Семинар-12 Тақырыбы: Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру



Дата06.04.2023
өлшемі102,01 Kb.
#79907
түріСеминар
Байланысты:
Ñåìèíàð-12 Òà?ûðûáû Ìóçûêàëû? ýñòåòèêàíû? ?àëûïòàñóûí ?àç³ðã³ ì



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Семинар-12
Тақырыбы:Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
Факультеті: физика-техникалық
Орындаған: Өтеқұлов М
Тексерген: Бекен Н

2020-2021 оқу жылы



1-Сұрақ
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
2-сұрақ
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.
3-сұрақ
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
4-сұрақ
Философия – ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі.Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.
5-сұрақ
Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін, рәміздік ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан үрдістермен айқындалады. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылуда. Оған Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Тарихи құндылықтарымызды барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр, – деген сөзі айғақ.
6-сұрақ
Қазақ халқының адам мен дүние жүзі арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейді. Қазақ эстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды.
7-сұрақ
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді.Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады.Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет