Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ш.Есенов атыңдағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Адамзатқа арналған мақала тақырыптары
Амангелді Диас
Махашов Аян
Жамбоз Беклен
Исенбаев Ертай
Есейұлы Алау
Азық-түлік проблемасы
Аннотация
Елбасы өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиындарда азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселеге аса назар аударып қарастырылып отыр.
«Бізге бүкіл әлемде азық-түлік тауарларына деген сұраныстың өсуін және бағаларының артуын ескере отырып, аграрлық секторды технологиялық қайта жарақтандыруға және кең ауқымды жаңғыртуға қайта бағдарлану қажет», деген еді. Осы жұмыстар бүгінде Қазақстанды астық экспорттаушы ірі елге айналдырды.
Түйін сөздер:
азық түлік проблемасы шешу, азық-түлік жетіспеушілігі, Қазақстандағы инфляция, азық-түлік экспорттау, қазақстандағы ауыл шаруашылығы.
Қазіргі таңда, Жер бетіндегі 8 млрд-тан астам халықтың 1,5 млрд-ы азық-түліктің жетіспеушілігін сезініп отыр. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге қолайлы елдерде тұрады. Орталық Азиядағы елдердің барлығы дерлік дәнді-дақыл өсіруге қолайлы Қазақстанның астығына тәуелді. Егер көрші елдерде ұзақ уақыт бойы аштық салдарынан әлеуметтік тұрақсыздық орын алса, көп кешікпей оның зардаптары Қазақстанға да келіп жетеді. Егер еске түсіретін болсақ, 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысымен бірге азық-түлік дағдарысы да орын алды. Алайда, шет мемлекеттерге көп көлемде астық экспорттағанымызен, кейбір азық-түлік өнімдерін сырттан импорттауға мәжбүрміз.
Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты әлеуметтік қана емес, саяси-стратегиялық мәнге ие. Саясаттанушылар халықтың кем дегенде 75 пайыздайын тойындырмайынша, саяси реформа жасауға болмайды дегенді айтады Қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 пайыз ең бай елдер мен 20 пайыз ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік дүмпулерді туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды парасы ретінде қарастырылады.
Дамушы елдердің халқының негізгі бөлігін азық-түлікпен қамтамасыз ете алмауы, сол елдердің дамуын тежеу ғана емес, сонымен бірге бұл мемлекеттердегі әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа да әсер етеді. Кейбір елдер аштықтан зардап шексе, басқалары азық-түліктің артығымен немесе шамадан тыс тұтынумен күресуге мәжбүр.
Азық-түлік проблемасын адамзаттың басқа да жаһандық мәселелерін – соғыс пен бейбітшілік, демографиялық, энергетикалық, экологиялық мәселелерінен бөлек алып қарауға болмайды. Демек, бұл өзекті, көп қырлы мәселе, оның шешімі ауыл шаруашылығынан да асып түседі.
Азық-түлік мәселесін шешу тек азық-түлік өнімдерін өндіруді ұлғайтумен ғана емес, сонымен қатар адамның тағамдық қажеттіліктерінің сапалық және сандық аспектілерін түсінуге негізделуі керек және азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалану стратегияларын әзірлеумен байланысты.
Жалпы алғанда, әлемдік азық-түлік ресурстары адамзатты қанағаттанарлық деңгейде тамақтанумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жаһандық экономикада жер бетіндегіден екі есе көп адамды тамақтандыру үшін ауыл шаруашылығы ресурстары мен технологиясы бар. Алайда азық-түлік өндірісі қажетті деңгейде орындалмай отыр. Дүние жүзі халқының 20% аштық пен тоя тамақтанбауы азық-түлік дағдарысының негізгі әлеуметтік мазмұны болып табылады.
Дүние жүзіндегі азық-түлік жағдайына: физикалық-географиялық жағдайлар мен халықтың орналасуы, әлемдік көлік пен әлемдік сауданың дамуы әсер етеді.
Дамушы елдердің көпшілігінің экономикалық артта қалуы ауыл шаруашылығының өндіргіш күштері дамуының деңгейі төмендігінен, оның ауыл шаруашылығы және шикізаттық өндірудегі жұпынылығынан, кедейліктен және халықтың негізгі бөлігінің сатып алу қабілетінің төмендігінде көрінеді.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, ауа райына тәуелділігі, тыңайтқыштардың жеткіліксіз пайдаланылуы, суару мен мелиорациядағы қиындықтар – осының барлығы дамушы елдердің көпшілігінде еңбек өнімділігінің төмендігін тудырады.
Демографиялық өсу әлемдегі азық-түлік мәселесін одан ары күрделендіре түсетіні сөзсіз. Мәселен, тек Африкадағы мемлекеттерде соңғы 30 жылда астық өндіру 20 пайызға артты, ал халық саны екі есеге өсті.
Үшінші әлем елдеріндегі қарқынды дамып жатқан урбанизация процесі азық-түлік жағдайына үлкен әсер етеді. Дамушы елдердегі азық-түлік жағдайы басқа проблемалармен тығыз байланысты, олардың көпшілігі жаһандық сипатқа ие. Оларға: әскери шығындар, өсіп келе жатқан сыртқы қаржылық қарыз және энергетикалық фактор жатады.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейіне қарай елдердің келесі түрлерін бөлуге болады:
1) Азық-түлік тауарларының негізгі экспорттаушылары (АҚШ, Канада, Австралия, Оңтүстік Африка, Таиланд және Еуропалық Одақтың кейбір мемлекеттері);
2) Азық-түлік өнімдерін белсенді экспорттайтын шағын елдер (Венгрия, Финляндия);
3) Азық-түлік тапшылығын сезінген, бірақ оны сатып алуға қабілетті мемлекеттер (Жапония);
4) Азық-түлік қажеттіліктерін өз өндірісімен әрең қамтамасыз ететін елдер (Үндістан, Қытай, Оңтүстік Америка елдері);
5) Азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық азық-түлік жағдайына айтарлықтай әсер етпейтін елдер (Папуа-Жаңа Гвинея, Исландия);
6) Азық-түлік тапшылығын бастан кешіріп жатқан және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін су және жер ресурстарын игеруші елдер (Египет, Индонезия,Пәкістан, Филиппин);
7) Жан басына шаққандағы азық-түлік қоры үнемі нашарлайтын елдер (Сахараның оңтүстігіндегі Африка);
8) Халық санының өсуі ресурстық мүмкіндіктерді басып озатын азық-түлік дағдарысы туындап жатқан елдер (Гаити, Непал, Сальвадор).
Жүргізілген талдау, бір жағынан, азық-түлік проблемасы бүкіл адамзатқа, кез келген жағдайда әлемнің барлық ірі мемлекеттеріне әсер ететін жаһандық проблема ретінде әрекет етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ол айқын географиялық сипатқа ие және аумақтық иерархияның әртүрлі деңгейлерінде - аймақтық, елдік, аудандық, жергілікті түрде көрінеді. Дүние жүзінде тамақтанбаудың, дұрыс тамақтанбаудың және аштықтың таралу себептері, ауырлығы мен ауқымы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты, олар қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеудің бағытын да анықтауы керек. Көптеген жағдайларда оның ұзақ тарихи тамыры мен өркениеттік бастауы бар, бірақ көбінесе ХХ ғасырдағы адасулар мен қателердің тікелей туындысы болып көрінеді.
Ең алдымен жекелеген елдер деңгейінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету саясатын жасап, сыртқы сауда мүмкіндіктерін ескере отырып, қажетті тепе-теңдікке жетуге ұмтылу қажет. Олардың әрқайсысы үшін азық-түлік мәселесін «жою» кілті өздерінде болуы керек. Мұндай позициялардан планетаның агроресурстық әлеуетін бағалау түпкілікті параметрлерге – өндірістік және соның нәтижесінде демографиялық көрсеткіштерге жетумен байланысты жалпы теориялық міндет болып табылады. Қолданбалы ұсынымдар егемендіктің негізгі тасымалдаушылары ретінде нақты мемлекеттер контексінде ғана іске асыру үшін нақты болып табылады.
Жер шарындағы табиғи ресурстарды ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге пайдалану әліде болса шешілмеген тақырып болып қалуда. Бұл агротабиғи факторлардың өзін жеткіліксіз білуден де, оларды өндірісте толық пайдаланбаудан болып тұр Сонымен қатар, көп нәрсе тағамдық құрылымның қандай түріне алғы шарт ретінде қабылдауға байланысты: ғылыми негізделген немесе нақты жағдайға байланыстыма
Жердің ауылшаруашылық әлеуеті туралы көптеген есептеулердің ішінде ең іргелілерінің бірі 70-ші жылдары жасалған голланд ғалымдарының тобы. Олар ауыл шаруашылығын дамытуға жарамды барлық аумақты 3,714 миллион гектар деп бағалады. Бұл бүкіл жер массасының 27,4% құрайды (Антарктиданы қоспағанда), оның ішінде болашақта 470 млн гектарға дейін егістік жерді суарумен қамтуға болады. Осы көрсеткіштерді ескере отырып, өсірілетін өнімнің биологиялық өнімділігі барынша мүмкін болатын астық эквивалентінде жылына 49 830 млн. тонна деңгейінде деп есептелді. Дегенмен, іс жүзінде адам әрқашан егіс алқабының едәуір бөлігін техникалық, мал азықтық және басқа да азық-түлік емес дақылдарға бөлуге мәжбүр болады.
Қазіргі кезеңде әлемде бұрыннан бар агротехникалық және басқа да ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйену мүмкіндігі бар дамушы елдерде еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударылуда. Алайда, бұл тезистің тиімді болуы екіталай.
Азық-түлік мәселесін шешу үшін оның пайда болу жолдарын және түпкілікті нәтижені түсіну маңызды. Дүниежүзілік азық-түлік мәселесін көбінесе инфляцияның жоғары деңгейімен байланыстырады, яғни инфлияциялық тұрғыда артта қалған елдердеаштық басым болады.
Сондықтанда біркелкі емес және өте жоғары инфлияциялардың алдын алу азық – түлік мәселесін шешудегі негізгі шешімдердің бірі болып табылады.
Соңғы жылдары бүкіл әлем елдерінде табиғи-минералды шикізат ресурстарымен қатар, азық-түліктің де жетіспеушілігі сезіле түсті. Бұл дүниежүзіндегі адам санының өсу қарқынына әлемде өндірілетін азық-түлік өнімдері көлемінің сай келмеуімен түсіндіріледі. Мұндай жағдай бірінші кезекте, қолайсыз географиялық аймақта орналасқан даму деңгейі жөнінен артта қалған елдерге ауыр тиіп отыр. Жаһандық проблемалардың құрылымы және олардың иерархиялық тізбегі туралы пікірлер әрқилы, дегенмен ресейлік және отандық экономикалық әдебиетте келесі бес жаһандық проблемалар жиірек аталады: 1) ядролық соғысты болдырмау және қарусыздану; 2) қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық мәселе; 3) демографиялық жағдай; 4) шикізаттық немесе энергетикалық; 5) азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Өз кезегінде, Қазақстан да әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде мұндай мәселелерден қалыс қала алмайды. Өмірлік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі мен олардың бағасының тым жоғары болуы халықтың әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелуі, заңсыз көші-қон секілді жаһандық маңызы бар мәселелерді туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |