Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
Шылаулар түрленбейді.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. 2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе. Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.
Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім?Ә. ӘбішевЖалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екенБейімбет Жармағамбетұлы Майлиндейін, қарайАлматыға, үйіне Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?