Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата16.09.2023
өлшемі304,21 Kb.
#108167
  1   2   3   4   5


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
Медициналық биофизика 
№ 1 БОӨЖ
 
 
 
Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік 
механизмі 
 
 
Орындаған: Мұралбек Е. 
Тобы: 112А
Факультет: Медицина 
Қабылдаған: Өтеуова У. 
 
 
 
Алматы, 2023 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
Мазмұны 
I.
Кіріспе 
II.
Негізгі бөлім
III.
Қорытынды 
IV.
Әдебиеттер 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
Кіріспе 
Биологиялық мембрана
— жасушаның және жасуша ішіндегі 
бөлшектердің (
ядро

митохондрия

хлоропластар

пластидтер
) бетінде 
орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), 
ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана 
фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, 
яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, 
иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, 
олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың 
протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана 
жасушалық 
мембрана
 деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты 
ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың 
құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 
ғасырдың басында белгілі болды. 

1902 ж. неміс ғалымы 
Э. Овертон
 мембрананың құрамында 
май тектес заттар болады деген пікір айтты. 

1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел 
адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды. 

Ал 1935 ж. ағылшын 
ғалымдары 
Л.Даниелли
 мен 
Г.Даусон
 және америкалық 
биолог Дж. 
Робертсон
 биологиялық мембрананың 
құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық 
микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану 
нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық 
мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды. 
Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның 
құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды 
тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен 
қатар 
гликопротеиндер
 мен 
гликолипидтер
 болады. Мембраналық 
белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі 
оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық 
белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) 
атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда 
жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы 
тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде 
жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы 
ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын 
сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет