Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «273 орта мектебі»



бет1/8
Дата16.01.2023
өлшемі0,63 Mb.
#61435
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ҚМЖ қазан




ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «273 ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ТАҚЫРЫБЫ: «АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ»
(МЕРЗІМІ: 03.10.2022 ЖЫЛЫ 6 «Б» СЫНЫП)



Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е


Байқоңыр, 2022 ж.

Бекітемін


мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________Бакиева З. М.
«___» ______2022ж.



Сыныбы: 6 «Б»

Уақыты: 18:10

Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е

Кабинеті: 303

Мерзімі: 03.10.2022ж.

Сынып сағатының тақырыбы:

Адамгершілік – асыл қасиет



Сынып сағатының мақсаты:

Оқушы бойына кішіпейілділік, мейірімділік, ізеттілік, сабырлылық қасиеттерін қалыптастыру

Сынып сағатының міндеті:

Оқушыларға адам бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болуды үйрету

Бағалау критерийлері:

Өз ойын еркін жеткізе алады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сынып сағатының түрлері:

Сұрақ-жауап

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

АКТ, көрнекті суреттер

Сынып сағатының өтілу барысы:

Басы:

Ортасы:

Соңы:

Мұғалім сөзі:
Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет