Мазмұны: Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері



бет1/3
Дата21.02.2023
өлшемі0,52 Mb.
#69801
  1   2   3
Байланысты:
5 дәріс


Мектептегі жаңашылдықты басқару
Орал, 2022 ж
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Мазмұны:


2. Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері.
1.Мектептегі жаңалық және жаңашылдық
процесі
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және «инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып табылады.
Жаңашылдық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағыттама және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру процесі. Ал инновациялық процесс жаңалықтың өмірге келуі, оны меңгеру, пайдалану және тарату процесімен сипатталады.
ғалымдар мен практик-мұғалімдердің бірлескен шығармашылық ізденістері .
инновациялық – ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұнын, жаңа формасы мен әдістерін, жаңа ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру;
жаңашылдық – педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыратын жаңа әдістер мен формаларды табу;
өнертапқыштық – кіріктірілгеннен және педагогикадағы белгілі әдіс тәсілдер, формаларды түрлендіру, зерттеулер жүргізу;
ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс тәжірибенің мән мағынасын В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В. Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, К.Н.Волков және т.б. ғалымдар ашты және олардың негізгі түрлері нақтыланды:

Инновациялық іс-әрекет – индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарама қайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс.
Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге
мұғалімдерді дайындау (М.М.Поташник,
Н.Р. Юсуфбекова, И.И.Цыркун, Я.С.Турбовской, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, С.Н.Лактионова, Н.К.Ахметов және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет