Т. Нұртазин қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын монографиялық үлгіде зерттеуге сүбелі үлес қосқан зерттеуші. Жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы жөнінде Б. Майлин, М.Әуезов, С



бет3/3
Дата13.05.2023
өлшемі17,97 Kb.
#92878
түріМонография
1   2   3
3. Б.Майлиннің фельетон очерктері
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне белгілі жазушы өзінің жеке қор құжаттарын 2011 жылы өткізген болатын. Тоқтар Бейісқұлов еңбегі де ел-жұртқа, әдеби ортаға кеңінен танымал. Халықтың көкейіндегі жер, тіл мәселелері, танымал тұлғалардың істері туралы жарық көрген дүниелері аз емес. Осы уақытқа дейін алуан тақырыпқа, сан түрлі жанрда 200-ден астам мақала жазған. Оның алпысы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған. Әдебиет проблемалары, оның тарланбоздары туралы көлемді еңбектері баршылық.
Қаламгердің ғылыми шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, жазықсыз атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен қиындықтарын көпшілікке жеткізу. Бұл зерттеу жұмысына 40 жылға жуық өмірін арнаған. Бейімбет Майлинге арналған ең алғашқы еңбегі – белгілі ғалым Темірғали Нұртазиннің басшылығымен жазылған "Талантты да тағанды журналист" атты дипломдық жұмысы. Бұл бағытта "Б. Майлин – журналист" (1979), "Қанатты қаламгер" (1983), "Бейімбетті атқан кім?" (2000) еңбектері жарық көріп, "Би аға" естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің жиынтығы ретінде "Қилы заман азабы" (2003) кітабы, "Бейімбет Майлин және ұлт өнері" атты деректі публицистикалық эссесі жарық көрді.
Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің жарық көрмеген, ғылыми айналымға енбеген "Кездескендер", "Оспан Олжабаев", "Күлегеш жеңгей" сияқты повестерін, 30-ға жуық очерк, мақалаларын архивтен тауып баспасөздерде жариялатқан. Сондай-ақ ҰҚК (КНБ) архивінен Би-ағаның жеке істерімен танысып және 74 бүркеншік (псевдоним) аттарының тізімін жасаған. Жазушының бүркеншік есімдермен жариялаудың себебі біріншіден, табиғатынан қарапайым, екіншіден көзге шыққан сүйелдей көріне беруді ерсі санады, үшіншіден, жоғары мәдениеттің үлгі-өнегесіне табынған.
Тоқтар Бейісқұловтың мақсаты Бейімбет Майлиннің барлық жарияланған және жарияланбаған еңбектерін, фотоларын, хаттарын мұра ретінде жинақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу болды. Архивтерден табылған еңбектері мен Бейімбет Майлин шығармаларының көп томдығын құрастырған. Оларды әңгімелері, өлеңдері, поэмалары, пьесалары, повестері, романдары деп 12 том көлемінде шығарған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет