Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шараның өту барысы I. Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Қызықты физика: Тапқырлар алаңы» интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық!
Ойынға 6 топ қатысады.
Таныстыру (10 минут) 1-топ: Галилей тобы (7 «А») 2-топ: Ньютон тобы (7 «Ә»)
3-топ: Паскаль тобы (7 «В») 4-топ: Гук тобы (7 «Г»)
5-топ: Архимед тобы (7 «Д») 6-топ: Аристотель тобы (7 «Е»)
Әр топ өздерін және берілген ғалымдарын таныстырып өтеді.
II. Интеллектуалды ойын (15 мин) Топтар кезек бойынша берілген ұяшықтарды таңдап, 30 секунд ішінде жауап беру қажет. Жауап болмаса басқа топтарға жауап беруге рұқсат беріледі. Әр сұраққа тиісті ұпайларын алады.
Ресурстар: Flippity платформасы Quiz Show https://www.flippity.net/qs.php?k=16Ioi7_7bZzv5Y2NrP44CcqY_9vxHzo04Hh7be6LCdJc III. «Зерттеу алаңы» зертханалық ойыны (20 мин) Топтар жеребе арқылы өздеріне түскен зертханалық жұмыстарды орындайды және құбылысты түсіндіреді. (Құралдың бөлік құнын анықтау, Сырғанау үйкеліс күші, Архимед заңы, Тығыздықты анықтау, Заттың энергиясын анықтау, Иіндіктің тепе-теңдік шарты)
IV. Марапаттау (10 мин) Алынған баллдар есептеліп, оқушыларға марапаттау қағаздары табыс етіледі.
V. Қорытынды (5 мин) Мұғалімдерге сөз беріледі.