Буын, оның түрлері.
Екпін және оның
түрлері
Сөз ішінде бір
буынның күшті
айтылуын екпін
дейміз. Екпін түскен
буын басқа
буындардан негізгі
үш түрлі тәсіл
арқылы
ажыратылады.
1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті
айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі
лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының
ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс
шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді.
Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін
деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай,
корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. тілдер.
3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы
дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы
ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Екпін арнаулы бір
буынға байланбай,
ыңғайына қарай әр басқа
буынға түсе беретін болса,
ондай екпін жылжымалы
екпін деп аталады.
Мысалы, орыс тіліндегі
екпін – жылжымалы екпін.
Тіл – тілде энклитикаға
айналатындар көбінесе
көмекші сөздер. Мысалы,
сен ғана, үйге дейін, алыс
па, жақын ба, айта ғой
тәрізді тіркестердің
құрамындағы ғана, дейін,
па, ба, ғой деген шылау
сөздер өз алдына дербес
екпінге ие бола алмай,
энклитикаға айналған.
Сөйлемдегі айрықша назар
аударылып айтылған сөзде ой
екпіні болады да, ол сөз басқа
сөздерге қарағанда, ерекше
әуенмен айтылады. Мұндай
екпін логикалық екпін деп
аталады.
Түркі тілдерінде, екпін
көбінесе арнаулы бір буынға
байланып, басқа буындарға
жылжи бермейді. Екпін
белгілі бір буынға телініп
тұрақталса, ондай екпін
тұрақты екпін деп аталады.
Түркі тілдерінде, соның
ішінде қазақ тілінде, екпін
көбінесе сөздің соңғы
буынына түседі.
Сөз тіркестерінің құрамындағы
сөздердің әрқайсысы өз алдына
дербес екпінмен дараланбай,
айтылу жағынан жігі жымдасып,
бір ғана екпінге ие болды. Мұндай
сөз тіркестеріндегі екпін
фразалық екпін деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |