Тақырыбы: Хақназар хан және оның ішкі сыртқы саясаты



Дата24.12.2022
өлшемі15,24 Kb.
#59430

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Мәнжазба


Тақырыбы:Хақназар хан және оның ішкі сыртқы саясаты

Орындаған:Cәтжанқызы Аружан-Пимно-202


Тексерген:Қалыбаева.А

Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.[1][2]

Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
Хақназар хан — (1538 — 1580жж) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын - қыстау, әскери - саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығындағы дағдарыс ұзақ уақытқа созылады. Себебі хандықтың ішіндегі талас - тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретеді, құлдырай бастайды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін таққа:
Мамаш (1518 - 1523 жж)
Тақыр (1523 - 1533жж)
Бұйдаш (1533 - 1534жж) сынды хандар отырады. Бұл хандар тұсында қазақ хандығы ішкі - сыртқы талас тартыс нәтижесінде хандықтың жағдайы төмендеп кетеді. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын жақсартуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.

II. Хақназар ханның саясаты


Ішкі саясаты Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты. Батыста Ноғай ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым - қатынас орнатты. Әкесі Қасым ханның жақсы қасиеттерін алған. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түскен.
Сыртқы саясаты
Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен Орыс мемлекетімен бейбіт қарым - қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу - Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес ХVI ғасырдың 50 - 60 жылдарында болды. бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ - қырғыз одағын пайдаланды. Соғыс қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Моғолстан ханы Абд - ар Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырламады.

III. Қазақ – өзбек хандықтарының қарым - қатынастары.


XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылы жорықтары жиілеп кетті. Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан хандықтың сыртқы саясатын өзгертті. Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, Бұхар ханы ІІ Абдалах пен қазақ хан Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт» жасасты. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады.

1570 жылы өзбек ханы Абдалах пен Ташент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін тартыс басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдалах хан Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды сыйға береді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын қазақ ханына тарту етеді. Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдалах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жібереді. Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет