Тақырыбы: 1 наурыз –Алғыс айту күні. Мақсаты



Дата05.06.2023
өлшемі31,44 Kb.
#98983
Байланысты:
алгыс айту куни


Тақырыбы: 1 наурыз –Алғыс айту күні.


Мақсаты:



  1. Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.

  2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.

  3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.



Кіріспе сөз


Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді.

-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» — деп аударылады екен.


Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі


Мақалдарды жалғастыру ( оқушыларға шар беріледі, сол шарда жазылған мақалды аяқтап айтқан оқушы шарды жарып ішіндегі сыйлығын алады)


Қиял әлеміне саяхат

— Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер…


Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!
— Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.
— Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.
Отбасы тәрбиенің — ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп айтамыз.
Қорытындылау 

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет