Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
ОБӨЖ
Тақырыбы: Идеалды мұғалім моделін жобалау.
Орындағандар: Ташиева Анажан
Қабылдаған:Садуова Жанар
Тобы:ЖБЛ-911
2021-2022
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Идеалды мұғалім түсінігне анықтама беріңіз.
2. Қазіргі таңда мұғалім қызметінің алатын орны .
3. Педагогикалық шеберлік.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек. Бұл талап мұғалімдер қауымына да қатысты.
Сонымен ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?
1. Тәуекелшіл
Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.
2. Психолог
Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кем, бірін артық көрмегені абзал.
3. Білікті педагог
Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.
4. Көшбасшы
Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
5. Заманауи технологияны игреу
Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады.
6. Рухани бай болу керек
Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес.
7. Әмбебап мұғалім
ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді.
8. Интеллигент
Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды. Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.
Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе имиджде.
Идеалды бейненің құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраудағы идеалды бейне:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
Қазіргі қазақ қоғамында ұстаз мамандығы өзінің мәртебесін жоғалтып отыр, оны өзімізге қайтарып алу керектігінше күмән жоқ. Әрине мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу керек. Бірақ ұстаздың идеалды бейнесі және ата - аналар мен оқушылардың педагогқа деген көзқарасын тек экономикалық фактор ғана анықтай алмайды ғой. Осыған орай педагогтың өзі не істей алды? Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда былай жауап берер едік.
Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке өзіндік бейнесіне байланысты. Жалпы идеалды болудың құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады:
- Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану)
- визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі.
- Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар
- тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі. Сонымен, педагогтың идеалды болуы мынандай құрамнан тұрады:
Жеке және тұлғалық қасиеттер
Коммуникативтік қасиеттер
Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері. Жаңа қоғам педагогтың идеалды болуына жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар:
- балаларды жақсы көру
- мейірімділік
- шынайылық
- тілдесе алу икемділігі
Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде
өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс. Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады. 2 сұрақ Кәсіби даму кезеңдері:
Педагогтың кәсіби даму және тұлғалық әлеуті деңгейінің дамуына мүмкіндік береді, өйткені, мұғалімнің даму дәрежесі, мектептің даму сапасынмен анықталады. Батыс елдеріне белгілі американдық ғалымдар Виллис Д.Холи және Линда Валли зерттемелеріне сүйенсек, педагогтардың кәсіби дамуындағы біліктілігін арттырудың жаңа 2 бағытын атап көрсетеді: Біріншісі, педагогтың оқыту және кәсіби-педагогикалық іс әрекетінің интеграциясы. Бұл, педагогтың тұлғалық және кәсіби өсу үдерісінің сапалық нәтижесі. Екіншісі, оқыту үдерісін басқаруды демократизациялау. Мұның негізі педагог алған білімін, кәсіптік жоғары деңгейде белсенділік таныта отырып, іс-әрекетте қолдана алуының сапасы – дейді ғалымдар. Сапалық білім беру жағдайында ең алдымен мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру басты қажеттілік: ол, білім беру саласындағы жаңалықтарды ендіру, жаңалықты ендіру құндылықтары, білім беру саласына жаңалық ендіру концепциялары, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру заңдылықтары, ғылыми-әдістемелік жұмыс, озат педагогикалық тәжірибе мен инновациялық педагогикалық технологияларды үйрену, жинақтау, пайдалану, инновациялық психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижесін іс-тәжірибеге кеңінен ендіру, әртүрлі инновациялық психологиялық-педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысқан іс-әрекетін жүзеге асыру; педагогикалық инновациялық қозғалыс, инновациялық зерттеушілік ізденістер және т.б.
Мұндай іс-әрекеттер мұғалімдердің кәсіби биіктер сапасын көтеруге толық теориялық-әдістемелік тұрғыда қажеттілігі мол. Педагогтардың кәсіби-біліктілік сапасын арттыру төмендегідей өзгешеліктермен сипатталады Оқыту әрекеті барысында қарым-қатынастың демократиялық стилі қолданылады, танымдық әрекетті белсендіру үшін авторлық тәсілдер қолданады, ол педагог тұлғасының өзіндік ерекшелігіне мысал болады. Мұғалімнің кәсіби әрекетінің тұтастығы: аудиториялық, аудиториядан тыс және ізденіс жұмыстарының өзара байланыстылығы.
Дүниетанымның кеңдігі, эмпирикалық білімнің шығармашылық интерпретациясының іргелі теориялық дайындықпен үйлесімділігі. Осындай жағдайда педагогтың кәсіби біліктілік деңгейі өте жоғары шығармашыл сатыда болса, онда ол, жаңа ақпараттық біліктілік деңгейі қалыптасады;
ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
оқытудың электрондық жүйелерінің әдістемесін жетілдіреді; педагогтың өзіндік электрондық портфолиосы моделі мен басқару менеджменті үрдісті қолданады; тілді меңгеруге (көптілділік) өмір сүру этикеті мен қарым-қатынас (синергизм) нормасын игереді; өзінің қабілетін сай нәтижелі бағытқа (позицияға) жетуге зор мүмкіндігі бар және т.б.
Біліктілікті арттырудағы педагогтың даму мүмкіндіктерінің сапасы: жаңа парадигмалы жағдайдағы білім берудегі кәсіби біліктілікті дамытады; білім берудегі сапа менеджментін енгізу мәселелерінің шешімін іздестіру,
ақпараттық, коммуникативтік және интеллеуталдық мүмкіндіктері жоғарлайды; өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілеті тұрақталады, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, тәуекелшіл, сарапшы бола алады. Қорыта келе, жоғарыда аталған сандық, сапалық индикаторлар біліктілік арттыру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда білім берудің сапасын шешуге ықпал етеді деп ойлаймыз.
Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды. Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:
- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;
-педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;
-бақылағыштығы;
-педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;
-педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; қарым-қатынас жасай алуы;
-ұжымшылдық;
-шығармашылығы және т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:
- Байқағыштық
-Ілтипаттылъқ.
-Сенім.
-Әділдік, төзім және сабыр сақтау. Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби
маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы. Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ- педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |