Т. Нұртазин қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын монографиялық үлгіде зерттеуге сүбелі үлес қосқан зерттеуші. Жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы жөнінде Б. Майлин, М.Әуезов, С



бет1/3
Дата13.05.2023
өлшемі17,97 Kb.
#92878
түріМонография
  1   2   3

1.Т.Нұртазин – қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын монографиялық үлгіде зерттеуге сүбелі үлес қосқан зерттеуші. Жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы жөнінде Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов туралы зерттеулерін атауға болады. Аталған жазушылардың шығармашылығын зерттеген еңбектерінің қатарында «О творчестве С.Муканове» (1950), «С.Муканов. Критико-библиографический очерк» (1958), «Мухтар Ауэзов: Критико-биографический очерк» (1958), «Жазушы және өмір» (1960), «Мухтар Ауэзов» (1960), «Халық жазушысы» (1960), «Идея және образ» (1962), «Б.Майлин творчествосы» (1966), «Б.Майлин. Указатель литературы» (қазақ, орыс тілдерінде) 1968) тәрізді зерттеулер бар.
Т.Нұртазиннің келесі еңбегі – «Бейімбет Майлин творчествосы» атты монографиясы (1966). Он бір тараудан тұратын зерттеуде Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы толық зерттелген. Автор жазушы шығармаларын әңгіме, поэзия, повесть, роман, драматургия, публицистика тәрізді жекелеген жанрлар бойынша қарастырған. «Тексте келтірілген деректердің көрсеткіші» мен «Псевдонимдер» (Бүркеншек аттар) зерттеудің мазмұнын көтеріп тұр. Зерттеуші «Жалаң аяқ», «Қойшы», «Жаяу», «Жолаушы бақыр», «Қарабалақ баласы», «Қара бала», «Қойшығара», «Жорналшы» тәрізді шығармаларының бағытынан, мазмұнынан, стилінен күмән туғызбайтын бүркеншек аттардың Б.Майлиндікі екеніне сенімділік танытады. Монографиялық зерттеудің негізгі жетістігі – жазушының ірілі-ұсақты шығармаларымен бірге ол туралы ілгерінді-кейінді жазылған сыңаржақ және объективті әділ сындардың, мақалалар мен зерттеулердің түгелдей қамтылуы. Зерттеуші Б.Майлин шығармаларын насихаттау жолындағы Б.Кенжебаев, Қ.Жармағамбетов, Т.Қожакеев, Б.Наурызбаев, С.Ордалиев, Р.Рүстембекова, Т.Кәкішев тәрізді зерттеушілердің еңбектеріне оң баға беріп, өзіне дейін жазылған зерттеулерді жадында ұстап отырған. Сонымен бірге жазушының алғашқы шығармашылық қадамы туралы пікірлерге сын көзбен қарап, оларды бір ізге түсірген. Салыстыру жұмыстарының жүйелі жүргізілгендігінен жазушының толық шығармашылық портреті жасалған. Кеңестік идеологияның талап-тілектерінен туындаған жекелеген пікірлер болмаса, тұтастай алғанда зерттеудің қай дәуірде де өз құнын жоймайтындығы анық. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі монографиялық зерттеу ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының ғана табысы емес, қазақ әдебиеттану ғылымының жетістігі ретінде бағаланғандықтан осы кітапқа еніп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет