Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі



бет1/6
Дата17.02.2023
өлшемі61,81 Kb.
#68944
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6




Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі



  1. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру дың мақсаты мен міндеттері

  2. Грамматикалық жаттығулар, оларға қойылатын талаптар

Жеке лекциялық сөздер арқылы білдіруге болмайтын түрлі мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы» деп аталады. Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттеуде өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді. Бірақ бала тілінде грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде меңгертіледі, ереже айтылмайды.


2. Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс жүргізіледі:
Балалардың ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету.Балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру. Оларды жиі қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Жәй және құрмалас сөйлемдерді үйрету грамматикалық формалардан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс жүргізу.Сөздің грамматиклық құрылысын көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп байқалады. Өйткені балалар көбінесе жәй сөйлеген кезде жәй сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы балаларды құрмалас сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге дағдылануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет