Т. В. Шевякова Редакциялық алқа мҥшелері



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#9985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
ISSN 1728-7804 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
 
“Филология  ғылымдары”  сериясы  
Серия  «Филологические  науки» 
№ 2 (40), 2012 ж. 
 
 
 
 
 
Алматы, 2012 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
Абай атындағы 
Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті 
 
ХАБАРШЫ 
 
«Филология ғылымдары» сериясы 
№2 (40), 2012 ж. 
 
Шығару жиілігі – жылына 4 нӛмір. 
2000 ж. бастап шығады. 
 
Бас редактор: 
филол.ғыл.д., проф. Б.Әбдіғазиҧлы 
 
Бас ред. орынбасарлары: 
пед.ғыл.д., проф. Ф.Ш. Оразбаева, 
филол.ғыл.д., проф. С.Д. Әбішева 
 
Ғылыми редакторлар: 
филол.ғыл.д., проф. Т.С. Тебегенов,  
филол.ғыл.д., проф. Т.В. Шевякова 
 
Редакциялық алқа мҥшелері: 
филол.ғыл.д., проф. К.И. Мирзоев, 
филол.ғыл.д., проф. А.Қ. Жҧмабекова, 
филол.ғыл.д., проф. Б.Қасым,  
пед.ғыл.д., проф. Г.А. Қажығалиева, 
профессор Н.М. Исмаил, 
филол.ғыл.канд., доц. Н.Ж. Нҧртаева, 
пед.ғыл.д. Ж.К. Балтабаева  
 
Жауапты хатшы: 
филол.ғыл.к. А.Д. Ибраева 
 
© Абай атындағы Қазақ ұлттық  
педагогикалық университеті, 2012 
 
 
Қазақстан Республикасының  
мәдениет және ақпарат министрлiгiнде  
2009 жылы мамырдың 8-де тiркелген 
№10109 - Ж 
 
 
Басуға 13.07.2012 қол қойылды. 
Пiшiмi 60х84 1/8. Кӛлемi 15,75 е.б.т.  
Таралымы 300 дана. Тапсырыс 271 
 
 
050010, Алматы қаласы,  
Достық даңғылы, 13. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетiнiң 
«Ұлағат» баспасы 
Казахский национальный педагогический 
университет имени Абая 
 
ВЕСТНИК 
 
Серия 
«Филологические науки» 
№2 (40), 2012 г. 
М а з м ҧ н ы  
С о д е р ж а н и е  
 
ТІЛ БІЛІМІ 
ЛИНГВИСТИКА 
 
Қасым Б., Жақанова Г. Сандық ҧғымдар арқылы жасалған кҥрделі 
атаулардан тҥзілген 
концептілер................................................................. 
Бадагулова Г.М. Понятие символа в лингвистике и философии........... 
Молдасанов Е.М. Тіл үйренудегі қағидалар............................................. 
Тҧрсынова М.А. Түркі тілдеріндегі мен, сен, ол есімдіктерінің септелуі 
Садықова  Р.,  Танаева  Д.  Парсы  және  қазақ  тілдерінің  мағынасы 
жағынан ұқсас мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшеліктері.................. 
Субботина  В.В.  Предпереводческий  анализ  текста  и  его  роль  в 
переводоведении........................................................................................... 
Ноғайбаева  Ж.Ә.  Қазақ  тілін  үйретуде  инновациялық  тәсілдерді 
қолданудың тиімділігі................................................................................... 
Бедусенко  Г.А.  О  некоторых  функциях  разговорной  лексики  в 
современой печати........................................................................................ 
Қасенов Е. А.Байтұрсынов еңбектеріндегі сӛз таптастыру мәселесі...... 
Ауелбекова Ш. ХХ ғасыр басындағы тіл туралы пікір таластар............ 
Жайлаубаева Қ.С.  Қазақ тілін орыc мектептерінде фонетика ұғымына 
сүйене отырып интеграциялық тәсіл арқылы оқыту................................. 
Гасанова Т.Н. Проблемы восприятия иностранной речи........................ 
Асқарова  С.,  Ашегова  Б.Н.  Ағылшын  тіліндегі  синонимдерінің 
түрлері............................................................................................................ 
Курманова Ж.Б. Государственный язык как фактор развития казахской 
нации............................................................................................................... 
Искакова  Х.Е.,  Сейітқулова Г.Б.  Студенттерге кәсіби бағдар беруде 
шет тілінің терминологиялық жүйесі.............................................................. 
Токтарова  Т.Ж.  К  вопросу  о  стереотипизации  речевого  поведения 
мужчин и женщин......................................................................................... 
Кулмаганбетова 
В.Х. 
«Әйел» 
концептісіне 
қатысты 
паремиологиялардың лингвокогнитивтік мазмұны................................... 
Аскерова Т.М.  Грамматический и семантико-стилистический анализ 
глагольных (предикативных) фразеологических единиц в языке Насими 
Манатқызы Ә. Қазақ ертегілерінде кӛрініс тапқан ұлттық реалиялардың 
түрік тіліне аударылу жолдары.................................................................... 
 
ӘДЕБИЕТТАНУ 
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ 
 
Нургали К. Проблемы литературной критики в книгах Н.Ровенского.. 
Ізтілеуова С. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ―жан‖ ұғымы............ 
Тагиева Н.Ш. Мир Джалал и Шервуд Андерсон: близость и сходство 
в их творчестве.............................................................................................. 
Жақсылықҧлы З. Түркі тілдес халықтар әдебиеті арасындағы рухани 
сабақтастық мәселелерінің тексерілуі......................................................... 
Ибраева  А.  Қаламгердің  әдеби  шығармашылық  әлемін  танытудың 
жолдары.......................................................................................................... 
Мамедзаде Н. Влияние психоанализа на творчество Германа Гессе...... 
Тоқшылықова Г.Б. Корей поэзиясының жанрлары................................ 
 
Рахымжанов  Н.  Тӛл  әдебиетіміздегі  элегия  жанрын  зерттеу  ісінің 
басты міндеттері жайында............................................................................ 
Алекберова  У.  Теоретические  воззрения  Г.Н.  Потанина  в  связи  с 
происхождением саги о Соломоне.............................................................. 
 
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
 
Разахова  Ф.Ж.  Ұлттық  тәрбиенің  қазіргі  қоғамдағы  сарыны  және 
болашағы........................................................................................................ 
Медеубаева К. Тіл дамыту сабақтарында С.Торайғыров шығармаларын 
пайдалану....................................................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 



11 
 
16 
 
18 
 
21 
 
23 
26 
29 
 
34 
36 
 
39 
 
42 
 
46 
 
48 
 
50 
 
54 
 
57 
 
 
 
 
62 
65 
 
68 
 
72 
 
75 
76 
80 
 
 
83 
 
87 
 
 
 
 
 
90 
 
93 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
 
Периодичность – 4 номера в год. 
Выходит с 2000 года. 
Главный редактор: 
д.филол.н., проф. Б.Абдигазиев 
Зам. гл.редактора: 
д.п.н., проф. Ф.Ш. Оразбаева
д.филол.н., проф. С.Д. Абишева 
 
Научные редакторы
д.филол.н., проф. Т.С. Тебегенов, 
д.филол.н., профТ.Б. Шевякова 
Члены редколлегии: 
д.филол.н., проф. К.И. Мирзоев, 
д.филол.н., проф. А.К. Жумабекова
д.филол.н., проф. Б.Касым, 
д.п.н., проф. Г.А. Кажигалиева, 
профессор Н.М. Исмаил, 
к.филол.н., доц. Н.Ж. Нуртаева, 
д.п.н. Ж.К. Балтабаева 
 
Ответственный секретарь: 
к.филол.н. А.Д. Ибраева 
 
 
© Казахский национальный 
педагогический университет им. Абая, 2012 
 
Зарегистрировано 
в Министерстве культуры и информации РК  
8 мая 2009 г. №10109-Ж 
 
 
Подписано в печать 13.07.2012. 
Формат 60х84 1/8. Объем 15,75 уч-изд.л. 
Тираж 300 экз. Заказ 271 
050010, г. Алматы, 
пр. Достык, 13. КазНПУ им. Абая 
 
 
 
Издательство «Ұлағат» 
Казахского национального педагогического 
университета имени Абая 
Аскарова С.А.,  Копбаева С.М. Современные проблемы оценки знаний 
студентов и проведение тестирования........................................................ 
Джумагульбаева  Р.П.,  Худайбердина  Д.А.  Речевое  и  неречевое 
поведение учителя на начальном этапе обучения иностранного языка.. 
Шуиншина  Н.М.,  Сатбай  Г.  Türkçe  öğretiminde  konuşma  becerisinin 
geliştirilmesinde masal ve fabllerin önemi...................................................... 
Утегулова З.Н. Шетел тілі сабағында рӛлдік ойындарды қолданудың 
тиімділігі........................................................................................................ 
Косанова Г.А., Джакибаева А.Т. Обучение видо-временной системе 
английского глагола (на материале группы настоящих и прошедшего 
неопределенного времен)............................................................................. 
Утегулова  З.Н.  Ранне  обучение  иностранному  языку  как  фактор 
повышения качества владения на последующих этапах........................... 
Сейткулова  Г.Б.,  Искакова  Х.Е.  Введение  новой  лексики  при 
обучении работе над текстами по специальности..................................... 
Утегулова  З.Н.  Шетел  тілін  оқытуда  қолданылатын  прагматикалық 
кәсіби бағдарлы міндеттерді тиімді шешу.................................................. 
Жанкушков Б. Жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.......... 
 
ЖУРНАЛИСТИКА 
 
Abdygazyuli B., Baymolda D. Coverage of contemporary global issues in 
the media of Kazakhstan................................................................................. 
Гарибли И. Вопросы просветительства, прессы и науки в публицистике 
М.Хади (на основе статей, опубликованных в газете «Хайят»)............... 
Мҧсатаева Ф.С. Жарнама ұғымы мен оның түрлері................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
96 
 
98 
 
101 
 
104 
 
 
105 
 
109 
 
112 
 
115 
117 
 
 
 
 
119 
 
120 
124 
Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  Комитеті  Алқасының  шешімі  негізінде  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың 
Хабаршысы  журналының  «Филология  ғылымдары»  сериясын  педагогика  ғылымдары  бойынша 
диссертациялардың  негізгі  ғылыми  нәтижелерін  жариялайтын  басылымдар  тізбесіне  енгізілгені  туралы 
хабарлайды.  
На основании решения Комитета по контролю в сфере образования и науки Вестник КазНПУ им.Абая, серия 
«Филологические  науки»  внесен  в  перечень  изданий  для  публикации  основных  научных  результатов 
диссертаций. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
ТІЛ БІЛІМІ 
ЛИНГВИСТИКА 
 
САНДЫҚ ҦҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН 
КҤРДЕЛІ АТАУЛАРДАН ТҤЗІЛГЕН КОНЦЕПТІЛЕР 
 
Б.Қасым – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры ф.ғ.д., 
Г.Жақанова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы 
 
Кез келген тілде сан атаулары алғашқы ұғыммымен, яғни қандайда бір заттардың санын, басқа 
заттармен қатынасының сандық мәнін білдірумен қатар, екінші деңгейдегі қолданысқа түсіп, басқа 
ұғымдарды атауға қатысады. Яғни о бастағы нақты білім басқа, жаңа білімді игеруге кӛмектеседі. 
Сол арқылы қоршаған ортаның ақиқат дүниесіндегі құбылыстар адам санасында дайын, бұрыннан 
бар  бірліктер  арқылы  оңай  танылып  жатады.  Осы  процесс  сан  атауларына  әбден  қатысты. 
Мәселен, үш саны нақты бір заттардың мӛлшерін кӛрсетеді, яғни лексикалық бірлік ретінде оның 
анықтамасын былай беруге болады: үш – екіден кӛп, тӛрттен аз сан. Ал осы сан атауы енді ұлттың 
басқа  да  руха-ни,  мәдени,  материалдық  мәдениетіне  қатысты,  әлеуметтік  болмысындағы 
құбылыстар  мен  заттарды,  абстрактілі  ұғымдарды  тануға  қатысады.  Мысалы,  үш  жүз  күрделі 
атауында  үш  санының  атауы  нақ-ты  бір  заттардың  мӛлшерін  атап  қана  қоймайды,  бұнда  ол 
тіркескен  жүз  сӛзімен  бірігіп,  қазақ  халқы-ның  этникалық  құрылысына  қатысты  білімді 
жинақтаушы қызмет атқарып тұр. Жоғардыа аталған сандық атаулардан жасалған күрделі атаулар 
ӛз  алдына  когнитивтік  жүйеде  белгілі  орны  бар  концеп-тілерді  түзуге  қатысады.  Сол 
концептілерді  құраушы  білім  бірліктері  болып  табылады.  Сандық  ұғым-дардың  жеке-жеке 
концептілер  екені  анықталды.  Мысалы,  бес  сан  есімі  адамның  бес  саусағымен  бай-ланысты 
шығып,  тұтастық,  байланыстылық  концептісін  құрайды.  Ал  осы  сандық  ұғым  арқылы  жасалған 
тілдегі  кӛптеген  күрделі  атаулар  когнитивтік  сананың  жүйелік  бірліктерін  түрлі  концепті-лерді 
жасайды. Яғни сан ұғымдарын қолданып күрделі атау жасау – жаңа ұғымға ат беру ӛз алдына бір 
процесс болса, енді сол күрделі атаулар арқылы әлемнің тілдік бейнесін қалыптастыру, қоршаған 
ортаның танымдағы бейнесін құру бұл да ӛз алдына қарастырыла алатын тағы бір порцес болып 
отыр.  Бірінші  процес  тіл  шекарасында  ӛтке,  екінші  процесс  таным  деңгейінде  жүреді.  Екеуі 
бірінсіз бірі жүзеге аспайды да, тіл мен таным тұтастығының айғағы болып табылады. 
Қазақ  халықының  тарихындағы  материалдық  және  рухани  мәдениеттің,  тұрмыс-тіршілігің 
деңге-йін бейнелейтін, яғни этнос ӛмірінің декеккӛзі болар белгілі бір сандарға қатысты  біртуар, 
үш жүз, бесқару, тӛрт құбыла, алтыбақан, екі дүние, қырықаяқ, Жетіқарақшы, бесатар, үш жұрт, 
сегізкӛз,  сегізаяқ,  қырықбуын  сияқты  күрделі  атаулардың  әлеуметтік  мәнділігі  кең.  ӛйткені 
олардың мән-мағы-насы жұртшылыққа, яғни тілдік ұжым мүшелерінің барлығына дерлік кеңінен 
түсінікті.  
«Уақыт»  концептісі.  Бұл  концептіні  құрауға  күрделі  атаулар  қазақи  танымның,  ұлттың 
болмыс-тың, әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың, рухани мәдениеттің ерекшеліктерін кӛрсететін 
мынадай күрделі атаулар қатысады: он екі сәт, үш бунақ, бес қонақ және т.б.  
Он екі сәт –  «ұзақ мерзім» дегенді білдіреді (48, 108). Мысалы, – О, бұл қой әлі ет болғанша 
мың  бір  әлем  он  екі  сәт.  Мұнан  қашан  әкетеді?  Ет  комбинатына  апарған  күні  қабылдай  қоя  ма, 
жоқ  па?  (Н.Қазыбеков.  Хат.  –  Жұлдыз,  1986,  127  б.),  –  деген  әңгіменің  үзіндісінде  он  екі  сәт 
күрделі  атауы  мың  бір  әлем  тіркесімен  бірге  ұзақ  мерзім  деген  ұғымды  білдіріп  тұр,  уақытқа 
қатысты  «ұзақтылық»  концептісі  құрап  тұр.  Бұл  жерде  аталған  күрделі  сӛз  үстірт  мағынада 
қолданылса,  он  екі  сәт  сӛзінің  байырғы  нақты  мағынасын  екінің  бірі  біле  бермейді,  сондықтан 
оның шын мәніде білдірген тілдің мағынасы астырт мағынаға жатады.  
Қазақтың  халық  күнтізбесін  зерттеуші  М.Ысқақов  кейбір  түркі  халықтары,  оның  ішінде 
ұйғырлар  тәулікті  он  екі  шаққа  (сағатқа)  бӛлген  деген  Ұлықбектің  мағлұматына  назар  аударады. 
Тәулікті он екі шаққа бӛліп, оны он екі жыл есебімен атау монғол халықтарында да бар: 1) хулгана 
цаг – тышқан шақ, 2) ухер цаг – сиыр шақ, 3) бар цаг – барыс шақ, 4) туулай цаг – қоян шақ, 5) луу 
цаг – ұлу шақ, 6) моғай цаг – жылан шақ, 8) морин цаг – жылқы шақ, 8) хонин цаг – қой шақ, 9) бичин 
цаг – мешін шақ, 10) тахиа цаг – тауық шақ, 11) нохой цаг – ит шақ, 12) гахай цаг – доңыз шақ [1, 
108].  
Үш  бунақ.  Қазақтарда  және  түркі  халықтары  үшін  бір  жылды  үшке  бӛліп  қарастырумен 
туындаған  уақыт  ұғымы.  Бұл  шаруашылыққа  байланысты  туындаған  ұғым.  Есепшілер 
шаруашылықты  ауа-райымен  сабақтастырып  жүргізу  үшін  бір  жылды  120  күннен  тұратын  үш 
бунаққа  бӛлген.  ‡ш  бунақ-тың  алғашқысы  бас  бунақты  шаруалардың  тілінде  қара  қатқақ  деп  те 
атайды. Бұл мезгілде мал тӛл-дейді, жабағы жүн қырқылып, бие бау тартылады. Орта бунақта шӛп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
қуаты  басына  шығады.  Аяқ  бунақ  қазанның  тоғызынан  ақпанның  тоғызына  дейінгі  уақыт. 
Малшылар бұл мерзімде «күйек шешіп», жылқыны тебінге түсіреді. 
Бесқонақ.  Жаз  бен  күз  мезгілі  арасында  болатын  ызғырық,  суық  күн.  Бес  конақ  күрделі  атауы 
тоғау есебіне  байланысты:  бірінші  қонақ  31-наурызда,  қазіргі  күнтізбе  бойынша 21-сәуір  –  кӛктем 
мейрамы, еңбек мерекесі; екінші қонақ 31-мамыр, қазір 22 маусым – жаз мерекесі; үшінші қонақ 31 
маусым,  қазір  22-шілде  –  ақын,  ӛнер,  парасат  күні;  тӛртінші  қонақ  31  шілде,  қазір  22  тамыз  –  тіл 
мерекесі  және  ұлттық  дәстүр  күні;  бесінші  қонақ  31  тамыз,  қазір  22-қыркүйек  –  күз  мейрамы, 
сабантой [2, 108]. 
Бес күндік пәни – шектеулі ғұмыр дегенді білдіреді. «Бес күндік» деген «қысқа» мағынасында 
жұмсалып,  жалған  дүние,  адамның  жарық  дүниеге  келіп,  о  дүниеге  аттану  аралығындағы  уақыт 
ӛлшемін білдіреді. Бір жағынан бұл күрделі атау «дін» концептісіне «діни уақыт» ӛлшемі ұғымына 
да келеді. 
«Туыстық»  концептісі.  Бұл  концептіні  жасауға  сандық  ұғымдар  арқылы  жасалған  мынадай 
күр-делі атаулар қатысады: үш жүз, үш жұрт, бес ата, жеті ата және т.б. 
Үш  жүз  –  қазақ  халқының  іргесі  үш  жүз  құрамынан  тұрады.  Олар:  Ұлы  жүз,  Орта  жүз,  Кіші 
жүз.  Бұл  күрделі  атаулардың  құрамындағы  «жүз»  лексемасы  туралы  әртүрлі  пікірлер  бар. 
С.Аманжолов «жүз» лексемасы 100 санымен астарлас бӛлшек ұғымын береді десе, Ж.Досқараев та 
жүз сӛзінің эти-мологиясы жӛнінде жүз сӛзінің тӛркіні дүз, түз деген сӛздермен байланысты болса 
керек деген пікір білдіреді. Себебі, біріншіден, қазақ тілінің кейбір говорларында  д/ж дыбыстары 
алмасады, екіншіден, әрірек уақытта бұрынғы этнотоптардың үш жаққа бӛлінуіне байланысты жүз 
(дүз)  сӛзінің  қолданы-луы  заңды  құбыдыс  екені  аңғарылады.  Дыбыстардың  алмасуына 
байланысты  кейбір  қарттардың  сӛй-леу  тілінде  жүз  деудің  орнына  дүз  деп  те  айтылады. 
Үшіншіден,  тілімізде  түз/дүз  «дала,  сахара  жақ»  деген  мағынада  қолданылады.  Қазақ  тілінің 
қысқаша  этимологиялық  сӛздігінде  Ж.Досқараевтың  пікі-рі  шындыққа  жанасатыны  кӛрсетілген. 
Ал  Е.Жанпейісов  жүз  лексемасының  этимологиясын  «буын,  ұрпақ»  сӛздерімен  байланысты  дей 
келе,  басқа  түркі  тілдерімен  салыстыра  зерттейді  [3,  105].  Соны-мен,  үш  жүз  құрамындағы  жүз 
сӛзінің тӛркіні ұрпақ сӛзімен байланысты. Үш жүз деп қазақ даласы емес, қазақ халқы  бӛлінген, 
әрі  тарихи  романдардан  «Үш  жүз  –  қазақтың  ағайынды  үш  баласы»  деген  сӛйлемдерді 
кездестіруге болады. Сонымен, үш жүз күрделі атауы қаны бір туысқан. ағайын-ды деген ұғымды 
білдіреді. 
Үшжұрт. Халқымыз «жігіттің үш жұрты бар. Олар – ағайын жұрт: жігіттің әкесі жағынан келе-
тін  туыстары,  нағашы  жұрт  –  шешенің  тӛркіні,  қайынжұрт  –  әйелінің  тӛркіні»  деп  айтады.  Осы 
күрделі  атау  құрамындағы  сандық  ұғымдағы  үш  сӛзінің  о  бастағы  сан  мағынасы  кӛмескіленіп, 
этнос-тың туыстық-әлеуметтік құрылымы болмысының бір кӛрінісіне қатысты құбылысты атауға 
қатысып тұр. Мысалы «үш жұртың аман ба?» дегенде айналаң, ортаң аман-есен, жағдайың жақсы 
ма деген ойды меңзеп тұр.  
Бесата. Бұл прецеденттік мәтін. Тарихи оқиғаға байланысты туындаған ұғым. Бесата – Қоңырат 
руынан тарайтын бір бұтақтың аты.  
Жетіата.  Қазақта  рулық  қатынас  тарихи  даму  кезеңдердің  ұзақ  мерзімі  бойы  әлеуметтік-
экономи-калық жағдайдың басты критерийі болды. Этностың тіршілігін, қоғамдық әрекеттестікті 
ұйымдасты-ру – туыстық қатынас негізінде орнығып, жүзеге асты, сондықтан да әр бір этнос ӛкілі 
ӛзінің  о  баста-ғы  тараған  тамырын,  ата-бабасының  жұртын  жақсы  білу  керек  болды.  Қазақта 
жетіата  деп  жеті  ұрпаққа  қатысты  айтқан:  ата,  әке,  бала,  немере,  шӛбере,  шӛпшек,  немене.  Ал 
қазақтың ұғымында бұл күрделі атау «тамыр, түп-тӛркін, тек» мағынасын білдіреді. Жеті атасын 
білу  деген тек қана  ӛз  ұрпағының арғы  аталарын білу  емес, жалпы  шығу тегін, ӛз  тарихын білу, 
ӛткенге құрмет кӛрсету, ұрпақ сабақтастығы деген ұғыммен сабақтасып жатады.  
Сандық атаулардан жасалған күрделі атаулар ӛз алдына когнитивтік жүйеде белгілі орны бар 
кон-цептілерді  түзуге  қатысады.  Сол  концептілерді  құраушы  білім  бірліктері  болып  табылады. 
Сандық ұғымдардың жеке-жеке концептілер екені анықталды. Мысалы бес сан есімі адамның бес 
саусағымен  байланысты  шығып,  тұтастық,  байланыстылық  концептісін құрайды.  Ал осы сандық 
ұғым арқылы жасалған тілдегі кӛптеген күрделі атаулар когнитивтік сананың жүйелік бірліктерін 
– түрлі концепті-лерді жасайды. Яғни сан ұғымдарын қолданып күрделі атау жасау – жаңа ұғымға 
ат  беру  ӛз  алдына  бір  үдеріс  болса,  енді  сол  күрделі  атаулар  арқылы  әлемнің  тілдік  бейнесін 
қалыптастыру, қоршаған ортаның танымдағы бейнесін құру бұл да ӛз алдына қарастырыла алатын 
тағы  бір  үдеріс.  Сандық  ұғымдар  негізінде  жасалған  күрделі  атаулар  қазақ  тілінде  тек  қана 
материалдық  немесе  рухани  мәде-ниеттің  нақты  кӛріністерін  ғана  танытушы  бірліктер  емес, 
сонымен  бірге  ұлттық  болмысты,  дүниета-нымды  кӛрсетітін  таным  бірліктері  –  концептілерді 
құраушы  тілдік  бірліктер  [4].  Яғни  сандар  дүние-ні  танудың  құралы,  сол  танымды  жианқтаушы 
таңба,  сол  жиналған  ақпаратты  реттеп,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізетін  дайын  білімнің  кілті  деуге 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 

 
болады.  
Сонымен  сан  ұғымдары  арқылы  жасалған  күрделі  атаулар  тілімізде  алуан  түрлі  концептілер 
түзе-ді, яғни олар белгілі бір тілдік ортаның, этностың ӛкілі болып табылатын индивидтің ӛзіндік 
тұрмыс-тіршілігіне сәйкес дүниені танып, ол туралы білімді жинақтап, қорытып аталым жасаудың 
тілдік құралы қызметін атқарады. 
1.
 
Базылхан Б. Монғолша-қазақша сӛздік. – Улаанбаатар-Ӛлгий, 1984. – 880 б. 
2.
 
Ысқақов М. Халық календары. 1980. – 220 б. 
3.
 
Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы: Наука, 1989. – 288 с. 
4.
 
Қасым Б. Сӛзжасам: семантика. Уәждеме. – Алматы, 2003 – 168 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет