Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне



бет1/2
Дата25.04.2023
өлшемі21,76 Kb.
#86457
түріҚұрамы
  1   2

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.
1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т.б.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т.б.
-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т.б.
2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:
Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме), т.б.
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т.б.
Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет