«Үңгіртас орта мектебі» кмм джунусова Гулнарға



Дата09.03.2023
өлшемі12,69 Kb.
#72659

«Үңгіртас орта мектебі» КММ
Джунусова Гулнарға
осы мектептің физика пәнінің
мұғалімі, бірлестік жетекшісі
Азат Сейылқаннан
П І К І Р
Гулнар Отыбаевна біздің мектептің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Мектебіміздің мұғалімдерінің және оқушыларының жетістіктеріне ел куә болып, қуанышқа бөленуде. Гулнар Отыбаевна оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап үлкен өмірге даярлауға, қабілеті мен бойындағы икемділігіне сәйкес мамандыққа баулуға, ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуда.
Гулнар Отыбаевна бізге математика пәнінен сабақ береді. Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізетіні ұнайды. Сабақты әр түрлі ойындар, машықтық, практикалық әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер арқылы өткізеді. Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді. Ол кісінің жаңа тақырыптың түсіксіз жерлерін, басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі бізге ұнайды. Математика сабағы өте қызық өтеді, онда жұмыстану оқушылардың барлығына да ұнағандықтан келесі сабақты тағатсыздана күтеді. Сонымен бірге оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуымызға ерекше көңіл бөлуде. Гулнар Отыбаевна өткізген әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар өте жақсы түрде өткізіліп, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттырды.
Гулнар Отыбаевна– мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Ол педагогикалвқ іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз.


Пікір жазған физика пән мұғалімі
бірлестік жетекшісі: ____________ Азат С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет