Семинар №13
Тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері.
Сабақтың мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Сұраулы сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшелігі
2. Лепті сөйлемдердің жасалу жолдары мен қолданылу ерекшелігі. Репликалы лепті сөйлемдер, олардың мағыналық ерекшелігі.
3. Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшелігі, түрлері.
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
Адам өз ойын басқа біреуге жай хабар ретінде де, әсер ететіндей мәнерлі етіп те білдіріп отырады. Сөйлемнің экспрессивтік мағынасы басқа сөйлем түрлеріне қарағанда сұраулы сөйлемде жиі кездеседі. Тіліміздегі жай сөйлемдердің ішінде коммуникативтік, прагматикалық ерекшеліктерімен айрықша көзге түсетін тобы – сұраулы сөйлемдер. Өз алдына жеке тілдік саланы құрайтын сұраулы сөйлемдер жан-жақты, терең зерттеуді қажет етеді. Сол себепті, сұрау қою мәселелеріне, сұраулы сөйлемнің түрлеріне, сұраулы сөйлемнің лексика-грамматикалық тұрғыдан сипатталуына, сұраулы сөйлемдердің прагматикасына ерекше мән берген жөн. Бұл, біріншіден, тіліміздегі сұраулы сөйлем табиғатын тереңірек білуге мүмкіндік берсе, екіншіден, қазақ тіліндегі бұл сөйлемнің прагматикалық ерекшелігін танытуда маңызды болмақ. Мақалада сұраулы сөйлемдердің прагматикалық сипатына қарай бөлінетін түрлері талданады. Сұраулы сөйлемдердің табиғатын аша түсетін тұжырымдар айтылады. Сұраулы сөйлемдері формадан тыс, мәндік-мағыналық түрлеріне қарай топтастырылады. Прагматикалық тұрғыдан жаңа түрлерге бөлінеді.Сұраулы сөйлем аясында қозғап отырған тақырыптарымыздың ішінде, құрылымдық және мазмұндық жағынан қызығушылық тудыратын тақырыптардың бірі – сұраулы сөйлемдердің прагматикалық түрлері десек болады. Оның мазмұнын аша түсу үшін шартты түрде төмендегідей топтастырдық. Бұл арқылы сұраулы сөйлем компоненттерінің мазмұнын тереңірек қарауға, сұраулы сөйлемдердің қазақ тіл біліміндегі орнын айқындауға мол мүмкіндік туғызады.
Сұрақ-ұсыныс
Ағаң келгенде маған қаратпай, малды өзің соя бермейсің бе?
Немене, мына сенің балаң апара алмай ма? (Т.Әбдікұлы) Жоғарыдағы келтірілген мысалдарға зер салатын болсақ, онда «Ағаң келгенде маған қаратпай, малды өзің соя бермейсің бе?» деген бірінші сөйлемде қарсылық мәнімен қатар, ұсыныстық мән бар екенін байқауға болады. Адресант адресатқа малды соя бер деген ұсыныс тастап тұр. Ал, екінші мысалда «мына сенің балаң апара алмай ма» деген сөйленісте өтініш мәнімен қатар ұсыныстық мағынада бар. Яғни мәтінге қарайтын болсақ, балаң апарсын деген ойды береді. Жалпы сұрақ ұсыныстардың өзінің астарында қарсылық, өтініш мәні де жатады.
Сұрақ-кінәләу
«Ол ғой жәрмеңке басынан шықпайды? Бар Албан қырылған күнде жалғыз бас қайда барып күн көремін дейді сол?.. Орыстың теріс жазуын білдім деп, елдің тілінен, ата-баба жолынан безіп кеткені ме? Бұның не білгені бар?..– деп, Жақсылық Серікбайға қарады» кінәләумен бірге күдік мәні де кездеседі. «Қилы заман» повесіндегі Жақсылықтың досына деген сенімсіздігімен қатар, орыстың жазуын үйреніп алып, ата-бабаның жолынан безді деп кінә тағуын да көреміз.
Бұрынғы жарқылдап, киіктің лағындай ойнап жүретін Жібекте күлкі жоқ...Бейшара Жібек. Қалай түстің бұл халге?.. Сені әкең мына майлы шірікке малға сатып жіберді-ау! Қалайша көндің сен бұған?..Қандай жыладың екен сен сорлы?..Пақырым-ай, қалай көндің?.. Сені мұндайға көнер деп кім ойлаған?! – деп босаға жаққа ұрлана қарап мен отырдым (С.Сейфуллин).
Сұраулы сөйлемдердің сұрақ-кінәләу түрінде, көзіміздің жеткеніндей кінәләумен бірге күдіктену мәні де қатар жүреді. Яғни айтушының ойымен тыңдаушының көзқарастары екі түрлі мағынада да жүретінін анық байқауға болады.
3.Сұрақ-тілек
Қазақ халқының тілек сөздері – көнеден келе жатқан қазақ мәдениетінің тілдік мұрасы, қазақ этносының даралығын, өзіндік ерешелігін айқындайтын, тіл деректерінің бірі де бірегейі.
Бұлай деуіміздің себебі, басқа түркі халықтарымен салыстырғанда қазақтарда тілек деген жеке атаулар бар. Тілек сөздерінің бүгінгі сөйлеу тілінде, көркем шығармаларда молынан кездесуі ғасырлар бойы халық жадында ауызша сақталған тіл мәйегі болғандығымен қатар, қазіргі тілімізде де ерекше орын алған алған сөйлеу үлгісі екендігі айқын аңғарылады. Тарихи даму барысында оның бойында қазақ менталитетінің дүниетанымы, өмірлік көзқарасы, тұрмыс-тіршілігі көрініс тапты. Көркемдік эстетикалық жағымен бірге сөз құдіретін бағалау, сөз киесіне табыну сияқты биік талғамдар аталған бата-тілектердің айтылуына негіз болды. Халық жаратылысының өзіне тән психикалық ерекшелігі сөз қуатына бас иетіндігін көрсетті. Осы орайда тілек сөздерін тіл білімінде суггестиялық лингвистика бағытында қарау бүгінгі тіл біліміндегі «адамды тіл ішінде тану» сияқты антропоцентристік қажеттіліктен туындайды.
С. Сейфуллин:
Қартайғанда күтетін Әкесі мен шешесін, Қандай жігіт өскенде Болар екен бөпешім? Өңкей біздей зарлыға, Кіндіктегі жарлыға, Жаным менің ер жетіп Көсем болар ма екенсің? Тақылдаған таңдайы, Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе, Шешен болар ма екенсің?...
С. Сейфуллиннің «Келіншектің бесік жыры» атты өлеңінде кездесетін сұрау белгісінің бәрі жауап алу мақсатында емес, бесік тербеткен ананың баласына деген тілегі ретінде көрінеді. Баласының болашақта ер-азамат болуына тілектес бола отырып, өзінің ішкі арманын, қиялын көрсетеді. Риторикалық сұраққа құрыла отырып, ананың мейірімін, мейірін яғни баласының болашағына деген зор үмітін білдіреді.
Сұрақ-бағалау
Бағалау мәні – бір затқа баға бергенде, өзінің көзқарасын білдіргенде көрінеді. Төмендегі мысалдардан кейіпкерлердің бір затқа деген көзқарасымен бірге баға беру қасиетінде көреміз.
Ал жақсылықтың кәдімгі жексұрынның бойынан көрінуі – нәзік гүлдің мейрімсіз қара тасты жарып шыққаны секілді ғажап құбылыс емес пе? Автор жаманнан жақсының шығуын ғажап құбылысқа теңей отырып, болып жатқан жағдайға баға беруді шебер суреттеген.
Мәңгілік деп аталатын уақыт кеңістігінде тіршілік атаулы қараңғы түнекте анда-санда бір жалт еткен нәзік сәуле секілді. Ал жеке адамның ғұмыры ше? Мәңгілікпен салыстырғанда осынша қысқа ғұмырының ішінде осынша үлкен азапты арқалап кететіндей адам сорлының не жазығы бар? Бұл мысалда адамның өмірін салыстырумен қатар жалған дүниеге баға беруін көруге болады.
Сұрақ-қарғыс
Хәкім Абайдың «Қайтіп, қарғыс алмайсың?» өлеңін мысалға алдық. Қазақ халқының ашу үстінде, не ренжіген кезінде айтатын сөйленіс түрі. Бұл қолданыстар сұраулы сөйлем жасауды және оның прагматикасын ашуда үлкен қызмет ететіні сөзсіз.
Жігіт-ақсың, маңдайсың, Келбеттісің, қандайсың! Ағайынға айбатты,
Биік-ақсың, дардайсың. Бетіңе адам келтіріп, Алдыңа жан салмайсың.
Өзің шыққан ұлтыңнан, Басшы қылған жұртыңнан, Бұл мінез, бұл құлқыңнан Қайтып қарғыс алмайсың?!
Бұл өлеңде автор жігіттің бар мінезін сипаттап, кінәсін айқындап, барлық ойын жинақтап келіп, соңында сұрақ қою арқылы, қарғыс алса да дұрыс, яғни істеген ісіне қарай тілеп алғаны деген ойды айтпақ.
Көркем әдебиеттен мысал келтіретін болсақ, мынадай қолданыстар кездеседі:
Жердің астына неге түсіп кетпейсің, жүгермек,ә?
Қапсаттар өлгенше неге сен өлмедің?
Қуарып қалғыр, биені неге қайырмайсың? (Т.Әбдікұлы)
Жердің астына неге түсіп кетпейсің, жүгермек, ә? деген қолданыста имплицивтік мағынада тұрғанын көреміз. Яғни жер астына түсу, көрге кіру, өлу деген мағынамен сайма-сай келеді. «ә» деген одағай сөз арқылы эмоциялық, экспрессивтік бояу да басым болады.
Ұқтырып айтатын сөзді сен ұғушы ма едің? Қысқасынан айтатыным: егер де осы қызға болысып, бұзылған бетінен қайтармайтын болсаң, алдымен сенен кетпесем өлген әкемнің аруағы атсын, білдің бе? Ана қызыңды түзу сөзіңмен көндіріп ала алмасаң, «көнбеді» де де – шық!
«Алдымен сенен кетпесем өлген әкемнің аруағы атсын, білдің бе?» деген сөйлесімді айтатын болсақ, бұл қазақ халқының танымындағы аруаққа сену, сыйыну болып табылады. Түркі халықтары сонау заманнан бері ата-бабасының аруағына бас ұрған халық. «Аруағы атсын» тіркесі қазіргі кезде фразеологизмдердің қатарында қарастырып жүрміз. Бұл сөз тіркесі көбіне қарғыс мәнінде көп қолданылады.
Сұрақ-қарсылық
Сұраулы сөйлемдерің қарсылық мәнінде де қолданылатын түрлері өте көп. Сұраулы сөйлемнің астарында өзінің іштей наразы екенін көрсетуге болады.
Сондағы көргісі келетін қызығы қай қызық екен?
Құдай сақтасын, сүйегі несі? Таңырқау мәнімен бірге, қарсылық мағынаның бар екені көрінеді. «Құдай сақтасын» деген тұрақты тіркестің өзі де қарсылық мәндегі эмоционалдыэкспрессивті бояуды үстем етеді.
Әркімнің өз шаруасы бар, бөгетте шатағы қанша? (Т.Әбдікұлы). «Шатағы қанша», «шатағың не», «шатағың болмасын» тікестері де қарсылық мәнін береді. Яғни менде жұмысың болмасын, ісіме кіріспе, араласпа деген мағынаны білдіреді.
Б.Майлин:
Енді кімнің жаны ашиды?!. Иттен жаралған шошқаның сөзін қарашы!.. бірдеме айтса арсылдап беттен қауып алу...
Бетіңнен алып не дедім?..Ұрсам өз балам, менде ешкімнің жұмысы жоқ. Әдемі қатыныңның балаларын ұрмай өсіресің... (Б.Майлин). Бірінші коммуниканттқа екінші коммуникант сөзіне деген қарсылығын көрсетеді. «бетіңнен алып не дедім» сөйленімінде қарсылық мән анық көрініс тапқан.
Үй қожасының жебесі тікірейейін деді. Өлімсіреп отырған адамдай көзін қысыңқырап алады екен.
Қой, ей қатын! Уа, ит, балада нең бар? Қонақты шақырып келіп отырған бала емес қой, – деді (Б.Майлин). «Уа» одағайы арқылы, әйеліне «ит» деген десфимизмді қолдана отырып, жекіп, қарсылығын білдіреді.
М.Әуезов:
Е... санай түс ендеше, тағы бар болар менен алмағың? Тегі менің малымның қақ жартысы сенікі шығар? Қалжыраған қара мойын құл! Қалай тантисың? Жіңішкерген аурумен Құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан, Сәлменнен әлі де?
М.Әуезовтың «Қараш-Қараш» повесіндегі бұл үзінді анық қарсылық мәнге толы сөйлем.
Автор мұны жеку, кінәләу арқылы шебер сомдаған. «Құдай алған», «тегі», «танту» сөздерінің көмегімен қарсылық мәнді үстемелей түскен.
Сұрақ-өкіну
Апыр-ау, әкем өліп қалса, не істеймін? Әкемді риза қылатындай жақсылық жасап көрдім бе? Осылай түк көрмей, жалғыз баласына өкпелеген күйінде дүниеден аттанып кете бермек пе? (Т.Әбдікұлы)
Апыр-ау, неге тек қана мен туралы?
Әттең, саған еніп қалғанымды қарашы?
Түу, жер бетіне қалай сыямыз?
«Апыр-ау», «Әттең», «Түу» өкіну мәнендегі сөздер арқылы өкіну мағынасын береді.
Роберт басын ұстады. Қашатын адамдай алақтап, маңына қарады. Қайтіп? Қайда? Қайда қашып құтылу керек?
Өзінің істеген ісіне өкініп, сұрақтар қойып, өзін қажып, жеп отырған кейіпкерді көреміз. Адам басын қай уақытта ұстайды, шешімін таппай, қиналған кезде ғана осындай әрекеттерге барады. Яғни ым-ишараттармен қатар сұраулы сөйлемдерді қолдана отырып, өкінген адамнын бейнесін сомдайды.
Д.Әбілов
Асыққаным рас, тез ер жетуге, Асықтым ба жыр нөсер селдетуге? Асықтым ба жер шарын тербетуге «Асықтым ба елімді елді етуге?» – деген өлең жолдары арқылы ақынның «асықтым ба?», «асығыстық жасадым ба?» деп өкінген тұстарын көреміз. Етістіктің көмегімен өкіну мәнін шебер берген.
Сұрақ-күдік
Диагноз қандай? Емдеуге бола ма, жоқ, болмай ма, маған ашып айтыңызшы?
Қалайша дәрігер қателеспейді? Қалайша тым болмаса бір құбылыс заңының қағидаларын бұзып шықпайды?Ал емделуі мүмкін бе?Сен енді соны маған жүрегі таза, аяулы азамат еді дегің келіп тұр ма?Апырай, тегі ештеңкеден сескенбейсіздер, әбден еттеріңіз өліп кеткен-ау, ә? – деді Жүсіпбеков үстін қағып. (Т.Әбдікұлы)Сұрақ күдік көбінесе эмоцияның үстінде пайда болады. Яғни біреуден көңілі қалып немесе қатты қуанған кездерде болады. Күдік мәні әрине көбіне реніш, сенімсіздік үстінде кездеседі.«Әке-шешеңе қарайласам, әніңді алаңсыз шырқайсың» дегені ме, жоқ «біржола борышты адамым боласың» дегені ме? Елге сөзін тыңдататын адам іздегені несі екен? Өзін мақтатып бедел жинамақ па, жоқ біреумен жауласу үшінжасақ жинамақ па? Көрмегесін айбаттау да қиын, қандай ойы барын қайдан білейін. Онысына ақылым жетпейді. Қолында бар ғой, малға тарылмас. Қасынан қоныс та берсін. Сенің іздегенің сол ма еді бірақ? Әке-шешеңді байыт, – бар мүддең біте қала ма сонымен? Тас екеш тас та өзінің жаратылған жеріне жарасады. Болыстың сені тас құрлы санамағаны ма сонда? (Б.Майлин) Мұнда автор кейіпкердің екі ой арасында қалып, шешімін таппай, сенімсіздік, күдік танытып тұрғанын көрсетеді. Жалпы монологта кездесетін сұраулы сөйлемдер күдіктену, сенімсіздік таныту түрінде кездеседі.
Б.Майлин:
Әкесі берсе, қыздың тимейтін шарасы бар ма? Байболға қарсы келетін Әбілбайда не құдырет бар? Ерегіссе бірер пәлені жауып, шауып алмай ма? Бірақ, Әбілбай да қатыны да әзірге бала жас, ел арасы жақын ғой, хабарласып тұрармыз, – деп, келген адамын сылап-сипап қайтарған екен.Қыздың барар жері, басар тауы жоқ, айтқандарына көніп кете ме деген күдік бар.
Сұрақ-нақтылау
Ақсарының қымызы қалай екен, Ақсарының?Абылай, ұмыттың ба осыны, АбылайОйпырмай ит-ай, ә! Қайтіп дәті барады адамныңБүкіл ауыл сондай ма, жоқ тек сенің әкешешең ғана осындай ма?Осы үйдің еркегі сен бе, жоқ, мен бе?Автор қайталау арқылы сұрақты нақтылай түседі. Немесе «сен бе, жоқ, мен бе?» түрінде де нақтылайтын тұстарын көреміз.
М.Әуезов:
Ғазиза, кешегі күндегі уәде осылай ма еді? Өзгеге тас болған жүрегің маған ет болып жібіген емес пе еді? Сондағы «сүйдім» деген Ісләмің мен емес пе едім?.. – деп, шын қайғырған пішінмен Ғазизианың көзіне қадалып жауап күтті.Бәсе, құныкерім екеніңді аузыңа Құдай салып отырған шығар. Сенің соққыңа жығылып, сартөсек болып алты ай қыс жатқанда, жиырма жыл босағаңда шіріген сол Тектіғұлға тым құрыса қатқан тоқыты – қалжа бердің бе?
Мұнда М.Әуезов құныкердің өзіне тиісті сыбағасын нақтылап, дәлелдер келтіре отырып, «-бе» сұраулық шылау арқылы және интонацияның көмегімен көрсетеді. Бірақ ежелгі дағды бойынша екі жақты кезек жебейтін жарықтық, жүктің бір-ақ жағын ғана қанағат қылып отыра алмайды. Екі жағына кезек ауысып ойнақшып отыру керек. Солайша, екі жаққа бірдей көз жібермесе, пристав Ақжелке бола ма? Қол жететін орайлы жер келгенде айналаны бірдей қарамаса, бір ай ішінде үш жүз қой, елу қара жинала ма? Екі жақты қатар қарамау үшін жаралмаса, оң қол, сол қолға не үшін керек? Екі жақты адам екі жақты қылық қылмаса, толық адам ба? Бұның бәрін қазақ даласына талайдан кәрі жүріп, зәрі сіңген Ақжелке жат сабағындай жақсы біледі.
Автор бұл мәтінде сұрақ-нақтылауды салыстыру, санамалай арқылы көрсетеді, алдыңғы сөйлем арқылы ой тастап, екінші сөйлем арқылы сол ойды нақтылай түседі.Сұраулы сөйлемдердің прагматикалық топтарын анықтау − сұраулы сөйлем формаларының жасалуын, сұраулық мән мен сұраулы сөйлемдердің коммуникативтік тип екенін білдіруде аса қажетті рөл атқарады.
Кісінің көңіл күйін, əр түрлі эмоциялық сөзімін білдіру үшін
жұмсалатын сөйлемдер лепті болады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабаьболумен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы.Жалынышлы, күмəны, жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады.Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкдауыспен, лептілік интонациямен айтылады. Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындагы одағай, модаль, сөздермен сөйлемдерің лептілік əуенмен байланысты.
1. Қорқу, сескену, аяу, окіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін білдіреті
сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеуліктері айтылады:
2. а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек
мағынасында айтылады:
б) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу,арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады: Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрылмас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады. Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық ма-ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман мəнді лепті сөйлем жасалады.
3. Өткенде істеуге тиісті, бірақ істелмен, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағыөткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік, одан кейін демеулік де тұрады: Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке шы-ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен айтылады. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |