Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім» М.Мақатаев
Мақсаты: М.Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушыларды адамгершілікке,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: Поэзия сағаты.
Көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар?! Бүгінгі шарамызды ашық деп жариялаймын.
Мұқағали аға сіздің туған күніңізді бүкіл қазақ халқы естен шығарған емес. Қазақ жырының аспандағы аз ғана жұлдыздардың ішінен сіздің жұлдызыңыз – ең шұғылалы жұлдыз.
“Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден”,-деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл тура 90 жасқа толып , қазақ елінде дүбірлі той болып жатқан болар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардай сәулесін шашып, ұрпақтан – ұрпаққа таралып , өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – бақытты халық.
Достарыңызбен бөлісу: |