Тақырыбы: Антигентаныстарушы жасушалар,олардың иммундық жауап реттеудегі маңызы



бет1/3
Дата03.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#78614
  1   2   3

Тақырыбы: Антигентаныстарушы жасушалар,олардың иммундық жауап реттеудегі маңызы.


Орындаған: Орынбасар Бақтөре,Раимкулов Абдулмажит.
Тобы: 210 ОМ
Қабылдаған: Мухажанова Гульмира Орасханқызы
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Гериартрия курсымен ішкі аурулар кафедрасы

Жоспары

  • Антиген генетикалық бөгде зат.
  • Бактериялардың антигендері.
  • Т-хелперлер қызметі,маңызы.
  • Антигентаныстырушы жасушалар.

Антиген генетикалық бөгде зат

  • Антиген − организмде антидене пайда болуын және иммундық жауаптың басқа түрлерін тудыра алатын, сонымен қатар антиденелермен және антигентаныстырушы жасушалармен әрекеттесе алатын химиялық топтасуға тән генетикалық бөгде зат (нәруыз, полисахарид, липополисахарид, липопротеин, нуклеопротеин).
  • Антиген бірнеше түрлі немесе қайталанатын эпитоптардан тұрады. Эпитоп (антигендік детерминант) – иммундық жауап кезінде антиденелер мен эффекторлық Т-лимфоциттердің ерекшелігін қамтамасыз ететін антиген молекуласының ерекше бөлігі. Эпитоп антидененің белсенді орталығына немесе Т-жасушалық рецепторға комплементарлы болады. Аллергия тудыратын антигендерді − аллергендер, ал иммунологиялық толеранттылық тытудыратындарды − толерогендер деп атаймыз.

Антиген генетикалық бөгде зат


Бактериялардың антигендері: O-антиген (жасуша қабырғасының липополисахариді), Н-антиген (шыбыртқы нәруызы) және капсулалы К-антиген, соның ішінде Vi-антиген.

Бактериялардың антигендері

  • Гаптен − шағын химиялық топ түріндегі толыққанды емес антиген. Гаптендер өз бетімен иммундық жауап тудырмайды, бірақ антиденелермен немесе сезімтал лимфоциттермен өзара әсерлесе алады. Гаптен иммундық жауапты тек нәруызбен немесе басқа нәруыз-тасымалдаушымен байланысу арқылы тудырады.

Бактериялардың антигендері

  • Cуперантигендер – антигенбайланыстырушы саңылаудан, яғни белсенді орталықтарынан тыс антигентаныстырушы жасушалардың МНС II класымен және Т-лимфоциттің Т-жасушалық рецепторларымен өзара әрекеттесетін микробттардың антигендері. Суперантигендер − МНС ІІ класс молекулалары мен Т-жасушалық рецепторлардың (TcR) бүйірінен қосылады. Олар мүмкін болатын ерекше иммундық жауапты тежейді және лимфоциттердің поликлоналды белсенуін, цитокиндердің босап шығуын, кейін иммундытапшылықтармен жүретін Т-лимфоциттер өліміне әкеледі. Суперантигендерге стафилакокктардың энтеротоксиндері, уытты шок синдромының уыты, стрептококктардың суперантигендері, Эпштейн-Барр вирусы және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет