Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы :Қаулы,шешім. Қабылдаған:Даулетова А
Орындаған: Қыдырбай А
Тобы: ФҚӘ-112
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1.Қаулы
2.Шешім
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Қ Р Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті – қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар; министрліктер – министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар – қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар – шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар.Үлесі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары ( күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б.) негізінде толтырылады.
Негізгі бөлім Қаулы – алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерді шешідерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдан ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді.Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.Қысқа хаттамаларда ( оның мәтінінде ) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздерінің толық мәтіні келтірілмейді.Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімінің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Қаулы Қаулы – алқаның негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды, жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады. Онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндетті. Ірі мекемелреде, министрліктер мен ведомстволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімнің жобасы әзірленеді. Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 14 тамыз № 769
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегі әкімдер:
1) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуы үшін басым жағдай жасау қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшіруге байланысты іс-шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын;
2) іс ағаздарын жүргізу және ресми құжаттар әзірлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттік тілді білуі мен оны мемлекет қаржысының есебінен оқып-үйренуі кәсіби біліктілік талаптары қатарына жатқызылсын;
3) 1998 жылдың 1 қазанына дейін жоғарғы ұйымдармен қызметтік хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептің басқа да түрлерін мемлекеттік тілде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкіншіліктері бар облыстар мен аудандарды анықтасын және оларды мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қолайлы жағдай туғызсын. Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде тапсырылған құжаттарды , есептер мен ақпараттарды қабылдамай қайтару жағдайын болғыздырмасын;
4) министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының орталық аппараттарында ішкі мүмкіншіліктер есебінен мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу жөнінде құрылымдылық бөлімшелер қаруды толық шешсін. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тілінде іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдарын енгізсін;
5) орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешімдердің мемлекеттік тілде шығарылуын қамтамасыз етсін; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесі министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарынан келіп түскен мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасын оқтын-оқтын сараптан өткізіп, оны жақсарту жөнінде Үкімет қарауына ұсыныстар енгізіп отыратын болсын;
6) жұртшылықтың тілдік қажеттіліктерін өтеу және тіл аралық салада азаматтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің тиісті органдарында мемлекеттік аударма қызметін құру мәселесі шешілсін;
7) барлық мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандары, бланкілері, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелері, көрнекі ақпараттары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес рәсімделуі қатаң қадағалансын;
8) орталық атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін өздерінің ресми шараларын, алқа мәжілістері мен түрлі жиындарын өткізетін залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсін.
2. Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мемлекеттік тілді үйрету мен іс қағаздарына енгізудің кешенді компьютерлік бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Білім, Мәдениет және Денсаулық сақтау министрлігі 1998-1999 оқу жылынан бастап жоғары және арнайы оқу орындарының бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» арнайы курсын енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылатын заң жобаларының мемлекеттік тілде сапалы әзірленуін қамтамасыз етсін;
2) үш ай мерзім ішінде Тілдік заңдылықтарды сақтауды бақылаудың тәртібі жөнінде ережені әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынысын.
5. Қазақстан Республкасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
1) көлік, сауда және байланыс салаларын мемлекеттік тілдегі сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етсін;
2) облыс орталықтарындағы, қалалар мен аудандарғы кенттер мен селолардағы жұртшылыққа қызмет ететін байланыс тораптарын қазақ қарпілі аппараттармен, сондай-ақ қазақ тілінде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасау, басқа да мемлекетаралық шаралар өткізу кезінде мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуын жүзеге асырсын.
7. Осы қаулының жүзеге асырылуына министрліктердің, басқа да орталық атқару органдарының бірінші басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер тікелей жауапты.
Шешім Шешім - сюжеттің құрамдас бір бөлігі, шығармадағы оқиға желісінің әбден шиеленісіп барып, тиянақталатын, кейіпкерлер арасындағы тартыс-қақтығыстар, әр түрлі қайшылықтардың бір арнаға келіп тоғысып, оқиғаның даму барысындағы байланған түйіндер шешілетін тұсы. Шешімнің сюжет құрылысындағы негізгі бір кезең ретіндегі үлкен мәні - мұнда кейіпкерлердің тағдыры түгелдей анықталады, олардың мінез-бітімі айқын, толымды сипат алады. Егер шешім алдында күрес, тартыс асқындап, мейлінше үдей түсіп, оқиға әбден ширығып, шарықтау шегіне жетіп, оқырман тоғыз жолдың торабында тұрғандай болса, ол оқиғаның тағы қандай шырғалаңға соғарын, немен тынарын ойлап, кейіпкерлердің тағдыры не жағдаймен аяқталуына көзі жетпей, сан-сауалға жауап күтіп толғанатын болса, ал шешім тұсында осының бәрінің соңғы нүктесі қойылып, шиеленіскен түйіні тарқатылады. Шешімнің оқиғаны өмірдің логикасына сәйкес әр түрлі арнаға салып жіберу, кейіпкерлердің тағдырын әрқалай тиянақтау мүмкіндігі мол. Өйткені қандай оқиға болсын, оны әр түрлі аяқтап, бітіруге болатыны аян. Оқиғаны қалай өрбіту, кейіпкерлер тағдырын қандай күйге алып келу - бұларды жазушы өмірдің заңына, шындыққа сәйкес, кейіпкерлердің характеріне орайлас келтіреді және өзінің идеялық мақсатымен ұштастырады. Ендеше шығарманы аяқтаған тұста өмірде болуға мүмкін жағдайлардың қайсысын негізге алуды лайық көреді - ол жазушының таңдауында. Міне, шешімнің шығарма мазмұнын, идеясын, тәрбиелік мәнін айқындауда айрықша орны бар екені осыдан аңғарылады. Бұл тұста кейбір жағдайлардың сыры ашылып, басқаша танылып, тіпті кейіпкердің жағымды көрініп келген әрекеті керісінше жағымсыз болып шығуы да ықтимал.