Үстеу, шылау, одағай және еліктеу сөздерді оқыту әдістемесі



бет1/5
Дата09.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#60728
  1   2   3   4   5

Үстеу, шылау, одағай және еліктеу сөздер


Үстеу
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулерқимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал – тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай – күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
Мезгіл үстеулер
Мекен үстеулер
  • Мөлшер үстеулері

Сын (я бейне) үстеулері
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
Мақсат үстеулері
Себеп-салдар үстеулері
Топтау (я бөлу) үстеулері

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын (я бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет