«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аудандық форумын өткізу ережелері Жалпы ережелер «Табиғатты аяла»



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі21,05 Kb.
#72618
  1   2   3   4   5

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аудандық форумын өткізу ережелері


1. Жалпы ережелер
1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін анықтайды.
2. Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
3. Форумның міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;
3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
5) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.


2. Өткізу мерзімі мен орны
2.1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы 2023 жылдың 17 наурыз күні Камен ЖОБМ базасында өткізіледі.
2.2. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумын қатысу туралы сұранысты және жұмыстарын 2023 жылдың 10 наурызына дейін Baiterek@mail.kz поштасына жіберілуі тиіс.
2.3. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны, білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);
2) http://www.youtube.com арнада орналастырылған бейнематериалға сілтемелер. (бейне сапалы, тоқтаусыз бірыңғай бейнемен жазылуы керек).
Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Форумның ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет