ТӘҢірдің теңдессіз сыйын төмендетпеу серт



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата12.01.2017
өлшемі4,51 Mb.
#1741
  1   2   3   4   5

ТӘҢІРДІҢ ТЕҢДЕССІЗ СЫЙЫН 

ТӨМЕНДЕТПЕУ СЕРТ

Бүгінгінің бас тақырыбы



АҢДАТПА

5-бет

4-бет

(Соңы 3-бетте)

№142 (2920) 16 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

ЕГЕМЕНДІК ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН 

ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

ЕЛІМ ДЕГЕН ЕРГЕ — ЕРІМ ДЕЙТІН 

ЕЛ ЛАЙЫҚ

Сәті түскен сұхбат



(Соңы 6-бетте)

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН 

МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛДЫҚ

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


– Қабдеш аға, ата-бабаларымыз-

дың  ғасырлар  бойына  армандаған 

азаттығына шын мәнінде қол жеткізе 

алдық па?

– Тәуелсіздік алу – кез келген ұлттың 

арманы. Әлемде 200-ге жуық мемлекет 

бар екен. Солардың арасында бодандық 

қамытынан мойындарын енді босатып 

жатқандары да аз емес. Тарихи деректер-

ге жүгінсек, кезінде көптеген ұсақ елдер 

ірі-ірі империялардың боданына бай-

ланған. Берісі Араб, әрісі Африка елдері 

Американы, Қиыр Шығыс пен Азия ны 

алыңыз, тіпті, халқы миллиардтан асатын 

Үндістанның өзі 300 жыл бойы Ұлыбри-

танияның басыбайлы отарына айналып 

келді. Ойланып көріңізші, сол мемлекет-

тердің қайсысы өз алдына отау тігіп, өз 

алдына дербес, азат ел болғысы келмейді 

дейсіз. Олар да өзіміз тәрізді құлдық бұға-

уынан босанып, кіріптарлықтан құтылуды 

ғасыр лар бойына армандады. 

Осы күні кейбір ғалымдарымыз қа-

зақтың бодандықта жүргеніне 300 жыл де-

ген мәлімет таратып жүр, ал, мен Абылай 

дүние салғаннан кейін ғана кіріптарлыққа 

ұшырадық дер едім. 



Бүгін  —  Тәңірдің  теңдессіз  тартуына  балайтын  Тәуелсізді-

гіміздің  25  жылдығы.  Бұл  —  айтулы  мереке.  «Елу  жылда  ел 

жаңа» дейді халқымыз. Елдің жаңаруы, жаңғыруы, қайта түлеуі 

үшін керекті уақытты мөлшерлеп меңзегені шығар. Азаттық ая-

сында ғұмыр кешкенімізге 50 жыл толмаса да, ширек ғасырда 

қазақ мемлекет ретінде аяғын нық баса алды. «Болдық, толдық» 

деуге ерте шығар. Алайда, сәт сайын өзгеріп, жаңашылдықтар 

адам өміріне дерлік күнбе-күн еніп отыратын, бір орында бір 

сәтке де аялдап қалуды кешірмейтін ХХІ ғасыр қоғам өмірін, 

мемлекетті жаңа кейіпке бейімдемей, енгізбей тұрмайтыны рас. 

Мейлі, еркінен тыс болсын. Әрине, оған ілесіп отыру үшін де ішкі 

қуат, қажыр-қайрат пен ұмтылыс керек-ақ.

Ақпарат


Тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  тарихы  үшін  бұл  күн 

айрықша  маңызға  ие.  Тарихи  тұрғыдан  алғанда  аз- 

ғана уақыттың ішінде республикамыз елеу сіз елдердің 

қатарынан  жан-жақты  дамыған,  әлемдік  қауымдастық 

мойындаған  алдыңғы  қатарлы  мем лекетке  айналды. 

Елімізде  заманауи  бәсекеге  қабілетті  экономика 

қалыптасты.  Тәуелсіздік  жылдарында  ЖІӨ  23  есеге 

артып,  еліміздің  әр  тұрғынына  шаққанда  13  мың 

АҚШ  долларына  жетті.  Республикада  бүкіл әлемдік 

стандарттарға  толығымен  сай  келетін  заманауи  саяси 

жүйе,  тиімді  заңнама  және  құқықтық  институттар 

құрылды.  Тәуел сіздігіміздің  арқасында  бой  көтерген 

еліміз дің  бас  қаласы  —  жаңа  Астана  барлық  қазақ-

стандықтардың мақтанышына айналды.

Барлық  жетістіктер  еліміздің  Тұңғыш  Президенті 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  сарабдал  саяса-

тының  арқасында  жүзеге  асты.  Оның  көрегендігі  мен 

ұтымды  шешімдер  қабылдауының  нәтижесін де  рес-

публикамыз  халықаралық  деңгейде  зор  құр мет ке  ие 

болды,  ал,  елімізде  тыныштық  пен  татулық  салтанат 

құруда.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  еліміз ді  дамыту  жолында 

барша қазақстандықтарды ауқымды әрі нақты мақсат-

тарға  жұмылдыра  білді.  Басты  мақсат  —әлемдегі  ең 

дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

ЕЛБАСЫНЫҢ АТЫНА 

ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫ 

КЕЛУДЕ

Президенттің  баспасөз  қызметі  Қазақстан 



Тәуел сіздігінің 25 жылдығына орай, Мемлекет бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау 

жеделхаттары келіп жатқанын хабарлады. Герма-

ния  Федеративтік  Рес пуб ликасының  Президенті 

Йоахим Гаук: «Көпұлтты Қазақстан қоға мын дағы 

бейбітшілік пен келісім елдеріңіздің өркендеуіне 

қолайлы  жағдай  туғызып  отыр.  Германия  Қа-

зақстанның сенімді серіктесі болып қала береді 

және демократия мен заңның үстемдігі жөніндегі 

саяси үнқатысуды жалғастыруға ниетті», – деген 

жеделхатта.  «Қазақстан  Президентінің  өт кен 

айдағы  мемлекеттік  сапа ры  елдеріміз  арасын-

дағы осы жылдарда үздіксіз дамып келе жатқан 

стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне 

септігін тигізді деп ойлаймын. Қазақстан Республи-

касына баянды ғұмыр мен бақ-береке тілеймін», 

– делінген қазақстандықтарды құттықтап, екі ел 

достығын  нығайта  түсуге  тілектестік  білдірген 

Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің 

құттықтау хатында.

2017 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ 

ӨСЕДІ


Елімізде  зейнетақы  көлемі  келер  жылы  20 

пайызға өседі. Бұл туралы Астанадағы Қазақстан 

Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы на арналған 

салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарба-

ев мәлімдеді. «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы 

құрметіне мен Үкіметке алдағы жылы зейнетақы 

мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға өсіруді 

тапсырамын», – деді Елбасы. Зейнетақы көлемін 

көбейту шарасы 2 миллион 200 мың қазақстан-

дықты қамтымақ. Сондай-ақ, 2017 жылы 1 шілде-

ден бастап баланың тууына байланысты берілетін 

біржолғы мемлекеттік жәрдемақы да 20 пайызға 

өседі. 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОШТАЛЫҚ 



МАРКАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында елордада 

«Мәңгілік  ел»  маркасының  салтанатты  ашылуы 

болды. Жалпы таралымы 7,5 мың, ал, бір марка-

ның бағасы 100 теңгені құрайтын пошта маркасы 

перфорациясы  жоталы,  20  маркадан  құралған 

таңбалы қағаз түріндегі 4 бояулы офсетті қағаздан 

жасалған. Маркалар Ұлттық банктің банкноттық 

фабрикасында басылған. «Бүгінгі іс-шара – біздің, 

қазақстандық поштаның әлеуетін арттырып, Қа-

зақстанды серпінді дамыған ел ретінде көрсететін 

кезеңдердің бірі», – деді ОКҚ өткен баспасөз кон-

ференциясында «Қазпошта» АҚ атқарушы директо-

ры Сәуле Егембердиева.

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! 

Тәуелсіздікті нығайтуға еліміздің сот жүйесінің де зор үлес қосып отырғаны көңілге қуаныш 

ұялатады. Отандық сот төрелігі жүйесінің тиімділігін бір ғана көрсеткішпен айтуға болады. Егер 

1992 жылы соттар барлығы 268 281 істі қараса, тек қана ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 

соттарға  1,7  миллионнан  астам  немесе  алты  есе  көп  іс  келіп  түскен.  Бұл  —  азаматтардың 

соттарға деген сенімінің айқын көрсеткіші. Барлық істер дер кезінде, сапалы әрі созбалаңға 

салынбай  қаралуда.  Республикадағы  судьялар  мен  сот  жүйесінің  қызметкерлері  алдағы 

уақытта  да  заң  үстемдігін  қамтамасыз  етуге,    азаматтардың  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғауға бар күш-жігерін сала береді деп сенемін.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, толайым табыс 

және береке-бірлік тілеймін!

Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп,  одан әрі дами берсін! 

Қайрат МӘМИ,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы

Мерекелік лебіз

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ,

Қазақстанның Халық 

жазушысы:

«ТӘУЕЛСІЗДІК– 

САНАНЫ ОТАРЛЫҚ 

КЕСЕЛДЕН 

ТАЗАРТУ ДЕГЕН 

СӨЗ  


2

№142 (2920) 

16 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ — 25 ЖЫЛ

Сенат


СЕНАТОРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК 

МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Жетістік

Құрмет


ӘРІПТЕСІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

«ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА, 

ТӨБЕДЕГІ КЕЛЕДІ»

Қ

азақстан әлемге егеменді ел ретінде көк байрағымен танылып, алып ғаламшардан 



ойып тұрып өз орнын тапты. Алайда, осы бір ұлы күн бізге оңайлықпен келген жоқ. 

Егемендік жолында ата-бабаларымыз талай сұм соғыстың салқынын, аштықтың азабын бастан 

өткерді. Сондықтан, тәуелсіздік, қазақ елі, қазақ жері, қазақ тілі деген ұғымдар  ата-бабалары-

мыздың бізге  қалдырып кеткен баға жетпес байлығы деп білемін. Ал, осы тәуелсіздікті тұғыр-

лы етуде Ұлт көшбасшымыздың еңбегі ерен. Егемендіктің алғашқы жылдары шаңырағын 

енді ғана тіктеген шағын әрі жас мемлекеттің  адамзатты жаппай қырғынға ұшырататын атом 

қаруынан өз еркімен бас тартуы әлем елдерін бейжай қалдырмады. Осылайша еліміздің ұлт-

тық мүдделеріне нұқсан келтірместен Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру 

жөніндегі тарихи маңызды міндетті Елбасымыздың шешуі болашаққа деген сенімді нығайтып, 

миллиондаған жанның кеудесіне үміттің отын маздатты. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияның қабылда-

нуы мерейімізді үстем етті. Еліміздің елдігін көрсететін аталған құжатта жас мемлекетіміздің 

қалып тасуы және қол жеткізген жетіс тік тері тайға таңба басқандай толығымен  қамтылған. 

Бұл декларация еліміздің бүгінге дейінгі жетістіктерін паш етіп қана қоймай, келешекке деген  

нық қадамын да айқындай білді.

Қорыта айтқанда, егемендіктің алғашқы жылдары жоқтан бар құраған Елбасымыз елімізді 

25 жыл ішінде дамыған елдердің қатарына қоса білді. Қиын-қыстау заманда дүниежүзіне 

тарыдай шашылған отандастарымыздың басын  бір арнада тоғыстырып,  өзге ұлт өкілдерін 

бірлікке шақырып, мемлекетімізді тұтас татулық салтанат құрған елге айналдырды. Бүгінде 

төрт құбыласы түгел елдің іргесінің беріктігі біз үшін қымбат құндылық. Сондықтан, «Төр-

теу түгел болса, төбедегі келеді» демекші, әрбір қазақ баласы ел сенімін ақтап, тәуелсіздікті 

тұғыр лы етуде аянбаулары қажет.



Гүлмира СҮЙЕУОВА, 

Ақтау қаласының  мамандандырылған 

әкімшілік сотының судьясы  

ЖҮЗ ЖЫЛҒА ТАТЫРЛЫҚ 

ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

Ө

зінің болашаққа деген бағытын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк 



мемлекет ретінде айқындаған мемлекетіміз ел тәуелсіздігін күллі әлемге паш етіп, 

кең көлемде атап өтуде. Тарих үшін қас-қағым сәттей ширек ғасыр ата-бабамыз мұрат еткен 

тәуелсіздікке қол жеткізіп, бодандық құрсауынан  құтылған  біз үшін  биік белес. Қазақы 

жыл санаумен қайырар болсақ, 25 жас – 2 мүшел, азаматтың қалыптасып, толысатын кезеңі, 

осы уақыт аралығында еліміздегі жасалған жасампаз шараларды тізетін болсақ, көңілдің бір 

марқайып қалары сөзсіз. Бұл орайда, Елбасының тәуелсіздіктің санаулы жылдарында рес пуб-

ликамызда 100 жылға татырлық іс тердің атқарылғанын атап өтуі тегін емес. Елбасымыздың 

басшылығымен елдің іргесін бекітіп, ғаламдық қауіп-қатерге толы ғасырлар тоғысында ше-

карамызды шегелеп, осынау алмағайып заманда дамудың және өркендеудің жолына түсуіміз 

зор еңбектің және әлемде «Қазақстандық феномен» аталған ұлтаралық татулық пен бірліктің 

нәтижесі, сондай-ақ, келешек ұрпақтарға мыңжылдық мәңгілік елді қалдырудың қамы. 

Еліміздің қарыштап дамуына, ел татулығы мен бірлігінің нығаюына байланысты 

өміріміздің қай саласы да оң өзгерістерге толы. Биліктің бір тармағы саналатын сот саласы 

да осы межеге өткен жылдардан мол тәжірибе жинақтап, келешекке көздеген кемел жоспар-

ларымен келіп отыр. Ашықтық, әділдік, қолжетімділік, заманауилық тәріздес қағидаларды 

ұстаным еткен жүйеміз үздіксіз реформалану арқылы жетілуде. Осы мақсатта барша сот кор-

пусы кемшіліктерді болдырмау және сапалы әділсотты қамтамасыз ету жолында тынбай еңбек 

етуде. Республикамыздың әрбір азаматы өз құқықтарын қорғау, қалпына келтіру барысында 

осыған көз жеткізе алады. 

Бұл – тәуелсіздігіміздің сыйы, тәуелсіздіктің арқасында тынбай тындырылған жұмыстар-

дың нәтижесі. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды болсын, осынау ұлы мейрам құтты болсын 

дегім келеді.



Асқар БИСЕНҒАЛИ,

Ырғыз аудандық сотының төрағаcы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ



МӘҢГІЛІК ЕЛ НЕГІЗІ

Т

әуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі 



құнды мереке. Тәуелсіз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде  Елбасымыздың көреген-

ділігімен еліміз қанша биік асулардан асып, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан елеулі 

жетістіктерге жетіп қана қоймай, өзінің кемел келешегіне бастар жолды айқындап алды. 

Қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп биік 

белестерді бағындырды. Толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 

елдің қатарына ендік. Алдымызға одан да биік мақсат қойып, алғашқы отыздыққа енудің 

негіздері қаланды. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары 

мерзімінен бұрын жүзеге асып келе жатқанын айта кету керек.

Тәуелсіздік тұғырын нық ұстау – бүкіл тіршілігіміздің өзегі және бұл ұрпақтарымыздың 

алаңсыз келешегін ойлау деген сөз. Ел азаматтары үшін басты құндылық ретінде танылған 

тәуелсіздік бірлік пен татулықтың арқасында тамырын кеңге жаяры ақиқат. 

Мемлекетіміздің негізгі мақсаты Конституциямызда бекітілген. Ата Заңда «Қазақстан өзін 

демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның 

ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. 

Демек, қоғамда тұрақтылықты, татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл-ауқатын жақ-

сарту басты мәселе болып табылады.

Елбасы жыл сайынғы жолдауларында халқымыздың бейбіт өміріне ерекше көңіл бөліп, 

лаңкестік әрекеттерден алыс болып, бірлік жолын ұстану тәуелсіздігіміздің басты қалқаны 

екенін еске салып, ел ішінде тыныштықты, ауызбіршілікті ұдайы назарда ұстап, ұйымшыл-

дыққа ұйытқы болуды үндеп келеді. Ынтымағы жоқ елден ырыс кететіні анық. Сол үшін 

тәуелсіздігіміздің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауымыз керек. 

Қазақ халқының би-шешендері әрқашанда өсиет сөздері мен ғибратты толғамдарында 

бірлікті насихаттаған. Төле бидің «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақыл сөздері қанша 

ғасыр өтсе де өміршеңдігін жоғалтпақ емес. 

Ел тәуелсіздігі тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Омар СЕРІКБАЕВ,

Түркістан қалалық сотының төрағасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ



Парламент Сенатында Қазақстан Респуб­

ликасы  Тәуелсіздігіне  25  жыл  толуына  ар­

налған салтанатты жиын өтті.

Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пре-

зидент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  парасатты, 

көреген басшылығымен тәуелсіз мемлекетіміздің 

берік негізі қалыптасқанын және оның бүкіл әлем 

мойындаған тарихи дерек екенін айтып: «Қысқа 

мерзім  ішінде  Қазақстан  әлем  қауымдастығы 

құрметтейтін абыройлы мемлекет деңгейіне кө-

терілді. Бүгінде адамзатты алаңдатқан ең өзекті 

мәселелер  бойынша  Қазақстанның  ұстанымы 

дүниежүзінің түкпір-түкпіріне белгілі. Қазақстан 

бірлігі жарасқан ұлттар мен ұлыстардың бейбіт 

өмір сүріп жатқан киелі шаңырағына айналды», 

– деді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның игілігі 

жолындағы ерен еңбектері үшін депутаттарға ри-

зашылығын білдірді. 

Сенат төрағасы Мемлекет басшысының атынан 

белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі, елдің 

әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, 

халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты 

нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ Сенат 

депутаттарына мемлекеттік марапаттарды табыс етті. 

Б.Бекназаров, И.Адырбеков және Қ.Ищанов III дәре-

желі «Барыс» орденімен, Д.Құсдәулетов, Е.Мұқаев 

«Парасат» орденімен, А.Бейсенбаев пен Л.Полтора-

батько II дәрежелі «Достық» орденімен, О.Перепе-

чина «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен 

қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 

– 25 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді.  

А.ТҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасының Әскери сотын­

да  алқа  төрағасы  Ә.Қаженовқа  құқық тану 

жүйе сін нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін 

«Қазақстанның құрметті заңгері» атағы берілді. 

Мерекенің өткенге есеп беру, елдің 

ертеңін қамдау секілді және басқа да 

сипаты көп. Сонымен қатар, тәуел­

сіздіктің айтулы тойы еткен еңбек, 

төккен тердің еленетін, бағаланатын 

сәті. Бұған жер­жерде өтіп жатқан түрлі 

сала өкілдерінен марапаттау шаралары 

дәлел.

Сондай мәртебелі марапаттың біріне 

«Заң  газетінің»  тілшісі  де  ие  болғанын 

қуана жеткізгіміз келеді. Қазақстан Рес-

публикасы Президентінің 2016 жылғы 29 

қарашадағы жарлығы бойынша «Қазақстан 

Республикасының 25 жылдығы» мерекелік 

медалін басылымның Оңтүстік Қазақстан 

облысындағы  меншікті  тілшісі  Шадияр 

Молдабекке өңір әкімі Жансейіт Түймебаев 

табыс етті. 

Әріптесімізді марапатымен құттықтап, 

шығармашылығына шабыт, отбасына аман-

дық тілейміз!



«Заң газетінің» ұжымы  

АЛҚА ТӨРАҒАСЫ 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ 

ЗАҢГЕРІ» АТАҒЫН АЛДЫ



Салтанатты жиынға «Қазақстан заңгерлері 

одағы» республикалық қоғамдық бірлесті­

гінің төрағасы Р.Мұқашев және атқарушы 

директоры­аппарат басшысы Д.Құрманова, 

судьялар мен қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдері 

қатысты.

Төсбелгіні «Қазақстан заңгерлері одағы» рес-

публикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Р.Мұқашев табыс етті. Төраға Әуезнұр Бейсен-

ұлының сот жүйесі және Қазақстан заңгерлер 

қауымдастығы алдындағы еңбегін атап, оған зор 

денсаулық және құт-береке тіледі. Сот төрағасы 

С.Абдуллаев Ә.Қаженовтің судьялық қызметінде-

гі жетістіктеріне тоқталып, жиынға қатысушылар-

ды мерекемен құттықтады. 

Әуезнұр Қаженов өзінің еңбек жолын Семей 

облыстық сотында бастаған. Әр жылдары Рес-

публика Жоғарғы арбитраж соты төрағасының 

бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының алқа төрағасы, Минск қала-

сында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 

Экономикалық сотының төрағасы, Павлодар 

облыстық сотының төрағасы сияқты қызметтер 

атқарған. 

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі


3

zangazet@maiI.ru



№142 (2920) 

16 желтоқсан 2016

Бүгінгінің бас тақырыбы

Сауалнама

(Соңы. Басы 1-бетте)

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ — 25 ЖЫЛ

1991 жылы 16 желтоқсанда әлем тарихына 

жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қосылған Қа-

зақстан бұл қасиеттерді таныта алды. Әлі де 

кем-кетігіміз табылады. Бірақ, көштің соңында 

қалып қойғанымыз жоқ. Биік мінберлерден жиі 

сөйлейтін халық қалаулылары мен билік өкіл-

дері де елу жыл тұрмақ, осы ширек ғасырдың 

өзінде-ақ ширақ басып, алға кетіп үлгергенімізді 

жиі айтады. Келісетін де, келіспейтін де жері бар 

шығар. Бәлкім, бұл идеологиялық мақсатта ай-

тылатын дүние болуы да ғажап емес. Дегенмен, 

лайым, солай болғай! 

Егемендіктің тойы елдік шараға айнала алып 

жатыр ма, ширекғасырлық мереке бұған дей-

інгілерінен несімен ерекшеленуде дегенге бір 

ауыз тоқталғымыз келеді. Рас, мейрам жақын-

даған сайын жер-жерде түрлі шаралардың шы-

мылдығы түрілді. Кім қандай шара өткізсе де, 

мән-маңызына қарамастан оны Тәуелсіздіктің 

25 жылдығымен байланыстырып бақты. Той 

қарсаңында «тосын сыйлар да» болмады емес. 

Мәселен, депутаттардың Елордаға Елбасының 

есімін берейік деп даурығысқанын өз басымыз 

солай қабылдадық. Басы ашық мәселе, Тұңғыш 

Президент қай құрметке де лайық тұлға. Тек, 

депутаттар қазақ халқының «уақыт – төреші» 

дегенін ескермеді ме екен. Оның үстіне бұл та-

рихтың еншісіне қалдырылатын «құзырет» емес 

пе еді? Ат ауыстырғыш болса, алдымен Павло-

дар мен Петропавлдың атауын өзгертпей ме деп 

қабақ шытты көпшілік. Рас-ау. Қалаулылары-

мыз қаперге алмағанды Елбасы ескерді. Тоқтау 

салды. Қазақстанның бас қаласының атауын 

ауыстыруға қажеттілік жоқ екенін, Астана деген 

атты ешнәрсеге айырбастамайтынын айтты. 

Елдің де күткені осы еді. Өйткені, тәуел-

сіздік  тұтас  халықтың,  көптің  мерекесіне, 

ортақ тойына айналуы тиіс-ті. Енді Үкімет 

болсын, жергілікті атқарушы билік болсын, 

жалпы жұртқа қызмет етуі қажет десек те, кейде 

бюджеті құрғыр «басына тартса, аяғына жет-

пей» жатуы ғажап емес. Ал, Тәуелсіздіктің 25 

жылдығы екі келмейтін тарихи сәт. Халықтың 

қағанағын қарқ, сағанағын сарқ қылуға қауқары 

жетпесе де, елдің мерейлі мерекеде мәртебесін 

бір көтеріп тастауға болатыны хақ. Мемлекет 

басшысынан «меселі қайтқан» билік осы мүм-

кіндікті мүлт жібергісі келмегендей. Айтулы күн 

жақындағанда сыйақы туралы сыбыстың желдей 

есіп тарауы сондықтан болса керек. 

Бастапқыда Парламентте заң жобасы бекі-

тіліпті, соған сәйкес, қазақстандықтарға 25 

мың теңгеден сыйақы беріледіге саятын хабар 

әлеуметтік желіде тарады. Бір қызығы, мұны 

сол кезде Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, «ол 

ақпарат жалған, шындыққа сәйкес келмейді» 

деп теріске шығарды. Керісінше, көпшілікке 

министрліктің мәлімдемесі шындыққа сәйкес 

келмегені керек еді. Дегенмен, сыбыс расқа 

айналды. Және ең бірінші Алматы халқы үшін. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек басқа әріптестері-

не қарағанда қажетті қадамды бірінші жасап, 

шаһар бюджетінен үнемделген қаржының 6,2 

млрд теңгесін әлеуметтік сала қызметкерлеріне 

сыйақы ретінде беруді қош көрді. Әрине, Алма-

тыдағы 1,5 миллионның шамасындағы тұрғын-

ның бәріне емес. Бас-аяғы 114 мың 300 адам. 

Яғни, мұғалімдер, дәрігерлер мен тәрбиешілер, 

бюджеттік сала қызметкерлері бір айлық жа-

лақысының көлемінде сыйақы алды. Әлеуметтік 

жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге де 

50 мың теңге төңірегінде берілетіні айтылды. 

Бүгінгі тілмен айтқанда – бәсекелестікті, қа-

зақы тілмен сабақтағанда – қатардан қалмаған-

ды қош көретін ұлтпыз ғой. Астана әкімі Әсет 

Исекешев те Елордадағы бюджеттік саланың 

39 мың 72 қызметкеріне Тәуелсіздіктің 25 жыл-

дығына сыйақы беру үшін қала қазынасынан 

1 млрд 900 млн теңгеге «мәрттік» жасады. 

Түнеукүні Алматы қаласының әкімі Бауыржан 

Байбек Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар-

ды қабылдап, «Желтоқсанның 30 жылдығы» 

медалімен марапаттағаны, оның алдында жел-

тоқсаншы Ербол Сыпатаевтың есімін көшеге 

бергені есте. Алматы басшысының астаналық 

әріптесі де желтоқсаншыларды назардан тыс 

қалдырған жоқ. Олай дейтініміз, Елорда әкімдігі 

1986 жылғы Желтоқсан уақиғасына қатысушы-

ларға саяси репрессияның құрбаны ретінде 70 

мың теңгеден берілетінін мәлімдеген-ді. 

Алайда, сыйақы да ел арасына сызат түсіріп, 

реніш тудыратынын кім ойлаған. Көреалмау-

шылық немесе қызғаныш деуден аулақпыз. Сон-

да да, Алматы мен Астанадағы Тәуелсіздіктің 

25 жылдығына жасалып жатқан сыйдан кейін 

өзге өңірлер «өкпесін» жеткізе бастағаны бар. 

Осы ретте қаржыгерлер мен саясаттанушылар 

ренішті аймақ әкімдеріне айту керектігін еске 

салған-ды. Өйткені, бюджетті жасау, жұмсау, 

үнемдеу жергілікті биліктің еншісінде. Қаржы 

үнемдей алса, содан сыйақы қарастыруларына 

ешкім қарсы емес. Өткенде мұны Білім және 

ғылым министрлігі де растады. Аймақтардың 

бірінде мұғалімдерге 2700 теңгеден сыйақы 

берілетіні туралы ақпар шығып, ел қайран қалған-

ды. Сонда министрлік «Бюджет кодексіне сәйкес, 

Білім беру министрлігі министрліктің еншісіндегі 

ЖОО мен колледж мұғалімдеріне ғана сыйақы 

беруге уәкілетті. Қазақстанның барлық облыс-

тарында сыйақылар бюджеттегі үнемделген 

қаражатқа сүйене отырып, жергілікті деңгейде 

белгіленеді. Ереже секілді, сыйақылар аса маңыз-

ды мерекелерде беріледі, ал біздің жағдайымызда 

бұл ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы. Егер жер-

гілікті бюджетте үнемдеу болса, онда тиісінше, 

аймақ немесе аудан басшысының өзі үнемделген 

сомаға сүйене отырып, сыйақы көлемін белгілей-

тін болады. Егер үнемделген қаржы ауданда өте 

аз болатын болса, сәйкесінше, сыйақы сомасы да 

көп болмайды», – деп түсінік те берді. Маңғыстау 

облыстық әкімдігі де мүгедектерге сыйақыға 230 

млн теңге бөлгені мәлім болды. Енді 21 мыңнан 

астам мүмкіндігі шектеулі жан 10 мың теңге 

көлемінде төлем алады. 

Әлбетте, «ұялған тек тұрмастың» кебімен 

өзге өңірлер де елге бет бұрғаны қуантады. 

Дегенмен, «тойдан тобықтайдың» керімен Тәу-

елсіздіктің 25 жылдығын тойлаудың басты ерек-

шелігінің біріне айналған сыйақының соңын 

осынша сиырқұйымшақтандырып жібергендері 

көңілге кірбің ұялатқаны рас. Әлде «той өкпесіз 

болмайдысы» осы ма?! 

Елбасы өзінің «Тәуелсіздік толғауында» тілге 

тиек еткеніндей, «Тәуелсіздік – сан буын баба-

лардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау 

үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі». 

Сол қастерлі, мерейлі мерекенің мәртебесін 

төмендетіп алмасақ екен деген тілек біздікі.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет