Тақырыбы: Жолаушы тасымалдау көлемі, жолаушыайналымы мен жолаушыағыны және оларды зерттеу тәсілдері Жоспар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі211,52 Kb.
#100232
  1   2   3


Тақырыбы: Жолаушы тасымалдау көлемі
жолаушыайналымы мен жолаушыағыны және оларды зерттеу 
тәсілдері 
Жоспар: 
1. Жолаушылар ағынының жалпы түсініктері 
2. Жолаушы тасымалдау көлемі 
3. Жолаушыайналымы мен жолаушыағыны 
4. Жолаушыағынын зерттеу тәсілдері 
1. 
Жолаушылар ағынының жалпы түсініктері 
Автомобилдік-көліктік 
жұмыс 
екі 
негізгі 
көрсеткішпен 
сипатталады: тасымалдау көлемі мен жүк айналымы немесе 
жолаушылар айналымы. Тасымалдау көлемі белгілі бір уақыт 
аралығында тасымалданған немесе тасымалдануы қажет жүктің
шамасы немесе жолаушылар санын көрсетеді, ал жүк айналымы 
(жолаушылар айналымы) – ол жүк немесе жолаушыларды тасымалдау 
бойынша көлік жұмыстарының көлемі. 
Автомобиль көлігінің жүк айналымы немесе жолаушылар 
айналымының артуы мен оны қолдану тиімділігі техникалық-тасымал, 
жылжымалы құрам жұмысының сапалық көрсеткіштер деңгейін 
жақсартуды талап етеді. 
Жаңа маршруттар бойынша жылжымалы құрам қозғалысын 
қамтамасыз етуші тасымалдарды маршруттандыру, бос жүрісті 
төмендету, жүрісті пайдалану коэффициентін көтеруге мүмкіндік 
береді, яғни, автомобилдер өнімділігін арттыруға. Бұл сонымен қатар 
автомобилдер тасымалының өзіндік құнын, халық шаруашылығындағы 
көліктік шығындарды азайтуға маңызды әсерін тигізеді, сонымен бірге 
жүргізушілердің еңбек ақысы мен тасымалдар тиімділігін арттырады. 


Жолаушылар ағыны деп автобусты маршрут аялдамалары 
аралығындағы жолдың әрбір кесіндісінде немесе жалпы желі бойынша 
уақыт бірлігінде бір бағыттағы барлық автобустық маршруттар мен 
тасымалданатын немесе тасымалдануы қажет жолаушылар санын 
атайды. 
Жолаушылар ағыны сипатталады: 
а) маршруттың жеке аймақтары немесе жалпы ұзындығы 
бойынша қызу қарқынды жүрісімен, ол жылжымалы құрамның 
толықтығы немесе автобустар қозғалысының уақыт бірлігінде тікелей 
және кері бағытындағы маршруттың әрбір аймағы бойынша 
тасымалданушы жолаушылар санымен анықталады; 
б) тасымалдар көлемімен, яғни жалпы маршрут бойынша 
тасымалдалынған жолаушылар саны немесе уақыт бірлігінде тікелей 
және кері бағытындағы маршрут желісі. 
Жолаушылар ағынын график, картограмма, эпюра немесе кестеде 
белгілеп көрсетеді. 
Әдеттегідей, жолаушылар ағыны тәуліктің әр уақытында, сонымен 
бірге маршрут аймақтары мен автобустар қозғалысы бағыттары 
бойынша бірдей емес. 
2. Жолаушы тасымалдау көлемі 
Желі 
бойынша 
жолаушылар 
ағынын 
үлестіру 
тұрғын 
массивтеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік және мәдени 
орталықтарға қатысты қала жоспары бойынша маршруттардың 
орналасуына байланысты. Көптеген қала ішіндегі маршруттар, әсіресе 
диаметрлі маршруттар үшін бастапқы пункттен аяққы пункт бағытында 
жолаушылар ағынының көбеюі тән. 
Егер жалпы қала бойынша жолаушы ағынының картограммасын 
құратын болсақ, яғни көлік схемасына барлық маршруттар бойынша 
жолаушылар ағынының қызулығын енгізетін болса, онда қаланың 


орталық бөлігіндегі желі аймақтарының перифериялыққа қарағанда 
көбірек жүктелгенін көруге болады. 
Жолаушылар ағынының уақыт бойынша ауытқуы автомобилді 
тасымалдың әр түрі үшін ерекше болып келеді. Қала ішіндегі автобусты 
тасымалдарда жолаушылар ағыны тәулік сағаттары бойынша күрт 
ауытқиды, яғни, халықтың жұмысқа бару мен жұмыстан қайту 
уақыттарында елеулі түрде өсіп және таңертеңгі, күндізгі және кешкі 
“Пик аралық” сағаттарда төмендейді. 
“Пик” уақытында (таңертеңгі және кешкі) тәулік бойынша 
тасымалданатын жолаушылардың жартысына жуығы тасымалданады. 
Негізінен, кешкі “пик” аралығында жүріп өтетін жолаушылар саны 
жоғары және кешкі тасымалдар максимум уақыты таңертеңгіге 
қарағанда ұзағырақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет