Сабақ Тақырыбы: Стереоскоппен жұмыс жасау



бет1/8
Дата18.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#94555
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық сабақ


Тақырыбы: Стереоскоппен жұмыс жасау


Жұмыстың мақсаты: Студенттерді стереоскоптардың құрылысымен таныстыру, фотограмметриялық аспаптар арқылы стереоскопиялық эффект және сстереоскопиялық модельдер алу жұмысы кезегімен таныстыру.

Жұмыс бойынша келесі тапсырманы орындау керек:



  1. Линза-айналы стереоскоппен таныстыру

  2. Стереоскоп арқылы тура, кері және нольдік стереоэффект алу

  3. Әртүрлі рельефтің аэрофотосуреттерін зерттей отырып, салыстыру



Тапсырманы орындау тәртібі:
1. Линзалы-айналы стереоскоптың құрылысымен танысу. Стереоскоптың астында стереопараны бағыттай отырып, стереоэффект алу. Ол үшін стереопараны стереоскоптың астына қабысуларын ішкі жаққа келтіріп, орналастырады да, оң суретті оң линзаның, сол суретті сол линзаның астына келтіріп, аэросуреттердің бастапқы бағыттары стереоскоптың ұзынабойлы өсіне (Х-ке) және бастапқы бағыттар бір-біріне параллель орналастырылады. Әр суреттің ортасынан бір жақсы көрінетін контурды таңдап алып, сол және оң көзбен монокулярлы, яғни, әр көзбен бөлек-бөлек сол контурға қарау керек. Сосын аэросуреттерді жылжытып түзете отырып, сол контурға екі көзбен стереоскопиялы қарау керек. Аэросуреттер түсіргендегі қалпына келгенде, көздерің стереоскопиялық қарауға машықталған кезде түсірілген жердің стереоскопиялық моделі пайда болады. Өзгермейтін, берік стереоэффект алу үшін, аэросуреттерді қозғап, бұрып екі суреттегі жердің көлемі (рельефі) моделі көрінеді. Ойпат – ойпат болып көрінеді. Осы кезекпен басқа жерлердің де стереопаралары қаралады (таулы аймақтар, жазықтар, жер пайдаланулары, автомобиль жолдары, көпірлері өткел, орман, темір жол т.б жерлер).



9 – сурет. Аэросурет орны: а) тура стереоэффект; б) кері стереоэффект; в) нөлдік стереоэффект.


2. Сол көзбен сол суретті, оң көзбен оң суретті қарағандағы стереоэффект – тура стереоэффект деп аталады, онда жер өзгермей нақты көрінеді. Егер орындарын ауыстырып, сол көзбен оң суретке, оң көзбен сол суретке қараса – кері стереоэффект пайда болады. Кері стереоэффект пайда болуы үшін аэросуреттің орнын ауыстыру керек. Онда аэросуреттердің қабысқан жақтары шетке шығып кетеді. Студенттер сол суретті қайтадан қарап, кері стереоэффект алулары керек. Кері стереоэффектте жер моделі аударылып көрінеді, тау – ойпат болып, ал ойпат тау болып көрінеді. Нөлдік стереоэффектіде жердің беті теп-тегіс болып көрінеді. Ол үшін тура стереоэффекттегі жағдайдағы аэросуреттерді стереоэффектісін жоймай, стереоскопиялық көрінісін байқай отырып, ек аэросуретті ақырын біріңғай өзінің жазығында жылжыта отырып, аэросуреттердің Х-өсі, стереоскоптың негізгі бойлық өсіне перпендикуляр болғанша бұрады. Кеңістік көрінісі мүлдем кішірейе келе жоқ болады, мұндай стереоэффект нөлдік стереоэффект деп аталады.


Студенттер стереоэффектінің барлық түрлерін бақылауы керек және обьектілердің әр стереоэффектдегі орындарын салыстыруы керек. Дәптерлерінде схемамен әр стереоэффектідегі аэросуреттердің орнын көрсетулері керек.
3. Берілген түрлі фотосуреттер арқылы студенттер тура, кері және нөлдік стереоэффекттерді бақылап, кейбір рельефтері әртүрлі стереопараларды зерттеулері керек.

8 практикалық жұмысты орындау үшін қысқаша әдістемелік нұсқау


Фотограмметриялық өлшеу жұмстарының негізгі обьектісі – стереоскопиялық модель.
Кейде, далада жер бетінде өлшенетін геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық жерге орналастыру, тағы басқа инженерлік ізденістердің орнына стереоскопиялық модель бойынша жасалған өлшеулердің дәлдігі жеткілікті болады. Стереомодель әртүрлі тәсілдермен алынады.
Стереоскопиялық модель алудыың негізі – суреттерден бақылаушының көзіне келетін сәулелерді екіге айыру: сол суреттен - сол көзге, оң суреттен оң көзге. Сәулелерді бөлу әртүрлі стереофотограмметриялық аспаптармен әртүрлі жасалады. Стереоскоппен – стереомодель алу ең қарапайым және көп стереофотограмметриялық аспаптарда қолданылатын тәсіл.
Әдетте, байқау әрқашанда тура стереоэффекте жасалады. Әрдайым стереопараларды стереоскоппен тура стереоэффектпен қарап, дағдыланған студенттерге басқа күрделі стереоаспаптармен /дифференциалды және әмбебап әдісті/ жұмыс істегенде оңай болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет