ТАҚЫРЫБЫ: Гидролиз. Гидролиз дәрежесі мен тұрақтылығы. Гидролизденетін тұз ертінділерінің рН есептеу. Медицина мен фармациядағы гидролиздің маңызы.
МАҚСАТЫ: Гидролиздік тепе-теңдіктің негізгі түсініктерімен студенттерді таныстыру, оларды жүйелік талдауда, теориялық есептерді шешуде қолдануға үйрету.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Тұздар гидролизі. Гидролиздену константасы және дәрежесі.
Гидролизденетін тұз ерітінділерінің Кh, h және рН мәндерін есептеу.
Гидролиздің аналитикалық химияда қолданылуы.
ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Көптеген тұздар ерітінділерінің ортасы қышқылдық немесе сілтілік реакция көрсетеді. Бұл тұз иондарының сумен әрекеттесіп нашар ионданатын қышқыл немесе негіз түзуінен болады, нәтижесінде ерітіндіде Н+ немесе ОН- иондары жинақталып ерітінді қышқылдық немесе сілтілік орта көрсетеді. Мысалы:
Н2О ↔ Н+ + ОН-
NH4Cl ↔ NH4+ + Cl- → NH4ОН + Н+
(NH4Cl тұзының реакциялық ортасы қышқылдық)
Н2О ↔ Н+ + ОН-
СН3CООNa ↔ СН3CОО- + Na+ → СН3CООН + ОН-
(СН3CООNa тұзының реакциялық ортасы сілтілік)
Кейбір жағдайда гидролиз нәтижесінде тұнба немесе газ бөлініп, гидролиз аяғына дейін жүреді де қайтымсыз болады. Кейбір жағдайларда гидрлолизді күшейтуге немесе әлсіретуге болады, мысалы NH4Cl тұзының реакциялық ортасы қышқылдық, гидрлолизді күшейту үшін ерітіндідегі сутек иондарын азайту керек ол үшін негіз қосады, керісінше гидрлолизді әлсірету үшін қышқыл қосады. Гидролиз сан жағынан гидролиздену константасы және гидролиздену дәрежесімен сипатталады. Гидролиздену константасы (Кh) – гидролизденетін тұз ерітіндісінде орнаған динамикалық тепе-теңдіктің күйін анықтайды. Гидролиздену дәрежесі (h) - гидролизденетін тұз ерітіндісіндегі гидролизге ұшыраған тұз концентрациясының оның осы ерітіндідегі жалпы концентрациясына қатынасын көрсетеді . Гидролиз протолиз реакциясының бір түрі: К = C·α2; Кh = C·h2; .
І. Әлсіз қышқыл және күшті негізден түзілген тұздың (СН3CООNa) гидролиздену константасын (Кh), гидролиздену дәрежесін (h) және сутектік көрсеткішін (рН) есептеу.
1) Гидролиздену константасын - Кh есептеу.
Тұздың иондануы: СН3CООNa ↔ СН3CОО- + Na+
Тұздың анион бойынша гидролизденуі: СН3CОО- + Н2О ↔ СН3CООН + ОН-
Әрекеттесуші массалар заңы бойынша:
;
KW = [H+][OH-],
;
СН3CООH ↔ СН3CОО- + H+
,
. Жалпы түрде:
Мысалы, Кт-т(СН3СООН) = 1,75·10-5
Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген бинарлы тұздардың гидролиздену константасының сандық мәні судың иондық көбейтіндісін әлсіз қышқылдың иондану константасына бөлгенге тең.
2) Гидролиздену дәрежесін - h есептеу.
Сі = Cгидролизденген = С·h
Cгидролизденбеген = С-С·h
h – гидролиздену дәрежесі;
С – тұздың ерітіндідегі жалпы концентрациясы, моль/л;
С·h – гидролизденген тұздың концентрациясы;
С-С·h - гидролизденбеген тұздың концентрациясы.
, .
Бөліміндегі h мәні өте аз шама (h<<1), сондықтан ескермеуге болады: Кh = C·h2; .
3) Сутектік көрсеткішін - рН есептеу.
СН3CОО- + Н2О ↔ СН3CООН + ОН-
[СН3CООН] ≈ [ОН-]
Гидролизденген иондар саны өте аз болғандықтан тұздың тепе-теңдік концентрациясын жалпы концентрациясына тең деп қарастыруға болады: [СН3CОО-] ≈ CT
,
ІІ. Әлсіз негіз және күшті қышқылдан түзілген тұздың (NH4Cl) гидролиздену константасын (Кh), гидролиздену дәрежесін (h) және сутектік көрсеткішін (рН) есептеу.
1) Гидролиздену константасын - Кh есептеу.
Тұздың иондануы: NH4Cl ↔ NH4+ + Cl-
Тұздың катион бойынша гидролизденуі: NH4+ + Н2О ↔ NH4ОН + Н+
Әрекеттесуші массалар заңы бойынша:
;
KW = [H+][OH-],
;
NН4ОH ↔ NН4+ + OH-
,
. Жалпы түрде:
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген бинарлы тұздардың гидролиздену константасының сандық мәні судың иондық көбейтіндісін әлсіз негіздің иондану константасына бөлгенге тең.
2) Гидролиздену дәрежесін - h есептеу.
h – гидролиздену дәрежесі;
С – тұздың ерітіндідегі жалпы концентрациясы, моль/л;
С·h – гидролизденген тұздың концентрациясы;
С-С·h - гидролизденбеген тұздың концентрациясы.
, .
Бөліміндегі h мәні өте аз шама (h<<1), сондықтан ескермеуге болады: Кh = C·h2; .
3) Сутектік көрсеткішін - рН есептеу.
NH4+ + Н2О ↔ NH4ОН + Н+
[NН4ОН] ≈ [Н+]
Гидролизденген иондар саны өте аз болғандықтан тұздың тепе-теңдік концентрациясын жалпы концентрациясына тең деп қарастыруға болады: [NН4+] ≈ CT
,
ІІІ. Әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұздың (СН3СООNH4) гидролиздену константасын (Кh), гидролиздену дәрежесін (h) және сутектік көрсеткішін (рН) есептеу.
1) Гидролиздену константасын - Кh есептеу.
Тұздың иондануы: СН3СООNH4 ↔ СН3СОО- + NH4+
Тұздың катион және анион бойынша гидролизденуі:
СН3СОО- + NH4+ + Н2О ↔ СН3СООН + NH4ОН
Әрекеттесуші массалар заңы бойынша:
;
KW = [H+][OH-] судың иондық көбейтіндісін теңдіктің алымына да бөліміне де көбейтсек, ;
СН3CООH ↔ СН3CОО- + H+
,
NН4ОH ↔ NН4+ + OH-
,
. Жалпы түрде:
2) Гидролиздену дәрежесін - h есептеу.
h – гидролиздену дәрежесі;
С – тұздың ерітіндідегі жалпы концентрациясы, моль/л;
С·h – гидролизденген тұздың концентрациясы;
С-С·h - гидролизденбеген тұздың концентрациясы.
, .
, .
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизі жоғары дәрежеде өтеді, сондықтан ескермеуге болады. Теңдеуден көріп отырғандай әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың гидролиздену дәрежесі тұздың концентрациясына тәуелсіз.
3) Сутектік көрсеткішін - рН есептеу.
СН3СОО- + NH4+ + Н2О ↔ СН3СООН + NH4ОН
[СН3СООН] ≈ [NН4ОН]; [СН3СОО-] ≈ [NН4+]
СН3CООH ↔ СН3CОО- + H+
,
,
Гидролиздің аналитикалық химияда қолданылуы: а) кейбір иондарды ашу кезінде Fe(CH3COO)3 + H2O = Fe(OH)2CH3COO↓ + 2CH3COOH
қоңырлау ерітінді қоңыр
NaAlO2 + NH4Cl + H2O = Al(OH)3↓ + NaCl + NH4OH
BiCl3 + H2O = Bi(OH)2Cl + 2HCl
Bi(OH)2Cl → BiOCl↓ + H2O
б) реакция ортасын реттеуде СН3CООNa + Н2О ↔ СН3CООН + NaОН,
СН3CООNa + СН3CООН буферлік жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |