Түрік қағанатының тарихын зерттеуде ең бірінші археологиялық және жазба деректерге жүгінеміз



Дата24.03.2023
өлшемі48,51 Kb.
#75849

Түрік қағанатының тарихын зерттеуде ең бірінші археологиялық және жазба деректерге жүгінеміз. Зерттеуші ғалымдар көбіне жазба деректерге, оның ішінде: қытайдың әулеттік жылнамаларына, түрік ескерткіштеріндегі тарихи-әдеби жазбаларға, араб және парсы тарихи-географиялық жазбаларына және батыс тарихшылары еңбектеріне жүгінген. Алғашқы түрік қағанатында өмір сүрген халықтардың тарихын, тек Қытай мен Иранның көршілері ретінде ғана қарауды тоқтату керек. Олардың тарихы мен мәдениеті өз бетімен дамыды деген даусыз қағидадан практикалық қорытынды жасайтын уақыт жетті.
Ежелгі түріктер туралы ең толық жазба деректер қытайдың жазба деректеріне тиесілі. Аспан асты елінің орта ғасырларда түріктер дәуіріне қатысты бірнеше әлеуметтік жылнамалары пайда болды. Түріктер туралы құнды деректер ретінде Суй шу, Тан шу, Чжоу шу, Бей ши және Бей ци шу жылнамаларын атап көрсетуге болады. Қытай жазба деректерінің артықшылығы-мұнда оқиғаның уақыт мерзімі, болған жері дәл көрсетіліп, оған қатысушылардың аты-жөні жүйелі де нақты беріліп отырады.
VI ғасырда түріктер Алтай тауының теріскей бетін мекендеген көшпелі тайпалар еді. Олар осы кезде Монғолиядағы Жужан (авар) хандығына бағынып алым-салық төлеп тұрды[1].
546 жылы Орта Азияны мекендеген теле тайпасы жужандарға қарсы жорық жасайды. Осыны пайдаланып ашина тайпасынан шыққан Бумын теле тайпаларына шабуыл жасап, 50 мың үйлік телені өзіне бағындырды. Осыдан кейін түріктер күшейіп, бұрын өздері тәуелді болған жужандарға қарсы шығып, жужан қағаны Анағұйды өлтіреді. 552 жылы Бумын өзін «ел қаған» деп жариялайды. Бумын 553 жылы қайтыс болды. Ол өлген соң таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Қара-Еске Орхон өзенінің жоғары жағындағы жужандарды екі рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін оның кіші інісі Мұқан қаған таққа отырады. Мұқан қағанның тарихта ел билеген кезі 553-572 жылдарды қамтиды. Ол жужан хандығын біржолата жойып, аз уақыт ішінде (553-554) шығыста кайларды, қидандарды және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын өзіне бағындырады. Батыста эфталиттерді талқандап, Орта Азиядағы мемлекеттерді өзіне қаратады. Мұқан қаған тұсында түрік қағанаты күшейеді. Монғолия мен Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар түрік қағандығына бағынады. Алтай тауынан Каспий теңізіне дейін ұлан-байтақ жерлерді мекендеген тайпалар түрік қағандығының қол астына қарайды.
553-576 жылдар аралығында Бумынның тағы бір інісі Естеми қаған Батысқа жорық жасады. Естемидің қол астында 10 шад басқарған жүз мың
әскер болды. Ол батыс өлкені бағындырып, өзін «қағанмын» деп жариялады. Оның қол астындағы тайпаларды «он оқ будын», яғни «он тайпалы ел» деп атайды. 563 жылы Естеми қаған Каспий теңізінен екінші шеті Солтүстік үнді ойпатына дейінгі орасан зор территорияны алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсініп, Иран шахы Хусрау I Анушурванмен одақ құрады. Келісім бойынша Хусрау I шах өзінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, 564 жылы оны эфталиттерден тартып алады. Осыдан соң Естеми қаған 567 жылы Эфталит мемлекетін талқандайды. Ендігі түрік қағанатының шекарасы Каспий теңізінен солтүстік Үндістанға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты[2].
Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмады. Түріктердің Ұлы Жібек жолын иемденуі Иран шахының наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер Византия мемлекетінен тікелей сауда байланысын орнатпақ болды. Ал Иран мемлекеті бұған кедергі жасады.
Сондықтан 568 жылы соғды көпесі Маниах түрік елшілігін Иран арқылы емес, Кавказ тауы арқылы Константинопильге алып барады. Онда екі ел арасында сауда байланысы жайында келісім және Иранға қарсы шарт жасады. Осыдан соң түрік елшілігіне Византия елшісі Земархты қосып аттандырды. Византия елшісі Земарх түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданды.
571 жылы түріктердің қағаны Естеми қаған Солтүстік Кавказ жерін басып алып, Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Естемидің баласы Түріксанф Керчь түбегін басып алып, Қырымға жорық жасады. Естеми қаған өлгеннен соң түрік қағанатында билік үшін талас басталды. Өз ішіндегі алауыздықтар, қайшылықтар түрік қағанатын қатты әлсіретті. Елде ашаршылық, індет орын алды. Осыны пайдаланып Қытайдың Сун әулеті (581-618 жыл) түрік қағанатына шабуыл жасады. Бұл оқиға түрік қағанатының 603 жылы батыс және Шығыс қағанаттары болып екіге бөлінуіне алып келді.
Батыс Түрік қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) қаласы болды. Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жонғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағаннаттың негізгі этникалық ұйтқысы– «он тайпа» мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары тұрды. Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына қарағанда біршама саяси тәуелділікте болды. Онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды. Түріктерде билеушіні «қаған» деп атаған. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жеріне орын тепті. Ол Қаратаудың баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерлерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық саяси ұйытқысы «он тайпа» мекендеген жерлер осы болатын. Шу өзенінің шығыс жағында түріктердің ең ірі бес тайпасы, ал батыс жағында ірі бес тайпасы мекендеді. Қағанның жазғы ордасы Мың булақ (Түркістан қаласының маңында) деген жерде болды.
Жалпы түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары болғандығын осы тарихи жазулар дәлелдейді. Түрік қағанаты ерте феодалдық мемлекеттердің қатарына жатады. Түрік қағанаты өз заманында мал және егін шаруашылығымен шұғылданды. Оларда негізгі экономиканың көзі мал шаруашылығы болды. Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында Алатаудың баурайында егіншілік шаруашылығы басым болды. Олар көбінесе
тары мен бидай екті. Халықтың бір бөлігі бау-бақшамен айналысып, жүзім, жидек өсірді. Тайпалар арасында патриархалдық қатынас үстем болды.
Қытай мен Византия (Византия қазіргі Түркия, түрік жері) арасындағы Ұлы Жібек жолы Түрік қағанатының жерін басып өтті. Бұл жол сауданың
өркендеуіне, Ұлы Жібек жолының жолындағы қалалардың көркеюіне ерекше ықпал жасап отырды. Жетісуды мекендеген тайпалар қолөнер мен егіншілікпен және сауда-саттықпен айналысты. Елдің халқы – түріктер де, соғдыларда бәрі бірдей сауда-саттықпен айналысты, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Осының нәтежесінде түрік қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жеріне неше түрлі заттар әкеп сататын болды.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да, ақша айналысын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнермен де шұғылданып, өмірге қажетті әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап пайдалана білді. Сауда мен қолөнердің дамуы Жетісу қалалары мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс аудандарына үлкен әсерін тигізді. Олардың VIVIІІ ғасырларда Жетісуға қоныс аудару себебі, Орта Азиядағы араб жаулап алушылары мен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді. Согды көпестері көшіп келгенннен кейін Батыс Түрік қағанаты жерінде саудамен, соның ішінде жібектерін өткізумен кеңінен айналысты. Олар Жетісудың егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Сонымен қатар, түркі тілдес соғдылықтар жергілікті халықтардың тіліне, мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне көшті.Соғдылықтадың келуімен байланысты түріктер Жетісуда теңге жасауды игерді. Теңгелерді соғдылықтар түрік қағандары атынан соққанмен олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Сондай-ақ соғдылар өміріне түріктердің тигізген әсері де аз болған жоқ.
Сауданың өркендеуіне байланысты ақша айналымы пайда болды. Орта ғасырлық қалалар күннен-күнге дамып гүлденді. Олар: Құлан, Тараз, Мерке қалалары еді. Қытай дерегіне жүгінсек, Суяб қаласының батысында түріктерге қарайтын он шақты қала болған. Қала тұрғындарының бір бөлігі жер өңдеумен, ал екінші бөлігі саудамен айналасады делінген. Ұлы Жібек жолының керуендері осы аталған қалаларда аялдап, жібек мата және жоғары сапалы мақта, алтын, күміс бұйымдар, хош иісті иіс сулар және тәтті тағамдарды сатып, өздерінің керуендерін қыш құралдармен, теріден жасалған аяқ киім, тон, бас киім секілді заттармен толықтырып отырған.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Барманқұлов М. Тюркская вселенная. Алматы, 1996.-240 с.
2. Бартольд В.В. Очерки истории Семиречья. Алма-Ата, 1965.-104 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет