ажыратуда ерекше көрінеді: Сен осы сөзіңді қойшы – Қойшы көп болса, қой арам өледі т.б.
Екпіннің табиғаты, түрлері мен атқаратын қызметін акцентология зерттейді.
Екпін сөздегі орнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жылжымалы екпін. Екпін арнаулы бір буынға байлан-бай, ыңғайына қарай әр түрлі буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы деп аталады.
2. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты деп аталады.
Екпін сөйлемдегі қызметіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Фразалық екпін. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жіті жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады.
2. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге ай-рықша назар аударылып айтылады. Сөйлемдегі айырықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Оны логикалық екпін деп атайды.
3. Ритмикалық екпін. Арнаулы сөз тобының өзара мағына бірлігі сол сөз тобының акцентуациялық бірлігімен тығыз бай-ланысты келеді. Ондай мағына жағынан байланысты бір екпін-дес сөз тобы ритмикалық немесе динамикалық топ делінеді. Ритмикалық екпін арнаулы семантика бірлігіндегі бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады.
Қазақ тіліндегі сөз ағымын фонетикалық мүшелеудің бір түрі – ритмикалық екпін. Сонымен қатар эмфатикалық, экспрес-сивтік, тіркес, сөздік екпін түрлері де кездеседі.
Қазақ тілі фонетистерінің арасында акцентологияның не-гізгі мәселелеріне қатысты көптеген пікірлер бар. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев қазақ сөзінің екпіні лепті десе, С.Татубаев созы-лыңқы деп таниды. Ал Ә.Жүнісбек қазақ сөзі екпінсіз айтылады дейді. Қазақ тілінде екпін бар дегенді жақтаушылардың екпіннің сөздегі орны, қызметі мен фонетикалық табиғаты жайында ортақ пікірі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет