Спортшының дене сапаларын дамыту



Дата15.03.2023
өлшемі13,94 Kb.
#74510

Спортшының дене сапаларын дамыту
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық. Және де спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы.


Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.


Спорттық жарыс – спорттық жетістіктердің көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздіксіз спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спорттық насихаттау. Спорттық дайындық жүйесі – спортшының спорттық жетістікке жету жолындағы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін, білімі, жабдығы әдісі ұғымдық формалары мен жағдайының жиынтығы. Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.


Спортшы, негізінен, өз денсаулығын күтіп, әрқашан жарақаттардан сақтанып жүруі керек. Жарыстарға шығайын деп жатқан уақытта әрқашанда денесін қыздырып, ойын жиып шыққаны дұрыс. Жарысқа шыққан уақытта тек жарысты ғана ойлаған жөн, басқа заттарға көңіл бөлмеген дұрыс.


Спортшы қойылған кестесі бойынша жаттығу залына барып, уақытылы жаттығуын орындауы қажет. Өзінің жаттығуын жақсылап, бар қойылған талаптар бойынша жаттығуын орындау керек. Өзі қатысатын спорт түріне бар ынта-зейінмен қараса, тек қана үлкен жетістіктерге жетеді. Спортта тек қана күшпен ғана емес, біліммен де жеңіске жетеді. Демек, тек күшке қарамай, білімге көңіл бөлу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет