Табиғи ресурстардың азаюы қоғам үшін қауіпті ме? Табиғат-бұл барша азамат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі болып табылады.Адамзат өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады.Табиғи ресурстар-бұл адамдарға өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғи құбылыстары.
Қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа маңызды міндеттер қоршаған ортаны жақсы жағдайда сақтау және бірте-бірте көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін табиғи ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Адамның табиғатпен әрекеті оның өзгеруіне әкелетіні айтпаса да белгілі.Алайда,қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып отырған жоқпыз. Ал,бұл іс-әрекет адам баласы үшін қаншалықты қауіпті? Осы сұрақтың жауабы ретінде өз ойымды жазар болсам,табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы-өзекті.Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Мысалы,адамзат қоғамының минералды –шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.Осы орайда,пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады.Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сонымен қоса,адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда,соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.Жануарлар мен өсімдіктердің бағалы түрлерінің жойылып,сиреп бара жатқан түрлерін қорғайтын орындарды ұйымдастыруға мәжбүр етті. Сондықтан да оларды тиімді пайдалану,адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу,бүкіл табиғи кешендердің өнімдерін сақтап,арттыру қажеттілігі туындайды.
Осымен,қорытындылай келе біз табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып,елімізде бар байлықтарды текке шашпаңыздар дегім келеді.Табиғат біздің екінші анамыз! Сол себепті табиғат ананың бізге сыйға тартқан байлығын тиімді пайдаланып, келесі өскелең ұрпаққа саф күміс қазынадай қалдырайық!
Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді. Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
• Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
• Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,
• Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
• Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
• Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
• Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.