Білім алушылардың Өзіндік жұмысы тақырыбы



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#68935
түріСабақ
  1   2

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ


Тақырыбы: Бұлттық сервистер.Жалпыға қолжетімділікті құру.
ЖАРЫЛҚАСЫНОВА АЙСҰЛУ
202 Екі шетел тілі


Тапсырма 1.

1.Цифрлық сауаттылық негізі бүгінгі заман талабы.Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы.Негізінде цифрлық сауаттылық қазіргі таңда барлық салаға өте үлкен пайдасын тигізуде.Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.Бізде қазіргі таңда көптеген цифрлық технологияларды өмірде қолданамыз.Қазіргі таңда біз қолданып жүрген гаджеттер (яғни смартфондар,ноутбук және т,б),интернет құралдары,көліктер тіпті біз қолданып жүрген 3Д басып шығару құралдарыда цифрлық технологияға жатады.




2.Бұлтты технология дегеніміз - деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болых табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу, жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар - компьютерлік техниканың тұтас саласы.Қазіргі таңда Қазақстандағы бұлттық технологиялар олар BILIMLAND , DARYN.ONLINE,KUDELIK.KZ ,, OPIQ.KZ
BilimLand
42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.
Артықшылықтары:
1. Платформаға тіркелу/кіру
2. Сабақ оқу
3. Үй тапсырмасын орындау
4. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс
5. Видеоконференцияға қосылу
Daryn.Online
Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.
Оқыту 2 форматта өтеді:

  • синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;

  • асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.

Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.
Артықшылықтары:
№1. Платформаға тіркелу/кіру
№2. Сабақ таңдау
№3. Сабақ оқу жән тапсырма орындау
№4. Видеотрансляция жасау
Kundelik
2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.
Артықшылықтары:
№1. Жүйеге тіркелу/кіру
№2. Үй тапсырмасын орындау
№3. Бағаларды көру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет