Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім» Мақсаты



жүктеу 255.3 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2017
өлшемі255.3 Kb.

Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім» 

 

Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің ӛмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. 

Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп 

құқықтық сауатқа тәрбиелеу, ӛз ойларын еркін айтуға үйрету. 

Көрнекілік : Интербелсенді тақтаның кӛмегімен дайындалған слайдтар, 

қанатты сӛздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары. 



Тәрбиелік шараның жүрісі:  

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Халық даналығы.Мақал-мәтелдер мағынасын ашу. 

ІІІ. Сұрақ-жауап.Пікірталас. 

IV. Ойлан тап. 

V.Қорытынды. 



І. Ұйымдастыру кезеңі: 

Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, 

тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі 

болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда 

тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық 

тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық 

бұзушылық орын ала бастады. 

Құқық бұзушылық — қоғам ӛміріне тән дерт. Адам баласы ӛмір сүрген 

ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық 

— заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, 

тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, 

мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам ӛзінің іс-әрекеті, қылығы 

арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. 

Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі 

заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, 

сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен ӛтіп, 

бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың 

арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке 

тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе 

әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-

қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының 

талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. 

ІІ. Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, 

мағынасын ашу) 

1.«Ісін ӛндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.» 


2. «Ұяда не кӛрсең ұшқанда соны ілерсің.» 

3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай 

қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.» 

4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.» 

5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер 

6 Біреуге ор қазба, ӛзің түсесің. 

7. Ұрлық түбі, қорлық. 

8. Қолыңмен істегенді, мойныңмен кӛтер. 

9. Заңды сыйлаған, еркін жүреді. 

ІІІ. Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары бойынша 

сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады) 

1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не? 

Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған 

тәртіптік шара. 

2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? 

- Жеке (азаматтық) 

- Саяси 


- Экономикалық 

- Әлеуметтік 

- Мәдени т.б. 

3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?  

Туылғаннан беріледі 

4. Оларды орындау үшін не қажет?  

Міндеттерін орындау 

5. Адамның негізгі құқығы?  

Ӛз құқықтарын пайдалану құқығы 

6. Құқық қашан және қайда пайда болды?  

Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады. 

7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?  

Бостандық – бұл таңдау 

8. Бостандықты не шектейді?  

Бостандық және ӛз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -

Бостандықты шектеу әр адамның саналығында 



IV. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын 

табу.) 

1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы. 

2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет 

 


басшысы 

3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым 

4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік 

5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі 

6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган 

7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу 

8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны 

Дұрыс жауабы: 

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г 

V.Қорытынды 

Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. 

Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен 

қарап, ӛз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін 

ӛмір кӛрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу 

үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру 

қажет 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: download -> internat
internat -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
internat -> Сабақтар "Қазақ хандығының құрылуы" "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
internat -> Оқу жылы Сыныпта-16 оқушы Қазақ тілі. Пәнді оқыту мақсаты: т
internat -> Мақсаты: -оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұ
internat -> Бастауыш сыныптардың түрлі-түсті апталығы
internat -> Сабақтың жоспары Мұғалім: Ахмедиева М.Қ Пән: Қазақстан тарихы. Сынып: 7
internat -> Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында Наурыз мейрамын өткізу туралы есеп
internat -> Қала / аудан Іс-шараның атауы Өткізілетін орны Мерзімі Оқушыла
internat -> «Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру» 2014-2015 Менің өзін-өзі жетілдіру тақырыбым «Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру»
internat -> Тіл – ұлттың жаны,асыл қазынасы. Қазақстан халқының Тілдері күндері қарсаңында «Тіл –ұлттың жаны, асыл қазынасы»


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет