Спорттық ғимараттардың саралануы, құқығы мен міндеттері



Дата10.03.2023
өлшемі333,64 Kb.
#73222

Спорттық ғимараттардың саралануы, құқығы мен міндеттері

Дайындаған: Нұрболатов Т.

Топ: ДТА 19 - 2

Спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы

Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық ғимараттарға қойылатын талаптар

  • Спорт залдарының үй-жайлары, оларда орналастырылған жабдықтар құрылыс нормалары мен қағидаларының, сендай-ақ жалпы білім беретін мектептер үшін электр қауіпсіздігі (ЭЭП, ЭОЕ) және өрт қауіпсіздігі (ППБ-01-99) жөніндегі қағидалардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
  • Спорт зал, әдетте, мекменің бірінші қабатында орналасқан. Оның мөлшері дене шынықтыру бойынша толық бағдарламаның орындалуын және сабақтан тыс спорттық іс-шаралардың мүмкіндігін қарастырады.
  • Спорт залдарының саны мен типтері жалпы білім беру мекемсінің түріне және оның сыйымдылығына байланысты көзделеді.
  • Спорт залының ауданы 9-18 м, м, м. Биіктігі кемінде 6 м кем болмау керек. Сабақтар өткізу кезінде спорт залындағы орындар саны бір оқушыға 0,7 м 2 есебінен белгіленуі тиіс. Залды белгіленген нормадан артық толтыруға тыйым салынады.
  • Спорт залдарының едендері серпімді, саңылаусыз және қапсырмасыз болуы керек, тегіс, көлденең және тайғақ емс беті эмульсиялы немсе силикаты бояумен боялған болуы керек. Едендер жуудан деформацияланбауы және сабақ басталар алдында құрғақ және таза болуы тиіс. Едендерге түсетін салмақ 400 кг/м 2 аспауы керек. Спорт залының еденінде нормативтік құжаттамаға сәйкес секіруден және секіруден кейін қону орнын жабдықтауға жол беріледі.

Спорт ғимараттарын пайдалану

1) балалардың мектепке дейінгі және оқу орындары бағдарламасы бойынша жаттығуды қамтамасыз ететіндер;

2) еңбек үдерісінде жұмыс уақыты режимінде және жұмыстан кейінгі қалыпқа келтіру жаттығуларын қамтамасыз ететіндер;

3) қарулы күштер қызметіне дайындықты, әскери қызмет үдерісін және арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін (азаматтық авиация, құрал-жабдықтарды монтаждау, электр қуатын беру желілері) дене тәрбиесі деңгейін қалыпты ұстауды қамтамасыз ететіндер;

4) тұрғындар арасында емдеу-алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ететіндер (емханалардың емдік-дене шынықтыру кабинеті, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, шипажайлардың ғимараттары);

5) демалған кезде дене шынықтыру жаттығуларын өткізуді қамтамасыз ететіндер;

6) жоғары сыныпты спортшылардың дайындығын және жарыстарды өткізуді қамтамасыз ететіндер.


Дене шынықтыру-спорт ғимараттары бірыңғай жүйені құрайды. Ал функционалдық мақсаттарына қарай алты топқа бөлінеді. Олар:

Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі

1. Осы Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсету жөніндегі спорт ғимараттарын және оларды жарақтандыру мен ғимараттардың параметрлеріне байланысты спорттық қызметтерді пайдалануды реттейді.

2. Спорттық ғимараттар өздерінің мақсатына қарай спорттық-думанды (көрсетілімдік), оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) және дене шынықтыру-сауықтыру болып бөлінеді.


Көрермендер саны үйдің ішінде - 500 және одан да көп, ашық ауада - 1500 және одан да көп мінбелері немесе жеке қатарлары бар және өткізілетін спорттық жарыстарды көруге арналған ғимараттар спорттық-думанды ғимараттарға жатады.
Есу, желкен, шаңғы, тау шаңғысы, шана-бобслей, ату, конькимен сырғанау, ат спорты (ипподромдардан басқа), тас жолдағы велосипед, шахмат және дойбы спортына арналған, көрермендерге арналған орындарының болуына қарамастан, оқу-жаттығу түріне жатады.
Азаматтардың дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдануына арналған ғимараттар дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарына жатады.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері арнайы дайындықтарды қажет етпейтін және шұғылданушылардың өміріне және денсаулығына қауіп келтірмейтін жаттығуларды өткізуге арналған барлық ғимараттарда жүзеге асырылады.

Спорт ғимараттарының санаттары

1-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері көпшілік разрядты спортшылардың оқу-жаттығу жұмыстарын немесе республикалық жарыстарды өткізуге (республика, облыс, қала чемпионаттары) мүмкіндік беретін ғимараттар;

2-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар;

3-ші санатқа - ғимараттың параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет